39
Біріншіден,
ғылым деп табиғат, қоғам, қоршаған ортаны ойлау және
тану туралы жаңа білімді жүйелендіруге және әзірлеуге бағытталған адамзат
қызметінің саласын айтады.
Екіншіден,
ғылым осы қызметтің нәтижесі, яғни алынған ғылыми білім
жүйесі ретінде танылады.
Үшіншіден,
«ғылым» ұғымы білімнің белгілі бір тармақтарын белгілеуге
қолданылады.
Төртіншіден,
ғылымды мәдениет тармағы ретінде ұғынамыз.
Мәдениеттің әр кезеңде және әр халықта бола бермегені жақсы белгілі.
Тарихи даму барысында ғылым қоғамның өндіргіш күшіне және маңызды
әлеуметтік институтына айналды. Бұл мағынада ол ғылыми ұйымдар мен
ғылыми қоғамдастық мүшелерінің арасындағы өзара байланыс жүйесін
білдіреді, сондай-ақ ғылыми ақпарат жүйесін, ғылыми нормалары мен
құндылықтарын және т.б. қамтиды.
Ғылым дамуы деректерді жинақтаудан, оларды оқып-зерттеу және
жүйелендіру, жалпылау және кейбір заңдылықтарды ашудан басталып,
байламды, қисынды, көрікті ғылыми білімдер жүйесіне айналады. Мұндай
жүйе белгілі деректерді түсіндіруге және жаңа фактілерге болжам жасауға
мүмкіндік береді. Таным жолы сезінуден абстрактілі ойлауға және практикаға
деген беталыспен анықталады.
Таным үрдісі деректер жинақтауды қамтиды. Жүйелендірусіз және
жалпыламаусыз фактілерді логикалық ұғынусыз, бірде бір ғылымның өмір
сүруі мүмкін емес. Фактілер ғалым үшін қажет материал болғанымен, өз
алдына олар ғылым бола алмайды. Тек жүйелендірілген, жалпыланған түрде
ғана фактілер ғылыми білімдердің құраушы бөлігіне айналады. Фактілерді
қарапайым
абстракциялар
болып
келетін
анықтамалар
көмегімен
жүйелендіріп жалпылама жасайды. Анықтамалар ғылымның маңызды
элементтері болып табылады.
Білімдердің маңызды формасына постулаттар мен аксиомалар жатады.
Қағидаларды қандай да ғылым саласының бастапқы жайттары деп ұғынамыз.
Олар білімдерді жүйелендірудің бастапқы формалары болып табылады.
Ғылым жүйесінің маңызды құраушы бөлігіне ғылыми заңдар жатады. Ғылыми
заңдар табиғат, қоғам және ойлау процесінің маңызды, орнықты,
қайталанатын объективті ішкі байланыстарын бейнелейді. Білімді жалпылау
мен жүйелендірудің ең биік шыңы болып теория танылады. Теория
жалпыланған тәжірибе жөніндегі ілім болып саналады. Бұл ілім болып жатқан
процестер мен құбылыстарды жалпылауға мүмкіндік беретін ғылыми
қағидалар мен құбылыстарды тұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: