Тапсырмалар
1-тапсырма. Мына амалдардың қайсысы плагиат, қайсысы плагиат емес
екендігін дәлелдеңіз.
№
Амалдар
Плагиат
Плагиат
емес
1
Біреудің ойын қолданған кезде сілтеме бермеу.
2
Мақаладан бірнеше сөйлемді көшіріп алып,
сілтеме жасамау.
3
Жалпыға ортақ пікірлерді қолданғанда сілтеме
бермеу. Мысалы: Қазақстандағы құрғақшылық
– мемлекеттік деңгейдегі мәселе.
4
Өз зерттеуіңіздің нәтижесін баяндау.
5
Автордың мақаласынан тікелей ойларын сол
күйінде алу және оған сілтеме беру, бірақ
тырнақша белгісін қолданбау.
6
Курстасыңыздың дипломдық жобасының бір
азат жолын сілтеме жасамай қолдану.
2-тапсырма. Кестедегі әрекеттердің дұрыс немесе бұрыс екенін
анықтаңыз.
35
№
Әрекеттер
Дұрыс
Бұрыс
1
Мен бір жұмысты екі түрлі пәнге тапсыра
аламын.
2
Мен курстас досымның дипломдық жобасын
қолдана аламын.
3
Мен
интернеттен
алынған
ақпараттарды,
олардың қайдан алынғанын көрсетпей-ақ,
дипломдық жобамда қолдана аламын.
4
Мен осы кезге дейін жарияланған мақаламның
атауын (тақырыбын) өзгертіп, басқа бір
журналға жариялай аламын.
5
Мен біреуге дипломдық жобамды тексертіп,
түзетулер енгізе аламын.
3-тапсырма. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, мәтінді
кеңейтіңіз.
«Этика», «мораль», «адамгершілік» – бастапқы мәнде әртүрлі сөздер
болғанымен, бір терминдік ұғымдар. Уақыт өте келе бәрі өзгерді, мәдениет
дамыды. Этика – білім, ғылым саласының басты тармағы, мораль – сол
салаларды оқытатын пән болып табылады...
4-тапсырма. Берілген кестедегі әдеп мәселелерінің дұрыс немесе бұрыс
екенін анықтап, ойыңызды дәлелдеңіз.
№
Әдеп мәселелері
Дұрыс
Бұрыс
1
Оқытушы өз студенттерін зерттеуге қатысуға
мәжбүрлей алады.
2
Зерттеуге қатысудан кез келген уақытта бас
тартуға болады.
3
Зерттеуге
қатысушы
зерттеу
жобасына
байланысты шағымдана алмайды.
4
Зерттеу
жүргізілмес
бұрын
этика
комиссиясынан
рұқсат
алып,
зерттеу
департаментіне хабарлау керек.
5
Егер
зерттеуге
достарыңызды,
курстастарыңызды немесе оқытушыларыңызды
қатыстыратын
болсаңыз,
олардан
ақпараттандырылған келісім алу қажет.
5-тапсырма. Өзіңізді этикалық комиссия мүшесі ретінде санап,
төмендегі зерттеу үшін берілген ұсыныс бойынша қойылған сұрақтарға жауап
беріңіз.
Асқар студенттердің емтиханға дайындық кезінде классикалық әуендер
тыңдауы оларға оң әсерін тигізеді деп есептейді. Ол студенттердің бір тобына
36
емтиханға дайындалу барысында классикалық әуендерді тыңдауды, ал екінші
тобына тыңдамау жөнінде ескерту жасауды жоспарлап отыр. Олардың
емтиханнан алған балы тәуелді айнымалы ретінде қарастырылатын болады.
1.
Мұндай ұсынысты бекіту үшін зерттеушіден қандай қосымша ақпарат
сұрайтын едіңіз?
2.
Зерттеу жұмысының пайдасы мен зияны қандай болуы мүмкін?
3.
Этикалық комиссия мүшесі ретінде бұл зерттеу ұсынысын қалай
бағалар едіңіз?
Бақылау сұрақтары:
1.
Ғылыми қауымдастық этикасының негізгі принциптері қандай?
2.
«Ғылыми этика» деген ұғымды қалай түсінесіз?
3.
Ғылыми шығармашылық бостандығының мәні неде?
4.
Ғылыми этика нормалары қандай?
5.
Ғылыми этиканың бұзылуы қандай жағдайда байқалады?
6.
Авторлық құқық дегеніміз не және ол қандай жағдайларда бұзылады?
7.
Жарияланымдарды дайындау кезіндегі ғылыми этика нормалары
қандай?
Біліміңізді тексеріңіз!
1.
Ғылыми этика
дегеніміз не?
а) ғалымдар арасындағы моральдық реттеу ерекшелігін зерттейтін пән
b) өндіріс саласындағы моральдық реттеу ерекшелігін зерттейтін пән
с) ғылыми саладағы моральдық реттеу ерекшелігін зерттейтін пән
d) студенттер арасындағы моральдық реттеу ерекшелігін зерттейтін пән
е) техника саласындағы моральдық реттеу ерекшелігін зерттейтін пән
2. Фундаменталды ғылыми зерттеулердің нәтижелерінде зияткерлік
меншік құқығы болмайды, себебі олар бүкіл адамзатқа тиесілі, тіпті автор да
ғылыми нәтижелерді пайдалануға тыйым сала алмайды, тек материалды
пайдаланған адам авторлық сілтеме ғана жасайтындығы қай нұсқаға жатады?
а) ғылыми шығармашылық бостандығы
b) ұйымдастырылған скептицизм
с)
ғылыми білімнің жаңалығы
d) ақиқаттың өзіндік бағалылығы
е) ғылыми жетістіктердің жалпыға бірдей болуы немесе ашықтығы
3. Авторлық құқықтың бұзылуына не жатады?
а) зерттеу әдістері мен идеяларды ұрлау
b) сілтеме жасау
37
с) төл сөзді қолдану
d) парафраз жасау
е) қорытынды жасау
4. Ғылымда біреудің сөзін немесе ойын, пікірін өз сөзі ретінде қолдану
қалай аталады?
а) дереккөз
b) плагиат
с) дәйексөз
d) сілтеме
е) плагиат емес
5. Әрбір 10-20 жыл сайын ғылыми білімнің барлық көлемі жаңартылып,
бүгінгі күндегі ғылыми нәтиже болып табылатын материалдар ескірген күйде
қалып, жаңа ғылыми нәтижелермен алмастырылатындығы қай нұсқаға
жатады?
а) ғылыми шығармашылық бостандығы
b) ғылыми жетістіктердің жалпыға бірдей болуы немесе ашықтығы
с)
ғылыми білімнің жаңалығы
d) ақиқаттың өзіндік бағалылығы
е) ұйымдастырылған скептицизм
6. Мақаланың авторлары ұсынылған нәтижелердің ғылыми растығы
үшін ... .
а) біреуі ғана жауап береді
b) барлығы толық жауап береді
с) ешкім жауап бермейді
d) жартысы жауап берсе болады
е) ешқайсысы жауап беруге міндетті емес
7. Этикалық нормаларға сәйкес авторлар тізімінде бірінші орында кімнің
аты-жөні жазылады?
а) идея авторы
b) орташа үлес қосқан автор
с) еш үлесі жоқ адам
d) тапсырманың аз бөлігін орындаған қызметкер
е) топ жетекшісі
8. Авторлық мәтіндерді рұқсатсыз пайдалану (плагиат), зерттеу әдістері
мен идеяларды ұрлау, мазмұнның бұрмалану әрекеті қалай аталады?
а) ғылыми этика принциптері
b) өзгенің жұмысына пайда келтіру
с) шынайы мәлімдеме
38
d) авторлық құқықтың қорғалуы
е)
авторлық құқықтың бұзылуы
9. Ғылыми этиканың принциптері қалай бұзылуы мүмкін?
а) ғылыми жұмыстарды ұқыпты қолданудан
b)
ғылыми зерттеулерді орынды қолданудан
с)
ғылыми негіздемелерді дұрыс қолданудан
d)
ғылыми әдістерді ұқыпсыз қолданудан
е) жұмыс нәтижелерін міндетті түрде жариялаудан
10. Ғылыми этиканы бұзғаны үшін бірлескен жауапкершілік нәтижесі
қандай болуы мүмкін?
а) ғылыми әдістерді қолдану құқығы
b)
ғылыми білімнің жаңалығы
с)
жалған жарияланымдардағы авторлық
d)
ғылыми жетістіктердің жалпыға бірдей болуы
е) жұмыс нәтижелерін міндетті түрде жариялау авторлығы
Достарыңызбен бөлісу: |