З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет27/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97
Байланысты:
Академ

5.2 Эмпирикалық зерттеу әдістері 
Танымның жалпы әдістерін үш топқа бөлуге болады: 
1) эмпирикалық зерттеу әдістері; 
2) эмпирикалық және теориялық деңгейде қолданылатын әдістер; 
3) теориялық зерттеу әдістері. 
Алайда әдістердің осы топтар арасындағы қырлар аздаған шамамен 
ғана ерекшеленеді. 
Эмпирикалық зерттеу әдістері. 
Бақылау
– бұл нысанды жүйелі, мақсатты қабылдау. Нәтиже оңды 
болу үшін бақылау келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: 
-
арнайы (бақылау белгілі бір, нақты қойылған міндет үшін жүргізіледі); 
-
жоспарлы (бақылау жұмыс міндеттері бойынша, жасалған жоспар 
бойынша жүргізіледі); 
-
мақсатты (тек қызықтыратын құбылыстар бақыланады); 
-
белсенді (байқаушы қажетті 
нысандарды, 
құбылыстың шегін 
белсенді іздейді);
-
жүйелі (бақылау үздіксіз немесе белгілі бір жүйе бойынша жүргізіледі). 
Таным әдісі ретінде бақылау алғашқы ақпаратты эмпирикалық 
тұжырымдардың жиынтығы түрінде алуға мүмкіндік береді. Эмпирикалық 
жиынтық шынайылық объектілерін алғашқы үлгілеуді құрастырады, бұл 
ғылыми зерттеудің бастапқы объектілері болып табылады. 
Салыстыру 
– бұл шынайы заттар мен құбылыстардың ұқсастығын 
немесе айырмашылығын анықтау, сондай-ақ екі немесе бірнеше объектіге тән 
ортақ болуды анықтау үрдісі. Салыстыру әдісі келесі талаптар орындалса, оң 
нәтижелі болады: 
-
олардың арасында белгілі бір объективті тұтастық болуы мүмкін және 
құбылыстар ғана салыстырылуы мүмкін; 
-
салыстыру аса маңызды (нақты міндет жоспарында) белгілер бойынша 
жүзеге асырылуы тиіс. 
Әртүрлі объектілер немесе құбылыстар өздерін қандай да бір үшінші 
объектімен (эталонмен) тікелей немесе жанама түрде салыстырылуы мүмкін. 


54 
Бірінші жағдайда, әдетте, сапалы нәтижелер алынады (көп-аз; жоғары-төмен). 
Сол нысандарды эталонмен салыстыру сандық сипаттамаларды алуға 
мүмкіндік береді. Мұндай салыстырулар 
өлшеу 
деп аталады. Салыстыру 
арқылы нысан (объект) туралы ақпаратты 2 жолмен алуға болады: 
1)
салыстырудың тікелей нәтижесі (бастапқы ақпарат); 
2)
бастапқы деректерді өңдеу нәтижесі (қайталама немесе туынды 
ақпарат). 
Өлшеу 
– өлшеу бірлігі арқылы кейбір шаманың сандық мәнін анықтау. 
Өлшеу мынадай негізгі элементтердің болуын көздейді: өлшеу объектісі, 
көрсеткіш, өлшеу аспаптары, өлшеу әдісі. Өлшеу салыстыру операциясынан 
дамиды, дегенмен ол күшті және әмбебап танымдық құрал болып табылады. 
Эксперимент (тәжірибе) 
– бұл зерттеуші жасанды жағдайлар жасау 
немесе тиісті қасиеттерді анықтауда қажетті табиғи жағдайларды пайдалану 
жолымен оған белсенді және мақсатты әсер ететін объектіні зерттеу әдісі. 
Бақылаумен 
салыстырғанда 
объектіні 
эксперименталды 
зерттеудің 
артықшылықтары келесідей: 
-
эксперимент барысында негізгі үдерісті қараңғылайтын жанама 
факторларды жою арқылы «таза түрде» құбылысты зерттеуге болады; 
-
эксперименталды жағдайларда объектілердің қасиеттерін зерттеуге 
болады; 
-
эксперименттің қайталануы, яғни қажет болғанша сынақты қайтадан 
өткізуге болады. 
Эксперимент келесі жағдайларда жүргізіледі: 
-
объектінің бұрын белгісіз қасиеттерін табу әрекеті кезінде; 
-
теориялық құрылыстардың дұрыстығын тексеру кезінде; 
-
құбылысты көрсету кезінде. 
Ғылыми зерттеуде эксперимент және теория бір-бірімен байланысты 
болып келеді. Экспериментті елемеу қателіктерге әкеп соқтырады, сондықтан 
эксперименталды зерттеулерді жан-жақты өрістету бүкіл заманауи ғылымның 
дамуының ең маңызды жолдарының бірі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет