50
3. Тақырыбыңызды қазіргі кезде өзекті деп санайсыз ба? Ойыңызды
дәлелдеңіз.
4. Тақырыптың қандай пайдасы бар?
6-тапсырма.
Алматы энергетика және байланыс университеті
Хабаршысында жарияланған мақалалардың біреуі бойынша тақырыптың
өзектілігін жазыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1.
Ғылыми зерттеу және оның маңызы.
2.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері қалай
анықталады?
3.
Ғылыми бағыт, ғылыми мәселе дегенді қалай түсінесіз?
4.
Ғылыми-зерттеу тақырыбы қандай болуы тиіс?
5.
Зерттеу объектісі мен пәнінің ғылыми-техникалық мәтіндерде берілуі.
Біліміңізді тексеріңіз!
1. Табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білім алуға бағытталған
зерттеу саласы қайсы?
а)
ғылым
b) білім
с) ілім
d) оқу
е) пікір
2. Табиғат, қоғам, ойлау және танымдық қозғалыс заңдарын ашу
қайсына жатады?
а) білім беру сапасына
b) ғылымның міндеттеріне
с)
қалыптасу заңдылықтарына
d) білім деңгейіне
е) оқыту формасына
3. Ғылымның мақсаты не?
а) рухани мәдениеттің маңызды бөлігі
b) алынған білімді жүйелеу
с) субъективті және объективті әлем туралы білімді алу, меңгеру
d) қоғамның өнімді күші болып табылады
е) әлеуметтік институттардың жиынтығы
51
4. Білімді жалпылау мен жүйелендірудің ең биік шыңы не?
а) теория
b) практика
с)
заңдылық
d) жаттығу
е) тапсырма
5. Ғылымды саласына, пәніне және таным әдісіне байланысты қандай
топтарға бөледі?
а) табиғат; ұйым; ойлау және
таным
b) табиғат; қоғам; ойлау және таным
с) табиғат; қоғамдық қатынас; бақылау және таным
d) табиғат; индивид; түйсіну және сана
е) жасанды; жеке адам; кеңістік және материя
6. Ғылым субъектісі –
а) ғылым
b) пән
с) ғалым
d) заңдылық
е) қасиет
7. Практикамен байланысқан ғылымдарды қандай топтарға бөледі?
а) объективті және субъективті
b) даму және өмір сүру формасы
с) іргелі және қолданбалы
d) процесс немесе құбылыс
е) қасиеттер мен даму заңдылықтары
8. Іргелі ғылыми зерттеулер дегеніміз не?
а) жаңа білім бере беруге арналған эксперименттік не теориялық қызмет
b) біліктілікті көтеруге бағытталған
эксперименттік не теориялық
қызмет
с) ескіше білім алуға бағытталған эксперименттік не теориялық қызмет
d) жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік не теориялық қызмет
е) жаңа білімді студенттерге насихаттауға арналған теориялық қызмет
9.
Қолданбалы ғылыми зерттеулер
дегеніміз не?
а) бұрынғы білімді қолдануға
бағытталған зерттеулер
b) шетелдік білімді қолдануға бағытталған зерттеулер
с) тәжірибені өндірісте өтуге бағытталған зерттеулер
d) жаңа білімді қолдануға бағытталған зерттеулер
е) жаңа білімді қолданбауға бағытталған зерттеулер
52
10. Тақырыптардың өзектілігін анықтау деген не?
а) ғылым мен техниканың өрлеуі үшін олардың қазіргі кездегі
құндылығы
b) ғылыми зерттеу нәтижесінде ұсынылған шешімдер
с) ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі
d) зерттеудің маңызды саласын қамтитын күрделі ғылыми міндет
е) ғылыми зерттеудің белгілі бір саласын қамтитын ғылыми жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: