65
-
жағдайларды қалыптастыру тәсілі бойынша;
-
зерттеу мақсаттары бойынша;
-
өткізуді ұйымдастыру бойынша;
-
зерттелетін объектілер мен құбылыстардың құрылымы бойынша.
Зертханалық тәжірибе.
Зертханалық жағдайда әртүрлі құралдарды,
арнайы модельді қондырғыларды, стенд және
жабдықтарды қолдану арқылы
жүргізіледі. Әдетте, зертханалық тәжірибелерде объектінің өзі емес оның
жобасы зерттеледі. Бұл – тәжірибені қайталау арқылы бір сипаттаманың
басқалай түрленгендегі әсерін зерттеуге, уақыт пен қордың аз шығыны мен
жақсы ғылыми ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Бірақ мұндай тәжірибе
зерттелетін үрдістің жүрісін толық көрсетпейді, сондықтан жаратылысты
тәжірибені жүргізу қажеттілігі туады.
Жаратылысты тәжірибе
– табиғи жағдайларда нақты объектілерге
орындалады. Тәжірибенің бұл түрі көбінесе дайындалған жүйені жаратылысты
сынау үрдісінде қолданылады. Сынақты орындау
жеріне байланысты табиғи
тәжірибелер өндірістік, өрістік-полигондық, жартылай жаратылысты және т.б.
болып бөлінеді. Жаратылысты тәжірибе мұқият жоспарлауды және
ойластыруды, зерттеу әдістерін рационалды таңдауды қажет етеді. Барлық
жағдайда жаратылысты тәжірибенің негізгі ғылыми проблемасы қажетті
мөлшерде тәжірибе жағдайының сәйкестенуін қамтамасыз ету болып
табылады. Сондықтан тәжірибенің негізгі есебі:
зерттелетін объектіге әсер
ететін ортаның сипаттамасын зерттеу, объектінің статикалық және
динамикалық көрсеткіштерін теңдестіру, объект қызметінің тиімділігін
бағалау және оның берілген шартқа сәйкестігін тексеру.
Қарапайым тәжірибе
– тармақталған құрылысы жоқ, өзара
байланысқан және өзара әсерлескен аз мөлшердегі элементтері бар қарапайым
объектілерді зерттеуге қолданылады.
Күрделі тәжірибеде
құрылысы тармақталған өзара байланысып
әсерлескен, элементтерінің мөлшері күрделі қызмет
орындайтын объектілер
немесе құбылыстар зерттеледі. Элементтердің байланысуының жоғары
дәрежесі кез келген элементтің немесе байланыс күйінің өзгеруіне, жүйенің
басқа элементтер күйінің өзгертуіне әкеліп соғады. Зерттеудің күрделі
объектілерінде бірнеше әртүрлі құрылымдар мен мақсаттар бар болуы мүмкін.
Заттық тәжірибеде
зерттелетін объектінің күйіне әртүрлі заттық
факторлардың әсерін зерттейді. Мысалы, әртүрлі
қоспалардың мұнай
сапасына әсері.
Энергетикалық тәжірибе
әртүрлі (электромагнитті, механикалық,
жылу, т.б.) энергияның зерттелетін объектіге әсерін зерттеу үшін қолданады.
Тәжірибенің бұл түрі табиғи ғылымда кең тараған.
Қалыпты (классикалық) тәжірибеге
зерттеуші тәжірибелік зерттеудің
объектісі және тәжірибені жүзеге асыратын құралдар (құрылғылар,
зертханалық қондырғылар) кіреді. Қалыпты тәжірибеде
тәжірибелік құрал-
жабдықтар зерттелетін объектімен тікелей байланыста болады. Олар зерттеуші
66
мен зерттелетін объектіні байланыстырушы болып табылады.
Модельді тәжірибенің
қалыпты тәжірибеден айырмашылығы –
зерттелетін объектінің моделімен жұмыс жасауы. Модель тәжірибелік
қондырғылар құрамына ондағы зерттелетін объектінің орнына қолданылады
және объектіні зерттейтін кейбір жағдайларды да алмастырады. Модельдеу
кезінде тәжірибелік құралдардың
арасындағы айырмашылық
Достарыңызбен бөлісу: