З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет34/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97
Байланысты:
Академ

ойша 
және 
материалдық тәжірибелерге 
бөлінеді. Ойша тәжірибенің құралдары ретінде 
зерттелетін объектілердің ойша модельдері немесе құбылыстары (сезімдік 
нұсқалары, нұсқалы-модельді, таңбалық модельдері) құрылады. Ойша 
тәжірибені жүзеге асыру үшін кейде дәріптелген немесе қиялдағы тәжірибе 
қолданылады. Үрдіс кезінде қиялдағы нақты тәжірибе құрылысы бейнеленген 
ойша тәжірибені танып білетін субъектінің ой қызметінің бір формасы болып 
табылады. Ойдағы тәжірибе құрылысының құрамына: зерттелетін объект 
моделін ойша және дәріптелген тәжірибе жағдайларын, оның объектіге әсерін 
құрастыру; саналы және жоспарлы өзгеруін, тәжірибе жағдайларын және 
объектіге әсерін құрамалау; тәжірибенің барлық кезеңдеріне ғылымның 
объективті заңдарын саналы және дәл қолдану кіреді. Мұндай тәжірибе 
нәтижесінде тұжырым шығарылады. 
Ойдағы тәжірибені тек қана ғалымдар емес, жазушылар, суретшілер, 
оқытушылар, дәрігерлер де қолданады. Ойша тәжірибелеу шахматшы 
ойларында да көрінеді, ойдағы тәжірибенің техникалық құрастыруда және 
өнертапқышта рөлі зор. Бұл тәжірибенің нәтижесі формулаларда, сызбаларда, 
графиктерде, эскиздік жобаларда, жол-көлік жобада көрінеді. 
Пассивті тәжірибе 
объект қызметіндегі бақылау нәтижесінде алынған 
таңдалу көрсеткіштерді (параметрлер, өлшемдер) жасанды араласусыз 
зерттеуді қарастырады. Пассивті тәжірибеге мысалдар ретінде келесілерді 
жатқызуға болады: транспорттық ағындардың қарқындылығын, құрамын, 
қозғалыс жылдамдығын, жалпы науқастану санын немесе белгілі бір ауруды, 
белгілі бір адамдар тобының жұмыс жасау қабілетін, жасына байланысты 
өзгеретін көрсеткіштерді, жол-транспорттық апаттар санын бақылау. Мәні 
жағынан пассивті тәжірибе зерттеу объектісінің күйінің таңдаулы 
көрсеткіштерін құралдық өлшеумен ұштастыратын бақылау болып табылады. 
Активті тәжірибе 
арнайы шығарылатын сигналды таңдаумен 
байланысты және зерттелетін жүйенің шығыны мен кірісін бақылайды. 
Бірфакторлы тәжірибе 
қажетті факторларды бөліп қарастыруды, 
кедергі жасайтын факторларды тұрақтандыруды, зерттеушіге қажет 
факторлардың ретін болжайды. 
Көпфакторлы тәжірибе 
стратегиясының құрамы барлық айнымалылар 
бір уақытта түрленеді және әрбір эффект тәжірибенің осы сериясында 
жүргізілген барлық сынақтар нәтижесі бойынша бағаланады. 
Технологиялық тәжірибе 
технологиялық үрдіс элементтерін немесе 
толық үрдісті (өнім, жабдық, жұмысшылардың қызметі, т.б.) зерттеуге 
бағытталған. 


67 
Әлеуметтік тәжірибе 
шағын топтағы тұлғааралық әлеуметтік- 
психологиялық қатынастарды, оларды кейін өзгеру мақсатымен өлшеу үшін 
қолданады. 
Жоғарыда айтылғандай, тәжірибелік зерттеудің келтірілген жіктеуі 
толық бола алмайды, өйткені ғылыми білімнің кеңеюімен бірге тәжірибелік 
әдісті қолдану аймағы да кеңеюде. Сонымен қатар тәжірибе типтері кешенді 
немесе құрамдас тәжірибе түрінде бірігуі мүмкін. 
Тәжірибені дайындау. 
Кез келген түрдегі тәжірибені жүргізу үшін 
мыналар қажет: 
-
тексерілуі қажет гипотезаны шығару; 
-
тәжірибелік жұмыстардың бағдарламасын құру; 
-
зерттелетін объектіге араласудың жолдарын және әдістерін анықтау; 
-
тәжірибелік жұмыстар процедураларын жүзеге асыру жағдайымен 
қамтамасыз ету; 
-
тәжірибе жүрісін және нәтижелерін бекіту жолдарын және тәсілдерін 
өндіру; 
-
тәжірибе құралдарын дайындау (қондырғылар, модельдер, т.б.); 
-
тәжірибені қажетті қызмет көрсетуші персоналмен қамсыздандыру. 
Тәжірибе әдістемесі – бұл зерттеу мақсатына сәйкесінше жететіндей етіп 
орналасқан және ретімен анықталған, ойлау және физикалық операциялар 
жиынтығы. Тәжірибені жүргізу әдістемесін жасау кезінде мыналарды 
қарастыру керек:
- зерттелетін объектінің немесе бастапқы мәнді анықтау (гипотеза, 
түрленетін факторларды таңдау) мақсатында құбылысты алдын ала мақсатты 
бақылауды жүргізу;
- тәжірибелеу мүмкіндігі бар жағдай жасау (тәжірибелік әсерге 
объектілерді таңдау), кездейсоқ факторларды жою;
- өлшеу шектерін анықтау;
- зерттелетін құбылыстың даму жолын жүйелік бақылау және фактілерді 
дәл сипаттау;
- өлшемдік және фактілер бағалауларына әртүрлі құралдармен және 
тәсілдермен жүйелік тіркеу жүргізу; 
- қайталанатын жағдайларды жасау, шарт сипатының және айқасқан 
әсердің өзгеруі, бұрын алынған мәндерді растау немесе жоққа шығару 
мақсатымен күрделі жағдай жасау;
- эмпирикалық зерттеуден логикалық жалпылауға, талдауға және 
алынған материалдың теориялық өңдеуіне ауысу. 
Тәжірибе нәтижелерін жазу. 
Тәжірибе жоспарына (бағдарламасына) 
мыналар кіреді: 
-
тәжірибенің мақсаты және есебі; 
-
түрленетін факторларды таңдау; 
-
тәжірибе көлемін негіздеу; 
-
тәжірибе саны; 


68 
-
тәжірибені өткізу реті; 
-
факторлардың өзгеру ретін анықтау; 
-
факторлардың өзгеру жүрісін, болашақ тәжірибелік нүктелер
арасындағы интервалды анықтау; 
-
өлшеу құралдарын негіздеу; 
-
тәжірибенің жүргізілуін сипаттау; 
-
тәжірибе нәтижелерін таңдау және өңдеу тәсілдерін негіздеу. 
Тәжірибенің жоспар бағдарламасын жасау кезінде әрқашанда оны 
жеңілдетуге ұмтылу керек. Оған алдын ала талдау және бір параметрді әртүрлі 
техникалық құралдармен өлшеу нәтижелерін, сонымен қатар алынған 
нәтижелерді өңдеу әдісін салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет