74
3-кесте. Аргументативті эссенің құрылымы
Аргументативті эссенің құрылымы
Кіріспе бөлім
1.
Бірінші абзацта проблема немесе пікірталас туғызып
жүрген мәселе қойылады, сипатталады.
2.
Келесі сөйлемдерде мәселенің қалыптасу себептері
мен негіздері түсіндіріледі. Солардың ішінде біреуі эссе
тақырыбы ретінде ұсынылады.
Негізгі бөлім
Негізгі мәселе аталады. Бұл мәселенің өзектілігін
негіздейтін себептер жіктеліп көрсетіледі. Мәселені
шешудің
үш
жолы
ұсынылады.
Әрқайсысы
түсіндіріледі. Бір шешу жолының артықшылығы
аталады, негізделеді.
Қорытынды бөлім Негізгі мәселе мен оны шешу жолы қорытындыланып
көрсетіледі.
Жазылым барысында автор сөздік қорының көп екенін көрсете алуы
керек. Ол үшін студент белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерін қайталай бермей,
олардың синонимдерін қолданғаны дұрыс. Мәселен, «артықшылығы»
дегеннің орнына
басымдылығы, пайдасы, тиімділігі, қолайлығы
т.б. сөздерді,
«кемшілігі» деген сөздің орнына
тиімсіздігі, міні, олқылығы, кемістігі,
ақаулығы, кінәраты
т.б. сөздерді қолдануға болады.
Аргументативті эссе жазу барысында автор тақырыпқа қатысты дәлел-
дәйектерін келтірерде мынадай сөздер мен сөз тіркестерін қолданады:
Біріншіден, ... ... ... . Алдымен, ... ... ... .
Ең маңыздысы ретінде ... ... ... .
Екіншіден, ... ... ... . Одан кейін ... ... ... .
Бұдан басқа ... ... ... .
Соңғы аргумент ретінде ... ... ... .
Өз пікірін білдірерде мынадай сөз тіркестерін қолданады:
Осыған байланысты ... ... ... жоғарыда талқыланған аргументтер ... ...
... деген сенімділікті арттырады.
... ... ... дұрыстығын/бұрыстығын дәлелдейді/көрсетеді.
... ... ... қандай да бір артықшылығының/кемшілігінің бар екеніне күмән
туғызбайды.
Достарыңызбен бөлісу: