78
қаласындағы экологиялық мәселелердің бірнеше себебін жеке-жеке
параграфқа жазып, содан кейін транзиттік параграф жазып болған соң, оның
бірнеше салдарын жазуға болады. Егер эссе тек себебін немесе салдарын ғана
жазуға құрылса, онда тақырыптық тұрғыда бөлімдердің бөлінгенін білдіру
үшін транзиттік параграф жазылуы мүмкін.
Себеп-салдар эссесін жазарда, оның құрылымы мен мақсатын айқындап
алған дұрыс. Себебі мұндай эсседе бір себептен бірнеше салдар туындауы
мүмкін, осы жағдайда негізгі себепті бірінші көрсетіп, салдарын соңынан
беруге немесе салдарды сипаттап, содан кейін оны тудырушы негізгі бір
себебін ғана түсіндіріп беруге болады.
Себепті сипаттау барысында қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері:
... ... ... тудырушы бірінші себеп.
Екінші себеп ... ... ... .
Туындауының басты себебі ... ... ... болып саналады.
... ... ... себебінен ... ... ... пайда болады.
Өйткені оған алып келген негізгі себептің бірі ... ... ... .
Салдарды сипаттау барысында қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері:
Негізгі салдары ... ... ... болып саналады.
Басқаша салдары ретінде ... ... ... көрініс тапқан.
... ... ... салдарынан ... ... ... .
Сол себепті ... ... ... .
... ... ... туындау нәтижесінде ... ... ... пайда болады.
Аталған себептің нәтижесінде ... ... ... туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: