82
эссесінің негізгі бөлімі кем дегенде тезисті қолдайтын екі пікір болады.
Қорытынды бөлім эссе тезисінің дұрыс екенін көрсету мақсатында қамтылған
пікірлерді жинақтап көрсетеді.
Синтез эссесінің
түсініктемелік
және
аргументативті
деген екі түрі
бар.
Түсініктемелік синтез
эссесі
тақырыпты сипаттауға, түсіндіруге
бағытталады, сондықтан мұнда аргументативті жайттарға көп тоқталмайды.
Тақырыпты ашу, пікірді қолдау үшін қолданылған деректер өзге академиялық
мәтіндердегідей объективті тұрғыда беріледі.
Аргументативті синтез эссесінің негізгі мақсаты
– белгілі бір тақырып
жөнінде пікірталас өрбіту және берілген пікірлерді дәлелдеу. Мұнда
қарапайым сипаттау немесе түсініктеме берілмей, пікірлер аргументтер
арқылы беріледі және аргументативті эссе құрылымы қолданылады. Бұл
эсседе автор өз пікірін анық жазып, оны қолдайтын аргументтерді көрсетеді
және ондағы әрбір тұжырымға дәлелдер беріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: