З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет46/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97
Байланысты:
Академ

Диссертация мен эссе.
Диссертацияның негізгі мақсаты – зерттеу 
тақырыбына, саласына байланысты жаңа ой қосу, өзекті мәселенің шешімін 
табу. Белгілі бір тақырып аясында зерттеу жүргізіліп, сыни талдаулар 
жасалынады, сондықтан оның көлемі эссеге қарағанда анағұрлым көбірек 
болады. Сондай-ақ эссені тек оқытушы ғана тексеретін болса, диссертацияны 
арнайы жасақталған комиссия құрамы бағалайды. Диссертацияда айтылған 
тың ойлар, зерттеу нәтижелері маңызды болса, ғылыми мақала ретінде 
жариялануына мүмкіндік туындайды. 
Қорытындылай келе, 
эссе жазудағы негізгі мақсат
– тақырыпқа 
қатысты өз білімін көрсету және сұраққа берілген жауаптың дұрыстығына 
оқытушыны сендіре білу. 
 Тапсырмалар 
1-тапсырма. 
Кестеде 
берілген 
эссе 
түрлерін 
анықтамасымен 
сәйкестендіріңіз.

Аргументативті 
эссе 

Екі жағдайдың немесе екі заттың ұқсастықтары 
мен 
айырмашылықтарын 
түсіндіру 
үшін 
жазылады 

Мәселе 
және 
оның шешімін 
қарастыру 
эссесі 

Көбінесе ғылым салаларындағы белгілі бір 
жайттың орын алуын түсіндіруге бағытталады 

Салыстыру 
эссесі 

Интелектуалдық қабілетті танытуға тырысып, 
осы оқу орнында оқуға лайықты талапкер 
екендігін сипаттау үшін жазылады 

Себеп-салдар 
эссесі 

Белгілі 
бір 
мәселеге 
қатысты 
пікірге 
қосылатынын немесе қарсы екенін білдіру үшін 
жазылады 

Үдеріс эссесі 

Өз пікірін дәлелді тұрғыда жеткізе білу үшін 
жазылады 

Келісу 
және 
келіспеу эссесі 

Түрлі мәтіндерге талдау жасау арқылы ондағы 
маңызды деген пікірлерді өзара байланыстырып, 
тұтас бір жазба жұмысын жазуға бағытталады 

Синтез эссесі 

Белгілі бір жағдайға байланысты туындаған 
мәселені 
шешудің 
жолдарын 
анықтауға 
бағытталып жазылады 

Уәждемелік 
эссе 

Қандай да бір жайттан туындаған салдар мен 
нәтижені түсіндіріп беру үшін жазылады 


86 
2-тапсырма. Кестеде берілген тақырыптардан қандай эссе түрлерін 
жазуға болатынын анықтаңыз. 
№ 
Тақырыптар 
Эссе түрі 

Плагиат жасаудың себебі мен салдары 

Балаларға ұялы телефон қолдануға рұқсат 
берудің әсері 

Жылдам әзірленетін тағамдар қауіпті ме? 

Жақсы маман болу үшін шетелде білім 
алу қажет пе? 

Компьютерлік 
ойындардың 
бала 
психологиясына әсері 
3-тапсырма. Берілген тапсырма бойынша эссе жазыңыз. 
Соңғы жылдары технологияның адам өміріндегі маңызы арта түсті. Бұл 
адамдардың өзара қарым-қатынасын жеңілдетумен тікелей байланысты. 
Қазіргі және өткен уақыттардағы адамдардың өзара байланысу тәсілдерінің 
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып эссе жазыңыз.
4-тапсырма. Кестедегі ерекшеліктер арқылы жазба жұмысының түрін 
анықтаңыз. 
№ 
Ерекшеліктер 
Жазба 
жұмысы 

Тақырып туралы пікірлер мен тұжырымдар қамтылған 
қысқаша жазба жұмысы 

Зерттеу нәтижесі, сыни талдаулар және т.б. жазылады. 
Оны арнайы редакция алқасы тексеріп, жариялауға 
рұқсат береді 

Зерттеу тақырыбына байланысты өзекті мәселенің 
шешімін табу, зерттеу жүргізу, сыни талдаулар жасау. 
Арнайы жасақталған комиссия құрамы арқылы 
бағаланады 

Газет, журнал, веб-сайттарда белгілі бір ақпарат 
жөнінде хабардар ету үшін жазылады 

Сурет, ән мен күй, прозалық әңгіме, роман, өлең 
5-тапсырма. Берілген тұжырымға қатысты келісу және келіспеу эссесін 
жазыңыз. 
Сымсыз технологиялар – физикалық байланысы жоқ екі немесе одан да 
көп нүктелер арасында байланыс орната отырып, мәліметтер және ақпараттар 
алмасу үшін қолданылатын технология. Оның көмегімен интернетке барлық 
жерде, сыртта да, үйде де, жолда да және кез келген жерде кіруге болады. 
Сымсыз технология қолдануы нәтижесінде ұзақ қашықтықта мәліметтерді 
жылдам және қауіпсіз бөлісу жүзеге асырылады... 


87 
Келісемін 
Келіспеймін 
Өйткені ... ... ... . 
Себебі ... ... ... . 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Эссе, оның түрлері.
2.
Аргументативті эссені жазудың мақсаты мен құрылымдары. 
3.
Мәселе және оның шешімін қарастыру эссесінің құрылымы тізбек 
түрінде қалай жазылады? 
4.
Салыстыру эссесін жазудағы басты талаптар. 
5.
Себеп-салдар эссесінің құрылымы. 
6.
Үдеріс эссесінің тезисі қалай жазылады? 
7.
Келісу және келіспеу эссесінің жазылу мақсаты. 
8.
«Синтез» сөзінің мағынасы қандай? Синтез эссесінің өзге эсселерден 
айырмашылығы. 
9.
Уәждемелік эссені жазу үшін қандай кеңес айтар едіңіз. 
10.
Эссенің өзге жазба жұмыстарынан айырмашылығы. 
 Біліміңізді тексеріңіз! 
1. Белгілі бір мәселеге қатысты пікірге қосылатынын немесе қарсы 
екенін білдіру үшін жазылатын эссе түрін көрсетіңіз. 
а) мәселе және оның шешімін қарастыру эссесі
b) салыстыру эссесі 
с) аргументативті эссе
d) себеп-салдар эссесі 
е) үдеріс эссесі 
2. 
Екі 
жағдайдың 
немесе 
екі 
заттың 
ұқсастықтары 
мен 
айырмашылықтарын түсіндіру үшін жазылатын эссе түрі. 
а) салыстыру эссесі
b) мәселе және оның шешімін қарастыру эссесі 


88 
с) аргументативті эссе 
d) үдеріс эссесі
е) себеп-салдар эссесі 
3. Қандай да бір жайттан туындаған салдар мен нәтижені түсіндіріп беру 
үшін жазылатын эссе түрін анықтаңыз. 
а) үдеріс эссесі 
b) мәселе және оның шешімін қарастыру эссесі 
с) салыстыру эссесі 
d) аргументативті эссе 
е) себеп-салдар эссесі
4. Көбінесе ғылым салаларындағы белгілі бір жайттың орын алуын 
түсіндіруге бағытталатын эссе түрін көрсетіңіз. 
а) үдеріс эссесі
b) мәселе және оның шешімін қарастыру эссесі 
с) салыстыру эссесі 
d) себеп-салдар эссесі 
е) аргументативті эссе 
5. Сыни ойлауды қалыптастыру және өз пікірін дәлелді тұрғыда жеткізе 
білу үшін жазылатын эссе түрі. 
а) синтез эссесі 
b) келісу және келіспеу эссесі
с) уәждемелік эссе 
d) аргументативті эссе
е) себеп-салдар эссесі 
6. Диссертацияның негізгі мақсаты не? 
а) зерттеу тақырыбына байланысты жаңа ой қосу, өзекті мәселенің 
шешімін табу 
b) белгілі бір зерттеу сұрағына жауап беру үшін анықтамалар, 
сипаттамалар мен талдаулар жазу 
с) газет, журнал, веб-сайттарда белгілі бір ақпарат жөнінде хабардар ету 
үшін жазу 
d) бір нәрсені ойдан шығару 
е) тақырыпқа қатысты өз білімін көрсету және сұраққа берілген 
жауаптың дұрыстығына оқытушыны сендіре білу 
7. Баяндама не үшін жазылады? 
а) газет, журнал, веб-сайттарда белгілі бір ақпарат жөнінде хабардар ету 
үшін жазылады 


89 
b) тақырыпқа қатысты өз білімін көрсету және сұраққа берілген 
жауаптың дұрыстығына оқытушыны сендіре білу үшін жазылады
с) зерттеу тақырыбына байланысты жаңа ой қосу, өзекті мәселенің 
шешімін табу үшін жазылады 
d) белгілі бір зерттеу сұрағына жауап беру үшін анықтамалар, 
сипаттамалар мен талдаулар жазылады
е) бір нәрсені ойдан шығару мақсатында жазылады 
8. Эссе жазудағы негізгі мақсат қайсысы? 
а) тақырыпқа қатысты өз білімін көрсету және сұраққа берілген 
жауаптың дұрыстығына оқытушыны сендіре білу
b) белгілі бір зерттеу сұрағына жауап беру үшін анықтамалар, 
сипаттамалар мен талдаулар жазу 
с) газет, журнал, веб-сайттарда белгілі бір ақпарат жөнінде хабардар ету 
үшін жазу. 
d) бір нәрсені ойдан шығару 
е) зерттеу тақырыбына байланысты жаңа ой қосу, өзекті мәселенің 
шешімін табу 
9. Түсініктемелік және аргументативті деген екі түрі бар эссе түрі. 
а) үдеріс эссесі
b) уәждемелік эссе 
с) келісу және келіспеу эссесі 
d) аргументативті эссе 
е) синтез эссесі 
10. 
Академиялық бағытта жазылатын шағын шығарма не деп аталады?
а) 
эссе
b) шығарма 
с) публицистикалық мақала 
d) диссертация 
е) дипломдық жоба 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет