84
Шығарма мен эссе.
Жазба жұмыстарының түрлеріне қарай, олардың
талаптары мен құрылымдары айқындалады. Осы орайда шығарма мен эссені
ажырата алмау мәселесі жиі туындайды. Бұл мәселенің негізгі себебінің бірі –
эссені шығарма деп қабылдау. Эссе шығарма жұмысының түріне жатады,
бірақ барлық шығарма эссе болып саналмайды.
Шығарма дегеніміз – «шығару»
тұйық етістігінен туындаған
туындылардың атауы. Ол бір нәрсені ойдан шығару деген мағына береді. Сол
себепті кез келген туынды шығармашылық жұмыс түріне жатады. Әдетте,
шығармашылық жұмыстарға суретшінің суретін, жазушының әңгімесі мен
романын, ақынның өлеңін жатқызамыз.
Эссе де шығарманың бір түріне жатады. Бірақ ол өзге жазба
жұмыстарына ұқсамайды.
Эссеге қойылатын негізгі талаптар
– белгілі бір
тақырыпты, мәселені талдау, сипаттау және бағалау. Бұл автордың пікірі мен
келтірген фактілерін жүйелі әрі академиялық тұрғыда жазуымен
ерекшеленеді. Сондай-ақ эссе – мектептің оқу үдерісінде жиі жазылатын
шығарма түрі.
Оның аргументативті, сипаттамалық, сендіру, баяндау,
артықшылығы мен кемшілігі т.б. түрлері бар. Эссенің түрлеріне қарай жазылу
күрделігі мен ерекшеліктері болады. Сондықтан эссе оқушылардың жас
ерекшеліктеріне
қарай
ұсынылады.
Мысалы,
бастауыш
сыныпта
сипаттамалық, баяндау эсселері жазылса, жоғары сыныптар үшін
аргументативті, мәселе мен оның шешімдері сияқты эсселер жазуға беріледі.
Сонымен, эссе шығарма түріне
жатқанымен, барлық шығарма эссе
болып есептелмейді, барлық шығармашылық жұмыстар шығарма болып
саналады және оның көлемі әртүрлі, ал эссе –
белгілі бір тақырып жөнінде
жазылған қысқаша жазба жұмыс. Эссе тек қана қара сөзбен жазылса, шығарма
қара сөзбен де, өлең жолдарымен де жазылуы мүмкін.
Публицистикалық мақала мен эссе.
Мақала публицистикалық стильмен
газет, журнал, веб-сайттарда белгілі бір ақпарат жөнінде хабардар ету үшін
жазылады. Ол өз ішінен тақырыпшаларға бөлінуі мүмкін. Мақалада белгілі бір
ақпаратпен таныстыру үшін суреттер, графикалар жиі қолданады және
берілген фактілерге сілтеме жасалыну талап етілмейді және субъективті түрде
жазылуы мүмкін. Ал эсседе бір тақырып жөнінде ғана талдаулар мен сын-
пікірлер жазылып, келтірілген фактілерге сілтеме
жасалуы талап етілуі
мүмкін. Сондай-ақ эссеге қойылатын басты талаптардың бірі – объективтілік.
Эсседе суреттер мен графикалардың қолданылуы талап етілмейді.
Баяндама мен эссе.
Баяндамада белгілі бір зерттеу сұрағына жауап беру
үшін анықтамалар, сипаттамалар мен талдаулар жазылады. Зерттеу
жұмысының
нәтижелерімен
таныстыру
мақсатында
тәжірибелердің,
сауалнамалардың қорытындысы мен зерттеу әдістері туралы ақпарат беріледі.
Зерттеу нәтижелеріне талдау жасалып,
болашақ зерттеулер немесе
мәселелерді шешу жолдары ұсынылады. Ал эсседе негізінен тақырып туралы
пікірлер мен тұжырымдар қамтылады. Тақырып пен сұрақты түсініп, оған
85
жауап беру жеткілікті. ЖОО-да берілген эсседе сұраққа берілген жауап
дәлелді болуы үшін аргумент келтіру талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: