З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет53/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97
Байланысты:
Академ

1950 жылдардың басында көптеген ғалымдар ұйқы және ми 
жұмысының арасындағы байланысты анықтау үшін біршама зерттеулер 
жүргізіп, аз ұйықтаған адамдар мен қажетті мөлшерде ұйықтаған 
адамдардың ми жұмысының айырмашылықтарын анықтаған [4].
Қарсы қоюға арналған мысал: 
Университетте жүргізілген зерттеуде ауыл мектебін бітірген 
студенттердің қала мектебінде оқыған студенттерге қарағанда, ағылшын 
тілі емтиханынан төмен балл алатындығы белгілі болды. Сондай-ақ 
ауылдан келген студенттердің қала мектептерінен келген топтастарына 
қарағанда, компьютерді меңгеру деңгейлері де төменірек болып шықты. 
Артықшылығы мен кемшілігін көрсетуге арналған мысал: 
Интернетті 
ақпарат 
көзі 
ретінде 
қолданудың 
өзіндік 
артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Ол көл-көсір ақпаратқа өте оңай 
әрі жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Интернетті қолдану арқылы 
оқушылар дайын мақалаларды көшіріп алуы мүмкін. Соның салдарынан олар 
берілген тапсырма туралы ойланбайды және білімдерін жетілдіре алмай 
қалады. Бірақ интернет оқушылар үшін өз қолдарындағы оқулықпен немесе 
мұғалімнің айтқандарымен ғана шектеліп қалмай, қосымша ізденіп, өз 
бетінше білімдерін толықтыруына жол ашады. Қазіргі таңда 
интернеттегі материалдарды ұрлап, плагиат жасайтын оқушылардан 
гөрі, ондағы ақпараттарды өз игілігіне дұрыс пайдаланып, жетістікке 
жетіп жатқандар өте көп. Сол себепті интернеттің тиімділігі әлдеқайда 
басым. 
Бағалау
барысында ақпараттардың, қолданылған дәлелдердің, айтылған 
пікірлердің қаншалықты құнды екендігіне мән беріледі. Сонымен қатар 
жүргізілген 
зерттеулердің 
шынайылығы, 
маңыздылығы, 
пікірлердің 
құндылығы таразыланады. «Осы әрекетпен немесе нәтижемен келісесіз бе? Ол 
қаншалықты маңызды?» деген сұрақтарға жауап беріледі. 
Автор өзі оқыған және білген идея жөнінде өз көзқарасын жазуы тиіс, 
яғни бағалауы қажет. Ол өзге пікірді қолдайтынын немесе қолдамайтынын 
түсіндіріп кетеді. Мысалы: 
Жұмыссыздық мәселесі жеке адамға ғана емес, оның айналасындағы 
адамдарға, яғни туыстарына да тікелей кері әсерін тигізеді. Дегенмен 
жұмыссыздық салдарынан туындаған қиындықтар адамның жеке басына 
қатысты жайттармен шектеліп қалмайды, ол әлеуметтік және саяси 
мәселе болып саналады, сондықтан оны кейбір саясаттанушылар 
әлеуметтік мәселелер қатарына жатқызады. 
Пікір білдіру
– сыни жазылымның негізгі талаптарының бірі. Автор өз 
пікірін қарапайым түрде білдірмейді, ол қашан да нақты бір фактіге сүйенеді 
және өзгелердің көзқарас-пікірлерін дәлел ретінде келтіреді. «Бұл жөніндегі 
жеке пікірім қандай? Қандай шешім ұсынуға болады?» деген сұрақтарға 
жауап береді. Көп жағдайда автор пікірі дау тудырып, оқырман онымен 


101 
келіспеуі мүмкін. Сол себепті академиялық жазылым дәлелдермен жазылады. 
Мысалы: 
Ұйқы мен ми жұмысының арасында үлкен байланыс бар екені анық. 
Ұйқының қанбауы мидың қалыпты жұмыс жасауына кері әсерін тигізеді 
[3]. 1950 жылдардың басында көптеген ғалымдар ұйқы және ми 
жұмысының арасындағы байланысты анықтау үшін біршама зерттеулер 
жүргізіп, аз ұйықтаған адамдар мен қажетті мөлшерде ұйықтаған 
адамдардың ми жұмысының айырмашылықтарын анықтаған [4]. 
Нәтижесінде ұйқысы қанық адамдардың ми жұмысының жасау 
көрсеткіші бірнеше есе жоғары болған. 
Сонымен қатар сыни жазылымда тақырыпқа қатысты идея түсіндіріледі, 
автор жағдаяттың не үшін болғанына тоқталып, түсінік береді. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет