99
тырысады.
дәрежеде береді.
Әдебиеттерден
қысқаша
қорытындылар береді.
Дәлелденбеген
пікірлерді
қолданбайды.
Әдебиеттер
мен теорияларға шолу
жасап, тізіп шығады.
Идеяны дамыту мен түсіндіру үшін
параграфтар қолданады.
Мәліметтер береді.
Үнемі
нақты
дәлелдер
мен
тұжырымдар береді.
Идеяларға, негізгі оқиғаларға шолу
жасайды.
Тұжырымдарға
үнемі
дәлелдер
келтіреді.
Тақырып
бойынша
белгілі
жайттарға қорытынды жасайды.
Үнемі қорытындыға келудің себебі
түсіндіріледі.
Сондай-ақ сыни ойлау барысында оқып отырған мәтінмен қатар оның
авторына да аса мән беру қажет. Ол үшін мынадай
сұрақтарға жауап беру
қажет:
- Мәлімет нақты ма? Оны қалай білдіңіз?
- Мәтінді кім жазған? Автор сол саланың маманы ма?
- Автор белгілі бір тұжырымдарға сендіргісі келе ме?
- Ондағы аргумент кең немесе шағын мәселеге бағытталған ба?
- Аргументті дәйектеу үшін қандай дәйектер келтірген?
- Аргументте не берілмеген?
- Бұған қарсы қандай пікірлер болуы мүмкін?
- Автордың ұстанымымен келісесіз бе әлде келіспейсіз бе?
- Бұл туралы пікіріңіз қандай?
- Бұл тақырып бойынша басқа авторлар не айтқан?
- Мәтіннің жаңалығы бар ма?
- Бұл материал сіздің жұмысыңызға қажет пе?
Бұл сұрақтарды қоя отырып, оқылым әрекетін жүзеге асыратын
студенттің жоғары дәрежедегі талдау қабілетімен қатар,
сыни көзқарасы
қалыптасады. Мұндай құзыреттілік – академиялық жазылымда қолданылатын
талаптардың бірі.
Академиялық жазылым
пікірталас, талқылау, талдау, тақырыпқа
қатысты көзқарасты бағалау, автордың өз пікірін білдіру
негізінде
жазылады. Осылардың ішінде сыни жазылым үшін
талдау, бағалау
және
пікірін білдіру
өте маңызды рөл атқарады.
Талдау барысында ақпараттардың себебі мен салдары, мысалдары мен
дәлелдері,
қарсы қойылуы мен салыстырылуы, фактілер мен пікірлерді
ажыратуы, негіздерді дәлелдеуі бойынша жеке-жеке бөлшектенеді. «Олар бір-
бірімен қалай байланысады? Өзара байланысын қалай байқауға болады? Оны
қалай дәлелдей аласыз?» деген сұрақтарға жауап беру талдаудың негізгі
мақсаттарының бірі болып саналады. Талдаудың түрлі элементтері
қолданылған жазылым үлгілерін төменде берілген үзінділерден көруге
болады.
Салыстыруға арналған мысал: