115
жағдайда әр кітапты оқуға уақыт жұмсау міндетті емес,
яғни сіз оның жеке
бөлігін немесе тіпті нақты ақпаратын ғана қажет етуіңіз мүмкін дегенді
білдіреді. Осы мақсатта басылымның анықтамалық мәліметін оқу жеткілікті
болуы мүмкін, ол мыналарды қамтиды: шығу мәліметтері (атауы, авторы,
шығарушы ұйым, шығарылған жылы, аңдатпа және т.б.); мазмұнын;
библиографиялық
сілтемелер мен тізімдерін; алғысөз, кіріспе немесе
қорытынды. Кітаппен осындай танысу оны әрі қарай оқу орынды ма, жоқ па
екенін анықтауға көмектеседі.
Кітапты оқудың екі жолы бар: оның мазмұнын жылдам көріп шығу
немесе оның мәтінін мұқият пысықтау.
Мазмұнын жылдам көру арқылы
кітаптың жалпы сипаттарымен танысуға болады. Мұндай «іздеу» жолы
арқылы осы кітапты әрі қарай оқу және оны мұқият зерделеу қажет болуы
мүмкін. Мәтінді мұқият пысықтау тек оны толық оқу ғана емес, сонымен
қатар оқылғанды меңгеру, түсіну, егжей-тегжейлі талдау. Арнайы әдебиетті
оқу кезінде бір немесе бірнеше мәнді түсіндірілуі мүмкін барлық ұғымдар мен
терминдерді нақтылау маңызды. Ол үшін оларды түсіндіруге
берілген
сөздіктер мен анықтамаларға жүгіну қажет. Сонымен қатар мәтінде автордың
негізгі ережелері
мен
тұжырымдарын
және
оларды
негіздейтін
дәлелдемелерді атап көрсету керек. Егер қажетті, қызықты жарияланым
зерделенсе және мәтінді мұқият пысықтау қажет болса,
онда оны көшіру
мүмкіндігі болмаған жағдайда конспект
Достарыңызбен бөлісу: