З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет62/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97
Байланысты:
Академ

 Тапсырмалар 
1-тапсырма. Ұғымдарды сипаттаңыз: ғылыми мәселе, ғылыми тақырып, 
ғылыми нәтиже. 
2-тапсырма. Төмендегі ақпараттардың дұрыс не бұрыс екенін 
анықтаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз. 
№ 
Берілген ақпараттар 
Дұрыс 
Бұрыс 

Тақырыптың ауқымды болғаны 
дұрыс 

Зерттеу 
жобасын 
мұқият


117 
жоспарлап алған жөн 

Осыған дейінгі жазылған өзге 
студенттердің 
дипломдық 
жобаларын оқудың қажеті жоқ 

Тақырып 
бойынша 
толық 
зерттелмеген бағытты тауып 
алған дұрыс 

Өзіңізге 
қызық 
тақырыпты 
таңдаудың қажеті жоқ 
3-тапсырма. 
Берілген мысалды негізге ала отырып, зерттеу 
жұмысыңыздың тақырыбын қалай таңдағаныңыз туралы айтып беріңіз. 
Тақырып таңдау үшін мысал:
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын тақырыптың қай бағыты қызықты 
екенін айқындап алу керек. Мысалы,
«Интернеттің адамдардың қарым-
қатынасына тигізетін әсері» 
деген тақырыпты қарастыралық. Бұл жақсы 
тақырып, дегенмен тақырып әлі ауқымды. Бұл тақырыпты ықшамдаудың 
бірден-бір жолы – негізгі сөздерді анықтап алып, оларға қатысты тірек 
сөздердің тізімдерін жасап шығу. Мәселен: 
Қарым-қатынас
– бетпе-бет немесе онлайн сөйлесу, әлеуметтік 
желілердегі достық қатынас.
Интернет
– онлайн ойындар, әлеуметтік желілер, ақпараттарға қол 
жеткізу.
Адамдар
– балалар, жасөспірімдер, студенттер, жастар, ересектер, 
интернетте бес сағаттан артық уақытын өткізетіндер.
Тірек сөздердің тізімін жасап шығу аталған тақырыпты былайша 
ықшамдауға сеп болды: 
«Жастардың достық қарым-қатынасына 
әлеуметтік желілердің әсері» 
немесе 
«Студенттердің ақпаратқа қол 
жеткізудегі онлайн қарым-қатынасы». 
4-тапсырма. Берілген тақырыптардың өзектілігін көрсетіңіз. 
1.
ЖЭС гидрокүл шығару жүйесінде өтетін процестерді зерттеу 
2.
Визуалды мәліметтер негізінде модификацияланған VGG-16 СNN 
моделі көмегімен ұшатын нысандарды классификациялау 
3.
ОРЕNСV компьютерлік көру кітапханасын пайдалана отырып, жол 
белгілерін тану 
4.
Ақылды қалалардағы жол қозғалысын бақылаудың желілік 
томографиялық тәсілі 
5.
Машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып, әлеуметтік желілерді 
пайдаланушыларға арналған ұстанымдық жүйені әзірлеу 
5-тапсырма. Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 


118 
Тақырыпқа қатысты материалдарды іздегенде интернет көздерін 
пайдаланған жөн. Мысалы, 
Google
арқылы 
Wikipedia
сайтына кіріп көп 
мәлімет табуға болады (
ескерту:
Wikipedia-ны қолданылған әдебиет ретінде 
пайдаланбаған дұрыс, себебі мұндағы мәліметтер өзгеріске ұшырап жатады). 
Дегенмен олардың сенімділігіне көз жеткізу керек.
Әдетте, жақсы материалдарды жинау үшін мынадай жайттарды ескеру 
қажет: 
Бірінші,
зерттеу үшін тақырыпқа қатысты сөздердің немесе 
терминдердің тізбесін жасап алған жөн. Яғни материалдарды оқу барысында 
тақырыпқа қатысты сөз тіркестері мен термин сөздер кездессе, оларды жазып 
алып отыру қажет. Бұл зерттеу жұмысының мәселелерін тез түсінуге сеп 
болады. 
Екінші,
тапсырма және зерттеу сұрағы бойынша талап етілетін жайттар 
туралы ойлану қажет. Көп сайттар рецензияланған мақалалар ұсынады, 
зерттеу жұмысына осындай сенімді мәліметтерді ғана қолдануға тырысу 
қажет. 
Үшінші,
зерттеу жұмысының қолданылған әдебиеттері құнды болғанын 
ескерген жөн. 
Google Scholar сияқты 
академиялық материал іздеу сайттары 
«сілтеме жасалынған» деп, қанша адамның материалдарды қолданғанын 
көрсетеді. Жұмысқа сілтеменің көп жасалуы, оның құндылығы мен 
сенімділігінің жоғары екенін байқатады. 
Сұрақтар: 
1. Google Scholar сайты қандай сайт? 
2. Google Scholar сайты бойынша еңбекке қанша рет сілтеме жасалғанын 
қалай білуге болады? 
3. Интернет арқылы қажетті ақпаратты қалай іздеуге болады? 
4. Неліктен Wikipedia сайтындағы мәліметтерді дереккөз ретінде 
қолдануға болмайды? 
5. «Сенімді әдебиеттер» дегенді қалай түсінесіз? 
6. «Күмәнді емес әдебиеттерді» қалай табуға болады? 
6-тапсырма. Зерттеу жұмысына материалдар іздегенде, басшылыққа 
алынатын кеңестер қатарын толықтырыңыз. 
Зерттеу жұмысына қажетті материал іздегенде, мынадай кеңестерді 
басшылыққа алған жөн: 
-
академиялық тұрғыда жазылған, авторы осы саланың маманы 
саналатын мәтіндерді табу; 
-
интернетті қолдану барысында 
.edu, .ac
және .
gov
сайттарына мән беру; 
-
соңғы 5 жыл ішінде шыққан материалдарды қарау, ал ескі болған 
жағдайда оның теориялық тұрғыдан маңызды екеніне көз жеткізу... 


119 
7-тапсырма. Дипломдық жобаңыздың тақырыбын түсіндіріп, оның 
өзектілігін, ғылыми жаңалығын және күтілетін нәтижелерін сипаттаңыз.
Бақылау сұрақтары: 
1.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты қалай анықталады? 
2.
Ғылыми жұмыс тақырыбын таңдау кезінде нені басшылыққа алу 
керек? 
3.
Ғылыми жұмыстың міндеттері қалай анықталады? 
4.
Ғылыми тақырыптың өзектілігі деген не? 
5.
Жоспар құрудың маңыздылығын түсіндіріңіз. 
6.
Ғылыми жұмысқа материал жинауды неден бастаған дұрыс? 
 Біліміңізді тексеріңіз! 
1. Бұл күрделі теориялық, практикалық міндеттердің жиынтығы; 
ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыптарының жиынтығы. 
а) ғылыми мәселе (проблема)
b) ғылыми тақырып 
с) тақырыптың өзектілігі 
d) тірек сөздер 
е) аңдатпа 
2. Оқулықта, оқу құралында, дипломдық жобада, диссертацияларда т.б. 
берілетін негізгі тақырыптардың қысқаша тізімі. 
а) әдебиеттер тізімі 
b) аңдатпа 
с) сілтеме 
d) тірек сөздер 
е) жоспар
3. Құрылымы бойынша жоспарлардың қандай түрлері болады? 
а) қарапайым және күрделі
b) тура және жанама
с) тақырыптық және тезистік
d) жай және құрмалас
е) сұрақ және жауап
4. Жоспардың тілдік ресімделуі жағынан бөліну түрлерін көрсетіңіз. 
а) тура, жанама 
b) қарапайым, күрделі 
с) сұрақ-жауап, тақырыптық, тезистік


120 
d) атаулы, жалаң, жайылма 
е) жай, құрмалас 
5. Ғылыми стильдің басты шарттарының бірін көрсетіңіз. 
а) нақтылық 
b) қарапайымдылық 
с) ақпараттылық 
d) тиімділік 
е) күрделілік 
6. Ақпарат көзі дегеніміз не?
а) өз бетінше полиграфиялық ресімделген, шығу мәліметтері бар құжат 
b) қандай да бір мәліметтерді қамтитын құжат
с) ғылыми не қолданбалы сипаттағы қысқаша мәліметтері бар басылым 
d) ғылыми-ақпараттық қызметті жүзеге асыратын ұйым 
е) ғылыми түрде дайындалған құжаттары бар басылым 
7. Өз бетінше полиграфиялық ресімделген, шығу мәліметтері бар құжат 
қалай аталатындығын көрсетіңіз. 
а) басылым 
b) ақпарат көзі 
с) ғылыми басылым 
d) ғылыми ақпарат көздері 
е) анықтамалық-ақпараттық басылым 
8. Ғылыми дәрежені алуға ұсынылған, автор жасаған зерттеу рефераты 
бар брошюралар түріндегі ғылыми басылымды көрсетіңіз. 
а) ғылыми конференция баяндамаларының тезистері
b) монография 
с) препринт 
d) диссертацияның авторефераты 
е) ғылыми конференцияның материалдары 
9. Оқу басылымдары түрлерінің дұрыс қатарын көрсетіңіз.
 
а) оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал
b) монография, препринт, ғылыми конференцияның материалдары 
с) библиографиялық, реферативтік, шолу
d) газеттер, журналдар, бюллетендер, хабаршылар 
е) үздіксіз емес, мерзімді, жалғасушы 
10. Мерзімді басылымдарға нелер жатады?
а) библиографиялық, реферативтік, шолу
b) монография, препринт, ғылыми конференцияның материалдары 


121 
с) газеттер, журналдар, бюллетендер, хабаршылар
d) оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал
е) үздіксіз емес, мерзімді, жалғасушы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет