126
ұстану қажет. Тақырыпта мақаланың мәнін ашатын кейбір тірек сөздер болуы
керек.
Ғылыми мақала белгілі бір ғылыми журналдардың жекелеген
нөмірлерінде
немесе жинақтарда жарияланатын, қойылған талаптарға сәйкес
ресімделген, аяқталған авторлық жұмыс болып табылады. Ғылыми мақаланың
көлемі, әдетте, 0,3-1 баспа табақты (5-16 бетті) құрайды.
Мақаланың қолжазбасында жұмыстың толық атауы (тақырыбы),
автордың аты-жөні, аңдатпасы, пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы керек.
Ғылыми мақаланың мынадай қарапайым құрылымы болады:
-
кіріспе (ғылыми мәселенің қойылуы, өзектілігі,
маңыздылығы,
ғылымның белгілі бір саласының дамуы үшін қосатын үлесі).
-
автордың соңғы уақыттағы мәселе бойынша сүйенетін негізгі
зерттеулері, мақала арналып отырған шешілмеген мәселелерді бөліп көрсету;
-
мақаланың мақсаты мен міндеттерінің қойылуы. Мақала мақсаты
тақырып бойынша негізгі жарияланымдарға шолу жасап,
ғылыми мәселенің
қойылысынан келіп шығады;
-
жеке зерттеу мазмұнын баяндау мақаланың негізгі бөлігі болып
табылады. Онда ғылыми зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелері, жеке
идеялары, пікірлері,
ғылыми деректер, эксперимент бағдарламасы, алынған
нәтижелерді талдау, негізгі тұжырымдарды жүзеге асыруға автордың қосқан
үлесі т.б. баяндалады;
-
автордың негізгі пайымдауы
сипатталатын қорытынды, тұжырымдар
мен ұсынымдардың берілуі, олардың теория мен практика үшін маңызы,
қоғамдық маңызы мен болашағы.
Ғылыми мақала жазу кезінде белгілі бір ережелерді ұстанамыз:
-
мақаланың тақырыбы, оның негізгі ойы мен идеясын айқындап тұруы
керек;
-
тақырыптан кейін автордың аты-жөні жазылады, қажет болғанда автор
туралы басқа да мәліметтер беріледі. Мысалы, ғылыми дәрежесі,
ғылыми
атағы, жұмыс орны, е-mаіl;
-
инициалдар автор тегінің алдына қойылады;
-
ғылыми есеп беру стилінен аулақ болған жөн;
-
риторикалық сұрақтарды қоймаған дұрыс, негізінен хабарлы сөйлемді
қолданған абзал;
-
ережелер мен пікірлерді санамалаған кезде сандармен мәтінді
толтырмау қажет;
-
белгілі ғалымдардың пікірлеріне сілтемелер мақаланың басында
беріліп, негізгі көлем автордың жеке ой-пікіріне арналғаны дұрыс;
-
мақала нақты тұжырымдармен және
ұсынымдармен аяқталуы керек,
мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
Мақала жазу барысында ойыңызды анық көрсетіп, мақаланың
логикалық құрылымын анағұрлым көрнекі қылу үшін төмендегідей түрлі
қыстырма сөздер мен фразаларды қолдануға болады:
127
Біріншіден, ... ... ... .
Екіншіден, ... ... ... .
Үшіншіден, ... ... ... .
Ең алдымен, ... ... ... .
Сонымен бірге ... ... ... .
Сондай-ақ ... ... ... .
Бұдан әрі ... ... ... .
Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, ... ... ... .
... ... ... сәйкес
Осылайша ... ... ... .
Осы ретте ... ... ... .
Осыған сәйкес ... ... ... .
Дегенмен ... ... ... .
Алайда ... ... ... .
Бір жағынан ... ... ... .
Жалпы алғанда ... ... ... .
Сондықтан ... ... ... .
Қорыта келе, ... ... ... .
Ойымызды (сөзімізді) қорытындылай келе, ... ... ... .
Ғылыми
мақаланы
жазу
үлгісі
ретінде
Д.Қамбаров
пен
Г.Қашағанованың «АЭжБУ Хабаршысы» журналында 2020 жылдың №4(51)
санында жарияланған «Өнеркәсіптік жүйелердегі
компьютерлік шабуыл
мәселелерін зерттеу» тақырыбындағы мақаласы берілді.