116
ақпаратты тез табуға көмектесетін жазулары бар бетбелгілерге жүгінген жөн.
Ақпаратты жинау тәсілдерінің бірі – газеттер мен журналдардың кесінділері.
Әрбір тілікте пайдаланылған жарияланымға сілтеме жасау үшін дереккөзді
(газеттің
немесе журналдың атауын, жылын, нөмірін, шығарылған күнін)
көрсету қажет. Кесінділерді жүйелеу үшін картотекалар немесе тізім жасауға
және оларды тақырыптық папкаларға бөлуге болады.
Белгілі бір тақырып бойынша білім жинақтаудың алғашқы кезеңдерінде
ғылыми ақпаратты іздеудің тиімді тәсілдерінің бірі – тәжірибелі әріптестермен
тікелей байланыс. Мысалы, егер жас ғалымның зерттеу тақырыбы ғылыми
жетекші қызметінің тақырыбына байланысты болса, онда дипломдық жоба
немесе диссертация бойынша ақпарат іздеуге кірісе отырып, ең алдымен, оның
негізгі еңбектерін қарап шыққан абзал. Яғни бұл, ең алдымен, танысуы керек
деректердің айтарлықтай тізімін береді.
Зерттеу тақырыбы бойынша
монографияларды,
диссертацияларды
және
диссертациялардың
авторефераттарын қараған дұрыс, осы дереккөздердің әдебиеттер тізімінде
зерттеу жұмысы үшін пайдалы көп нәрсе табуға болады.
Тағы бір кеңес – әріптестеріңізден зерттеу тақырыбы бойынша соңғы
шолулар туралы және қызықтыратын бейіндегі мақалаларды жариялайтын
негізгі журналдар (басылымдар) туралы сұраңыз.
Белгілі бір тақырып
бойынша негізгі ақпаратты жинақтайтын журналдар аз болып келеді немесе
дәл осы тақырып бойынша шыққан мақалалар әртүрлі журналдарда болуы
мүмкін. Осылайша, ақпаратты іздеу міндеті негізгі журналдарды немесе басқа
да дереккөздерді мүмкіндігінше ертерек анықтап алып, олардың
жарияланымдарын мұқият талдауға негізделеді. Алайда ғылымда зерттеушілер
және зерттеушілер топтары арасында бәсекелестік бар екенін де ескеру қажет,
бұл өздері жетекшілік ететін журналдар мен
жинақтардың тақырыптарында
көрініс табуы мүмкін.
Ғылыми ақпаратты іздеу тұрғысында бейінді конференциялар мен басқа
да іс-шараларға қатысу өте пайдалы. Осындай іс-шараларға қатыса отырып,
материалдың авторлық мазмұнын естіп, тақырып бойынша зерттеушілермен
танысу және мамандардан кеңес алу мүмкіндігі болады.
Достарыңызбен бөлісу: