З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


  9.4 Анықтамалық-ақпараттық басылымдар



Pdf көрінісі
бет59/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   97
Байланысты:
Академ

 


113 
9.4 Анықтамалық-ақпараттық басылымдар 
Анықтамалық басылым 
– ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы 
қысқаша мәліметтері бар және оларды тез табуға ыңғайлы тәртіппен 
орналасқан, жаппай оқуға арналмаған басылым. Бұларға – сөздіктер, 
энциклопедиялар, маманның анықтамалары және т.б. жатады. 
Ақпараттық басылым 
– ғылыми-ақпараттық қызметті жүзеге асыратын 
ұйым, оның ішінде ғылыми-техникалық ақпарат органдары шығаратын 
құжаттар 
(жарияланған, 
жарияланбаған, 
жарияланбайтын) 
туралы 
жүйелендірілген мәліметтеріне түпнұсқада ұсынылған мәліметтерді талдау 
және қорыту нәтижесі бар басылым. Бұл басылымдар библиографиялық, 
реферативтік, шолу болуы мүмкін. 
Библиографиялық 
басылым 
– 
библиографиялық 
жазбалардың 
(сипаттамалардың) реттелген жиынтығы бар ақпараттық басылым. 
Реферативті басылым – 
бұл рефераттарды қамтитын библиографиялық 
жазбалардың реттелген жиынтығы бар ақпараттық басылым. Оларға 
реферативтік журналдар, реферативтік жинақтар, ақпараттық парақтар және 
жедел ақпарат жатады. 
Шолу басылымы 
– бұл ақпарат көздерінде ұсынылған мәліметтерді 
талдау және қорыту нәтижелерін қамтитын бір немесе бірнеше шолулардың 
жарияланымы бар ақпараттық басылым. 
Басылымдар үздіксіз емес, мерзімді және жалғасушы болуы мүмкін. 
Үздіксіз емес басылым
бір рет шығады және оның жалғасы алдын ала 
қарастырылмаған күйде болады. Бұларға кітаптар, брошюралар, парақшалар 
жатады. 
Кітап 
– көлемі 80 беттен артық басылым түрі. 
Кітапша 
– көлемі 
төрт беттен артық, бірақ 48 беттен артық емес басылым. 
Парақша басылымы 
деп бірден төрт бетке дейінгі мәтіндік парақ басылымын айтады. 
Мерзімді 
басылымдар 
әр 
жыл 
үшін 
мазмұны 
бойынша 
қайталанбайтын, бір үлгіде ресімделген, нөмірленген және (немесе) атауы 
бірдей белгіленген шығарылымдармен тұрақты уақыт аралығында шығады. 
Бұларға газеттер, журналдар, бюллетендер, хабаршылар жатады. 
Газет 
– қоғамдық-саяси, ғылыми, өндірістік және басқа да өзекті 
мәселелер бойынша ресми материалдар, жедел ақпарат пен мақалалар, сондай-
ақ, әдеби шығармалар мен жарнамалар қамтылған қысқа уақыт аралығында 
шығатын мерзімді газет басылымы. 
Журнал 
– әртүрлі қоғамдық-саяси, ғылыми, өндірістік және басқа да 
мәселелер бойынша мақалалар немесе рефераттар, басылымның осы түрі 
ретінде ресми бекітілген тұрақты айдары бар әдеби-көркем шығармалар 
қамтылған мерзімді мәтіндік басылым. Бюллетеньдер мен хабаршылар 
мерзімді немесе жалғасатын басылымдар болуы мүмкін. 
Жалғасатын басылымдар 
мазмұны бойынша қайталанбайтын, бір 
үлгіде ресімделген және (немесе) жалпы атауы бар, уақытылы 
шығарылымдармен материалдың жиналуына байланысты белгісіз уақыт 
аралығында шығады. 


114 
Бюллетень (вестник) 
– бұл жедел шығарылатын, оны шығарушы 
ұйымның жұмысы жүргізу шеңберіне қатысты мәселелер бойынша қысқаша 
ресми материалдары бар мерзімді немесе жалғасатын басылым. 
Ғылыми ақпарат көздеріне дәстүрлі емес ақпарат көздері де жатады, 
оларға: кинофильмдер, бейнефильмдер, микрофильмдер, магниттік және 
оптикалық дискілер және т.б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет