З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет56/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97
Байланысты:
Академ

 
9.2 Зерттеу жұмысының жоспарын құру
Стильдік норманың сақталуы зерттеу жұмысының жоспарын құру 
кезінде де маңызды болып саналады. Жалпы зерттеу жұмысының алдында 
жоспар құру қажет пе? «Мен жоспарсыз жұмыс жасаймын, ең бастысы, шабыт 
келсе болды, жаза беремін, жоспарды кейін құрамын» деушілер бар. Әр адам 
әртүрлі жұмыс жасайтыны белгілі, дегенмен кез келген жұмысты бастамас 
бұрын оның жалпы құрылымы (әсіресе, әңгіме академиялық мәтін туралы 
болса) ойластырылғаны дұрыс. Жалпы ғылыми-зерттеу жұмысымен 
айналысқан көпшіліктің тәжірибесі көрсеткеніндей, зерттеу жұмысының 
алдын ала жоспары жасалып, құрылымы анықталғаны дұрыс. Оның үстіне 
жоспар барынша жан-жақты, толық, күрделі болғаны жөн. Дегенмен жұмыс 
барысында жоспар өзгеруі мүмкін. Өйткені объектіні зерттеудің жаңа 
аспектілері мен ғылыми есептің шешімдері шығуы мүмкін. Зерттеу 
жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерін реттеу үшін 
жұмыс жоспары жасалады.
Студент белгіленген мерзімде қойылған мақсатқа қол жеткізуге және 
ғылыми міндеттерді шешуге әкелетін жұмыстарды орындаудың логикалық 
жоспарын жасай білуі тиіс. Жұмыс барысында, ең бастысы, маңызды бөлігін 
назарға алып, қалған бөліктерін де ұмытпау қажет. Зерттеу жұмысын орындау 
кезінде зерттеушінің өте маңызды қасиетінің бірі ол – тек қана қарау ғана 
емес, сондай-ақ көру, атап айтқанда, басты зерттеу сызығынан бас тартпай 
кіші мәселедегі үлкен мәселені көру, байқау. 
Жақсы ойластырылған, құрылымды, қарапайым емес, күрделі 
жоспардың болуы – сәтті жұмыстың жартысы. Жоспар зерттеудің материалын 
жинақтауға (артық материалды қарамай, тек жоспарға сәйкес материал 
іздеуге), 
мақсат-міндеттерді 
нақтылауға, 
қорғауға 
ұсынылатын 
тұжырымдарды анықтауға көмектеседі.
Жоспар
– оқулықта, оқу құралында, рефератта, курстық жұмыста, 
дипломдық жобада, диссертацияларда т.б. берілетін негізгі тақырыптардың 
қысқаша тізімі. Жоспар мәтін мен негізгі ойдың тақырыбына сәйкес болуы 
тиіс. Жоспардың бөлімдері дәл, айқын болуы керек. Жоспарда мәтінде 


108 
қарастырылатын мәселелер ғана атап көрсетіледі. Жоспардың негізгі 
бөлімдері мақсатты, жүйелі болуы қажет. 
Жоспар алғаш құрылғанда ретсіз болуы мүмкін, себебі автор өз ойына 
келген алғашқы идеяларды өз жазбасына қосу үшін жоспарға енгізе беруі 
мүмкін. Мұндай жоспарды құрудың мынадай жолдары бар (олардың ішінен 
қолайлы деген біреуін таңдап алуға болады): 
Ойшақырту
– ойшақырту амалы тақырыпқа қатысты ойға келген 
барлық сөздерді жазу. Содан кейін оларды ұмытып қалмас үшін 
тақырыпшаларға топтастыру қажет. Бұл амал біршама ретсіз орындалуы 
мүмкін, бірақ тақырып жөніндегі идеяларды қағазға түсірудің жақсы тәсілі. 
Топтастыру
– бұл әдіс ойшақырту амалына ұқсас, бірақ өзіне тән 
ерекшелігі бар. Бұл әдісті қолдану барысында тақырыпқа қатысты ойларды 
қағаз бетіне түсіріп, тек тақырыпшаларына қарай топтарға жіктеп жазуға 
болады. 
Тізім жасау
– топтастыра жазудың жүйелі түрі. Мұнда негізгі ойдан 
бастап, тақырыпшаларға қатысты идеяларды жалғастырып жазу басты назарда 
тұрады. Бұл жазылым барысында қандай тұжырымдарға келу қажет екенін 
ұмытпауға мүмкіндік береді. 
Сауал қою
– жоспарлаудың мұндай түрін қолдану барысында жазба 
жұмысының негізін құрайтын бөлімдердің сұрақтары туралы ойлану қажет. 
Әрбір бөлім үшін негізгі деген бір сұрақтан ойлап табуға тура келеді. Осыған 
байланысты жазылым үдерісі барысында құрастырылған сұрақтарға жауап 
беруге болады. 
Құрылымы бойынша жоспарлар қарапайым және күрделі болуы мүмкін. 
Қарапайым жоспарда еңбектегі негізгі мәселелер қарастырылады. Күрделі 
жоспарда негізгі мәселелермен қоса оған қатысты қосалқы, жанама мәселелер 
де қарастырылады. Әрине, осыған байланысты жоспардағы сөйлем құрылымы 
да әртүрлі болады. Ғылыми еңбекті жоспарлауда атаулы сөйлем, жалаң, 
жайылма сөйлемдер, жай және құрмалас сөйлемдер қолданылады. Әрбір 
бөлім кіші бөлімдерге бөлінеді. Кейде аралас жоспар құрайды, онда бір 
бөлімдер бөлімшелерге бөлінеді, ал басқалары бөлінбей сол күйі 
қалдырылады. 
Жоспар тілдік ресімделуі жағынан сұрақ-жауап, тақырыптық, тезистік 
болып бөлінеді. Олардың негізгі ерекшеліктері: 
1.
Сұраулы сөйлемдер түріндегі жоспар мәтінде берілген негізгі 
мәліметті іздеуге бағытталған. Сұрақтарға берілген толық жауаптар мәтіндегі 
негізгі мәліметті қамтиды және тезистер түріндегі жоспарға сәйкес болып 
тұрады. 
2.
Тезистер түріндегі жоспарда әр бөлім мәтіннің бөлігіне сәйкес келетін 
негізгі мәліметті ашатын сөйлем ретінде көрсетіледі. Сұраулы сөйлемдер мен 
тезистер түріндегі жоспарлар дайын мәтіннің жоспарын құру керек болған 
жағдайда қолданылады. 


109 
3.
Тақырыптық сөйлемдер түріндегі жоспарда мәтінде айтылатын негізгі 
мәселелер аталып көрсетіледі. Жоспардың бұл түрі сөз сөйлеуге дайындалған 
кезде немесе негізгі мәселелерді белгілеуде пайдаланылады. 
Жоспарды құру кезінде төмендегі қағидаттар орындалғаны абзал: 
-
сұрақтар таңдалған тақырыпқа сәйкес келуі және оның шегінен 
шықпауы; 
-
тақырып сұрақтары логикалық ұстанымда болуы; 
-
зерттеудің негізгі аспектілерін көрсететін тақырыптардың міндетті 
түрде енгізілуі; 
-
тақырыптың жан-жақты зерттелуі. 
Жоспар ғылыми мәтінді жүйелі, қысқа тұжырымдауда үлкен рөл 
атқарады. Автор ғылыми еңбекті жазу я баяндау барысында міндетті түрде 
жоспарға жүгінеді. Жоспар құру ғылыми мәтінде қаралатын басты 
мәселелердің белгілі бір тәртіппен жүйелі түрде берілуін қамтамасыз етеді. 
Жоспар автор ойының нақты, жүйелі берілуіне негіз болады. 
Жоспар құру келесі ретпен жүзеге асырылады: 
-
мәтінді мұқият оқу; 
-
оқыған мәтіндерді бөлікке бөлу; 
-
әрбір бөлікте қаралатын мәселені қысқаша мазмұнына қарай атау. 
Ғылыми стильдің басты шарттарының бірі – 
нақтылық
. Қысқа, жүйелі, 
тұжырымды, дұрыс құрылған жоспар ғылыми еңбекті жеңіл қабылдауға я 
баяндауға негіз болады. 
Жоспарға қойылатын талаптар: 
-
жоспар негізгі тақырыптан ауытқымауы қажет; 
-
жоспар тақырыпты нақты және терең бейнелей алуы қажет; 
-
жоспар мәтінде берілген негізгі ойды жүйелі, түсінікті өрбіте алуы 
қажет; 
-
ғылыми еңбектің жоспарланған бөліктері өзара шамалас болуы қажет. 
Зерттеу жұмыстарының жоспары оның мазмұны болып табылады. 
5B070300 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының 4-курс 
студенті Р.Б. Елеусиновтің «Жасанды интеллектіні қолдана отырып, өрт 
белгілерін тану жүйесін құру» тақырыбындағы дипломдық жобасына 
құрастырылған жоспар үлгісі: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


110 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет