125
-
өзін ерекше қызықтыратын, толғантатын тақырыпты таңдау;
-
сол тақырыпты ашу үшін түрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып,
тәжірибелер жасап, зерттеулер жүргізу;
-
жасалған тәжірибе нәтижесі мен зерттеу нәтижелерін ой елегінен
өткізу, жүйелеу, негіздеу, тұжырымдау, нақты қорытындыға келу;
-
соны көпшілік назарына ұсыну, жазу, жариялау.
Ғылыми мақала қай ғылым саласына қатысты жазылса, сол саланың
терминдері, ұғымдары қарастырылып жазылады. Әрине, ғылыми мақаланың
барлығы бірдей ғылыми жаңалықтар туралы болуы мүмкін емес, бірақ жаңа
пайымдаулар, жаңа көзқарастар, жаңаша ойлап қабылдау болуы шарт.
Ғылыми мақаланы іштей үшке бөлуге болады:
1. Ғылыми-теориялық мақалалар
теориялық ізденістер мен зерттеліп
отырған мәселенің заңдылығын түсіндіруге арналады. Теориялық мақалалар
кез келген зерттеуді жүргізудің негізі болып табылады. Ғылымда тек
теориялық пайымдаулардың көмегімен тың жаңалықтар ашылып, кейін
тәжірибе мен эксперименттер арқылы дәлелденген оқиғалар аз кездеспеген.
Кейбір салаларда тек қана теориялық әдістер арқылы зерттелетін нысанның
маңызын ашуға болады.
2. Ғылыми-практикалық мақалалар
ғылыми эксперименттер мен
шынайы тәжірибеге арналады. Оларда эксперимент жүргізу әдістері не
зерттелетін құбылысты бақылау құралдары мен оларды тіркеу тәсілдері
сипатталады. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді баяндау мен оларды
түсіндіру мұндай мақалалардың негізгі бөлігі болып табылады.
3. Ғылыми-әдістемелік мақалалар
ғылыми немесе қолданбалы
міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістер, тәсілдер, құралдар мен
үдерістерге шолу жасауға арналады.
Достарыңызбен бөлісу: