З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет54/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97
Байланысты:
Академ

Алматы қаласының ауасы ластануда.
Бұл – жағдаят. Ал мәселенің төркіні – 
қаладағы көліктер санының артуы.
Аталған жағдаяттың болуын мынадай 
абзац (параграф) арқылы түсіндіріп жазуға болады: 
Алматы ауасының ластануына әсер етуші бірнеше фактор бар. Оның 
ішінде көліктер санының артуын бөле-жара айтуға болады. Көліктердің 
көбеюі жолдарда үлкен кептелістер туындатады және олардан бөлініп 
шығатын улы заттардың ауаға таралуы еселене береді. Соның салдарынан 
ауаның ластану мөлшері қалыпты жағдайдан әлдеқайда асып кетеді. 
Қорытындылай келе, сыни жазылым мен оқылым білім алушының 
жоғары деңгейде ойлануына және өзіне қажетті білімді игеруіне ықпалын 
тигізеді. Жазылым мен оқылым барысындағы пікірді дәлелдеу, көзқарасын 
анықтау, бағалау, талдау – бәрі күрделі болғанымен, оларды білудің маңызы 
зор. 
 Тапсырмалар 
1-тапсырма. Кестеде берілген мәтін атауларын анықтамаларымен 
сәйкестендіріңіз. 

Оқулық 

Белгілі бір зерттеудің қорытындысы, нәтижесі 
конференцияда не семинарда т.б. баяндалған 
еңбек 

Монография 

Мамандық бойынша негізгі болып табылатын 
пәндерден белгілі бір мерзімде орындалатын 
жұмыс түрі 

Ғылыми мақала 

Белгілі бір тақырып жан-жақты толықтай 
зерттеліп жазылған бір немесе бірнеше 
автордың ой-пікірі жинақталған ғылыми еңбек 

Ғылыми 
баяндама 

Жоғары оқу орнын бітіруші студенттің 
мамандығы бойынша таңдап алған тақырыбы 
туралы жүргізген ғылыми жұмысы 


102 

Курстық жұмыс 5 
Оқыту мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын 
ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап 

Дипломдық 
жоба 

Арнайы бір ғылыми мәселені талқылауға 
арналып, ғылыми журналда жарияланған мәтін 
2-тапсырма. Кестеде берілген мәтін ерекшеліктеріне қарап қай дереккөз 
түріне жататынын табыңыз. 
№ 
Мәтін сипаты 
Бастапқы 
дереккөз 
Екінші реттік 
дереккөз 

Белгілі бір кезеңде орын алып, сол 
кезеңдегі 
ғалымдар 
тарапынан 
талқыланған жайттар 

Өткен уақытта орын алған, бірақ сол 
кезде 
талқыланбай 
кейіннен 
қарастырылған жайттар 

Сұхбаттар, 
газеттер, 
баяндамалар, 
өмірбаяндар, хаттар 

Ғылыми мақалалар, монографиялар, 
энциклопедиялар, диссертациялар 
3-тапсырма. Эмпирикалық әдіспен жазылған мақала бөлімдерінің 
атауларын анықтамасымен сәйкестендіріңіз. 
№ Бөлім атаулары № 
Бөлім анықтамалары 

Тақырыбы

Зерттеу 
бойынша 
анықталған 
жайттарға 
тоқталады 

Аңдатпа

Зерттеу мазмұнын және оның не үшін жүзеге 
асырылғанын қамтиды. Зерттеу жұмысының 
басында жазылып, тақырыпқа қатысты осы 
кезеңге дейін жасалған зерттеулерге тоқталады 

Кіріспе

Зерттеу 
сұрағына 
жауап 
беріп, 
зерттеу 
барысында 
анықталған 
нәтижелерді 
өзге 
еңбектермен байланысы жөнінде талдау жасайды 

Зерттеу әдісі

Зерттеудің бағытын білдіру мақсатында негізгі 
сөздер мұқият таңдалады

Нәтиже

Зерттеу жұмысының қысқаша мазмұны 

Талқылау 

Зерттеу жұмысында атқарылған жұмыстар мен 
түйінделген негізгі тұжырымдар беріледі

Қорытынды 

Зерттеу жұмысы қалай жүргізілгенін сипаттайды 
4-тапсырма. Берілген тапсырмаларды орындаңыз. 
1. Оқып жатқан пәніңізге қатысты оқулықтың біреуін алып, осы 
оқулықтың бір бөліміне шолу жасап шығыңыз. 
Бөлімге көз жүгірту 
барысында мына мәліметтерге: 


103 
- тақырыптар мен тақырыпшаларға; 
- асты сызылған, қарамен белгіленген және курсивпен берілген 
ақпараттарға; 
- тізбелерге; 
- суреттер мен кестелерге 
көңіл бөліңіз

2. Осы оқулықтың басқа бөлімін басынан аяғына дейін оқып, мына 
сұрақтарға жауап беріңіз: 
- Мәтіннен қандай ерекшеліктер байқалды? 
- Маңызды ақпаратты тез табу үшін қандай ерекшеліктер көмектесті? 
- Мәтін мазмұнын түсіну қиын болды ма? 
5-тапсырма. Өзіңіздің дипломдық жобаңыздың тақырыбына жазылған 
ғылыми баяндама бойынша қай бөлім мәселені шешу жолдарын 
сипаттайтынын анықтаңыз. 
6-тапсырма. Зерттеу тақырыбыңызға қатысты кез келген ғылыми 
мақаланы алып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Мәтінге сыни 
тұрғыда талдау жасаңыз. 
1. Мәлімет нақты ма? Оны қалай білдіңіз? 
2. Мақаланы кім жазған? Автор сол саланың маманы ма? 
3. Автор белгілі бір тұжырымдарға сендіргісі келе ме? 
4. Ондағы аргумент кең немесе шағын мәселеге бағытталған ба? 
5. Аргументті дәйектеу үшін қандай дәйектер келтірген? 
6. Аргументте не берілмеген? 
7. Бұған қарсы қандай пікірлер болуы мүмкін? 
8. Автордың ұстанымымен келісесіз бе әлде келіспейсіз бе? 
9. Бұл туралы пікіріңіз қандай? 
10. Бұл тақырып бойынша басқа авторлар не айтқан? 
11. Мақаланың жаңалығы бар ма? 
12. Бұл материал сіздің жұмысыңызға қажет пе? 
Бақылау сұрақтары: 
1. Мәтін дегеніміз не? 
2. Академиялық мәтін түрлеріне қандай мәтіндер жатады? 
3. Академиялық мәтіндердің басты талаптары қандай? 
4. Дипломдық жобаның жазылу мақсаты қандай және ол неліктен соңғы 
курста жазылады? 
5. Академиялық эссе жазудың мақсаты қандай? 
6. Эссені сәтті жазудың бірден-бір жолы қандай? 
7. 
Сыни жазылым мен сипаттамалық жазылымның қандай 
айырмашылықтары бар? 


104 
8. Академиялық жазылым барысындағы талдау, бағалау және пікір 
білдіру дегендерді қалай түсінесіз? 
 Біліміңізді тексеріңіз! 
1. Мәтін дегеніміз не? 
а) белгілі бір тақырыптағы ақпаратты беруге бағытталған сөйлемдер мен 
абзацтардың жиынтығы 
b) еркін тақырыпты беруге бағытталған сөздер мен сөз тіркестерінің 
жиынтығы 
с) белгілі бір тақырыптағы ақпаратты беруге бағытталған ұғымдар мен 
атаулардың жиынтығы 
d) еркін тақырыпты беруге бағытталған шағын әңгімелер жинағы 
е) белгісіз бір тақырыпты беруге бағытталған сөздер мен сөз 
тіркестерінің жиынтығы 
2. Жоғары оқу орындарында тапсырма ретінде берілетін академиялық 
мәтін түрлеріне нелер жатады? 
а) мазмұндама, диктант, шығарма, эссе 
b) эссе, баяндама, реферат, курстық жұмыс
с) конспект, әңгіме, күнделік, роман 
d) тірек сөздер, аңдатпа, тезис, мақала 
е) кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер 
3. Жоғары оқу орнын аяқтаушы студенттің мамандығы бойынша таңдап 
алған тақырыбы туралы жүргізген ғылыми жұмысы. 
а) дипломдық жоба 
b) монография 
с) курстық жұмыс 
d) ғылыми баяндама 
е) ғылыми мақала 
4. Белгілі бір зерттеудің қорытындысы, нәтижесі конференцияда не 
семинарда т.б. баяндалған еңбек.
а) ғылыми мақала
b) монография 
с) курстық жұмыс 
d) дипломдық жоба 
е) ғылыми баяндама 
5. Оқыту мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі 
баяндайтын кітап 
а) оқулық 


105 
b) монография 
с) курстық жұмыс 
d) ғылыми баяндама 
е) ғылыми мақала 
6. Белгілі бір тақырып жан-жақты толықтай зерттеліп жазылған бір 
немесе бірнеше автордың ой-пікірі жинақталған ғылыми еңбек. 
а) курстық жұмыс
b) оқулық 
с) монография 
d) ғылыми баяндама 
е) ғылыми мақала 
7. Арнайы бір ғылыми мәселені талқылауға арналып, ғылыми журналда 
жарияланған мәтін. 
а) ғылыми мақала
b) монография 
с) курстық жұмыс 
d) дипломдық жоба 
е) ғылыми баяндама 
8. Мамандық бойынша негізгі болып табылатын пәндерден белгілі бір 
мерзімде орындалатын жұмыс түрі. 
а) дипломдық жоба 
b) монография 
с) ғылыми баяндама 
d) курстық жұмыс
е) ғылыми мақала 
9. Академиялық эссенің басты мақсаты не? 
а) оқытылған пән бойынша студенттің не түсінгенін білу 
b) белгілі бір әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру 
с) зерттелетін объектіге араласудың жолдарын және әдістерін анықтау 
d) физикалық модельді құру 
е) бағдарлама құру, әдістерін анықтау, тәжірибе құралдарын дайындау 
10. Эссені сәтті жазудың бірден-бір жолы қайсысы? 
а) ұсынылған мақалаға аңдатпа жаза алуында 
b) сыни ойлау техникасын меңгермеуінде 
с) берілген тапсырманы жақсылап түсініп алуда
d) зерттеу жұмысының нәтижесін қорғай білуінде 
е) талапқа сәйкес пайдаланылатын әдебиеттер тізімін құрастыра 
алмауында 


106 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет