92
әдебиеттерге дейін тақырып бекітілген кафедра талаптарына сай ресімделеді.
Курстық жұмыс ауызша қорғалады. Ондағы мақсат – студенттің өз бетінше
жүргізген зерттеу жұмысын бағалау және жетілдіру үшін ұсыныстар білдіру.
Дипломдық жоба
– жоғары оқу орнын аяқтаушы студенттің мамандығы
бойынша таңдап алған тақырыбы туралы жүргізген ғылыми жұмысы. Оның
негізгі мақсаты – болашақ маманның өз мамандығына байланысты белгілі бір
мәселені жан-жақты талқылап, талдап, сыни пікірін білдіріп, оны жетілдіру
үшін ұсыныстарын білдіре алатындығына көз жеткізу. Дипломдық жоба
курстық жұмысқа ұқсас болып келеді және зерттеу жұмыстарының
құрылымдары мен талаптары толық сақталады. Бірақ ол студенттің осы кезге
дейінгі жазған зерттеу жұмыстарынан әлдеқайда күрделі әрі көлемді болып
келеді (60-80 бет). Студент дипломдық жобаны жазу барысында өзінің
үйреген жазылым мен оқылым, зерттеу және т.б. қабілеттерінің барлығын
қолдана алуы тиіс. Жұмыстың тақырыбы мен жетекші кафедрада бекітіледі
және студент қашанда жетекшімен тығыз байланыста жұмыс жүргізуі қажет.
Жұмыс аяқталғаннан кейін ауызша қорғалатын болады және қолжазба
кафедрада бекітілген талапқа сай ресімделіп, түптеледі және белгілі бір
уақытқа дейін сақталуы үшін мұрағатқа өткізіледі.
Академиялық бағытта білім алушыдан талап етілетін жазба жұмысының
қай түрі жазылатындығы, олардың ресімделуі, көлемі, өткізілу мерзімі сияқты
талаптар қашанда оқытушы немесе тақырыпқа қатысты пәнді оқытатын
кафедра тарапынан белгіленетінін естен шығармау керек. Сондай-ақ
Қазақстанда білім беретін мекемелер мен ғылыми жұмыстарды жариялауға,
басуға қабылдайтын орындардың басым көпшілігі сілтеме жасау мен
қолданылған әдебиеттер тізімі МЕМСТ ережесіне сәйкес ресімделуін талап
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: