83
ақпараттарды алып тастауға мүмкіндік береді.
Қайта оқу арқылы
грамматикалық және синтаксистік, стильдік қателерін түзету керек. Демек
қайталау эссенің дұрыс жазылуына үлкен септігін тигізеді.
2.
Түйіндемеде жазылған мәліметтерді қайталамау.
Оқуға
құжат
қабылдаушылар (комиссия мүшелері) талапкерлердің құжаттарын оқиды.
Сондықтан түйіндемедегі мәліметтерді қайта оқу құжатты тексерушілерді
жалықтырып жіберуі мүмкін. Сол себепті өзіңізді құжат тексерушінің орнына
қоюға тырысыңыз. Қандай жайттар уәждемелік эссені қызықты ететінін
ойлану керек.
3.
ЖОО-ның оқытатын мамандығына қарай бейімдеу.
Университеттің
ұсынатын мамандыққа сәйкес оқытатын пәндерін білу керек.
Барлық ЖОО-
лар оқытатын пәндерінің бағдарламасын сайттарына жариялайды. Осы
пәндерді өз қызығушылықтарыңызбен байланыстыруға тырысыңыз. Бұл
бағдарламаларды оқу сіз үшін қандай пайда әкеледі және мұндай пәндерді оқу
қандай қызығушылық тудыратынына мән беріңіз.
4.
Шынайы жазу.
Эссені жазуда еркін болу керек. Өзіңіздің
арманыңыз бен мақсатыңыздың жүзеге асуы үшін жасаған әрекеттеріңізді
сипаттаңыз. Жалған ақпарат көрсетіп немесе
өзіңізді тым асыра мақтауға,
үздік үміткер ретінде көрінуге жол бермеңіз. Шынайылық қана сәттілікке
алып келетініне сеніңіз.
5.
Бастан кешкен қызықты оқиға туралы жазу.
Оқу бағдарламасына
қатысты және мамандыққа қатысты жайттармен бөлісіңіз. Осы оқиға арқылы
мамандықтың маңыздылығын қалай түсінгеніңіз туралы баяндауға болады.
Дегенмен көп мәлімет жаза берудің де қажеті шамалы.
Бакалавр, магистр, докторантура және оқу грантын иелену үшін
жазылатын уәждемелік эсселердің бағыты мен құрылымы бірдей болғанымен,
бакалавр үшін жазылатын эссенің академиялық салмағы аздау болады.
Магистратураға жазылған уәждемелік эсседе
көбіне мамандыққа қатысты
тәжірибе баяндалады. Ал докторантураға түсу үшін жазылған эсседе
тәжірибемен қоса ғылыми дәрежені алғаннан кейінгі болашақтағы жоспарлар
жөнінде де баяндауына тура келеді. Сонымен қатар олардың көлемі де әртүрлі
болып келеді. Қанша сөз немесе қанша парақ жазылу керек екенін
университет сайтынан білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: