12 Сілтеме және оның түрлері
12.1 Тура және жанама дәйексөздер
«Сілтеме» ұғымының мағынасы кең, оның ауқымына сілтеме жасалатын
автор идеясының өзі де, идеялар жарияланған еңбектің өзі де кіреді.
Сілтеменің негізгі екі түрі бар, олар:
-
дәйексөз;
-
библиографиялық тізім.
Дәйексөз
– ғылыми еңбектен сөзбе-сөз алынған үзінді. Дәйексөзді
қолдану барысында оның қайдан алынғанын (еңбектің авторын, атауын,
153
алынған бетін, жылын т.б.) көрсету ғылыми еңбектің басты шарты. Мәтін
ішінде дәйексөз тырнақшаға алынып жазылады.
Дәйексөздің қайдан алынғаны толық көрсетілуі керек. Дәйексөз,
негізінен, баспасөз материалдарында, ғылыми еңбектерде, кітаптар мен
әртүрлі қолжазбаларда, баяндамалар және сөйлеген сөздерде келтіріледі.
Дәйексөздерді ғылыми еңбектерде пайдаланғанда сол еңбекте айтылатын
оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды
одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол
өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде ғалымдар мен әдебиет,
мәдениет, өнер қайраткерлерінің пікірлерінен дәйексөздер алынып отырады.
Мұның өзі үлкен талғаммен алынса, еңбектің сапасын арттыруға септігін
тигізеді.
Дәйексөз, көбінесе, ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған
жағдайда керекті жерін алып, қысқарған сөздердің орнына көп нүкте қою
шарты бар. Дәйексөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде
дәйексөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақты
көрсетуі тиіс. Дәйексөз тырнақшаға алынады және автордың жазған стилін
сақтап, дереккөздегі қалпындағы грамматикалық формада беріледі. Ғылыми
жұмыстарда қандай да бір материалдарға сілтеме жасамауға жол берілмейді.
Тура дәйексөзде жанама дәйексөзден қандай айырмашылығы бар?
Тура дәйексөзде өзгенің мәтіні сөзбе-сөз беріледі. Мұндай дәйексөз
тырнақшаға алынып жазылады, дәйексөзден кейін дәйексөз алынған
жұмыстың беті көрсетіліп, сілтеме беріледі. Сілтеме тік жақшамен беріледі.
Мысалы:
«Академиялық жазылым дағдысын білу – бұл академиялық ортада
табысты болудың негізгі», - дейді Ресей ғалымы И.Б.Короткина [1, 20-б.].
Сыни ойлау психологиясын зерттеуші ғалым Д.Халперн: «Сыни ойлау –
ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы
шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану» [2, 15-б.], - деген ой
айтады.
Ғылыми жұмыс авторы жанама дәйексөзді қолдана отырып, сілтеме
жасалған жұмыстың мәтінін өз сөзімен береді. Мұндай дәйексөз тырнақшаға
алынбайды, бірақ жұмысқа міндетті түрде сілтеме жасалады. Мысалы:
Машиналық оқыту – бұл жасанды интеллект теориясының кең
бөлімі, математикалық статистика, сандық оптимизация әдістері мен
ықтималдық теориясының бөлімдерін қолданатын қатаң математикалық
пән. Машиналық оқыту жасанды интеллект әдістерінің сыныбы, оның
сипаттамалық ерекшелігі мәселені тікелей шешу емес, көптеген ұқсас
мәселелерге шешімдер қолдану процесінде жаттығу жасау болып
табылады. Мұндай әдістерді құру үшін математикалық статистика,
сандық әдістер, оңтайландыру әдістері, ықтималдықтар теориясы,
графикалық теория, сандық түрде мәліметтермен жұмыс істеудің әртүрлі
әдістері қолданылады
[7, 89-б.].
154
Дәйексөздерді ресімдеу.
Кімге және қайда сілтеме жасау керектігін
анықтадық. Енді пайдаланылған әдебиетке сілтемені қалай ресімдеу керектігін
келейік. Алдымен, жұмыста кездесетін
Ескерту
деп аталатын белгілерге
тоқталайық. Әңгіме сіздің түсіндіруіңізді талап ететін, мәтініңізге керекті
қосымша ақпаратты қамтитын, негізгі мәтінге кіргізудің соншалықты қажеті
жоқ, дегенмен жалпы жұмыс үшін маңызды мәтін фрагменттері туралы болып
отырады.
Орналастыруға байланысты ескертуді 2-ге бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |