З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет84/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97
Байланысты:
Академ

13.4 Зерттеу жұмысын ресімдеу
Зерттеу жұмыстарының құрылымдық элементтері мыналар

- титул парағы; 
- тапсырма; 
- аңдатпа (ғылыми мақала үшін – реферат); 
- мазмұны; 
- кіріспе; 
- негізгі бөлім; 
- қорытынды; 
- қысқартулар тізбесі; 
- терминдер тізбесі; 
- әдебиеттер тізімі; 
- қосымшалар. 


167 
Титул парағы. 
Титул парағы оқу жұмысының бірінші беті болып
саналады және құжатты өңдеу және іздеу үшін қажетті ақпарат көзі
болып табылады.
Титул парағы А4 пішіміндегі параққа орындалады. 
Титул парағында келесі мәліметтер келтіріледі:
- ЖОО атауы (бас әріптермен); 
- кафедра атауы (бірінші әрпі бас әріптен басқасы кіші әріптермен); 
- оқу жұмысының түрі (бас әріптермен және қою қара қаріптермен 
ерекшеленеді); 
- пәні (бірінші әрпі бас әріптен басқасы кіші әріптермен); 
- оқу жұмысының тақырыбы (бірінші әрпі бас әріптен басқасы кіші 
әріптермен) «Тақырыбы:» деп көрсетілуі қажет; 
- мамандық шифры мен атауы; 
- кеңес берушілер мен пікір берушілердің қолдары (тегі мен аты-жөні, 
ғылыми дәрежесі, атағы, қол қойған күні). Кеңес берушілер санының көптігіне 
байланысты екінші бетті шығаруға рұқсат етіледі, ол титул парағының жалғасы 
болып табылады. Сонымен қоса екінші беттің жоғарғы оң жақтағы бұрышына 
«Титул парағының жалғасы» деген жазу мен зерттеу жұмысының атауы 
көрсетіледі; 
- сол жағына «Орындаған» деген сөз, қарсы жағының оң жағына 
студенттің тегі мен аты-жөні көрсетіледі;
- төменгі жолға «Ғылыми жетекшісі» деп жазылады (дипломдық 
жоба, магистрлік немесе докторлық диссертациялар үшін) және жетекшінің 
тегі мен аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі; 
- қаласы мен орындаған жылы («жыл» деп көрсетілмейді немесе «ж.»). 
Титул парағы үлгіге сәйкес ресімделеді. Төменде дипломдық жобаның 
титул парағының үлгісі, дипломдық жобаны орындау тапсырмасының
үлгісі берілген. 


168 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
«ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы 
____________________________________ институты 
____________________________________ кафедрасы 
«ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ» 
Кафедра меңгерушісі __________________________ 
(ғылыми дәрежесі, атағы, Т.А.Ж.) 
___________ «____» ________________202___ж. 
(қолы) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет