190
-
өз қабілетін көрсету.
Бұл маңызды. Адам адамнан шабыт алады. Сол
себепті таныстырылымда өз қабілетіңізді көрсете алуыңыз керек.
-
аудио-визуалды көмектер.
Олар көмекші құрал болумен ғана шектелуі
керек. Таныстырылым жасау кезінде әр 2 минутта бір слайдтан артық
қолданбаған дұрыс, мүмкіндігінше азырақ болсын. Сонымен қатар мәтіннен
тұратын слайд орнына әлдеқайда әсерлі визуал қолдануға тырысыңыз. Аудио,
бейнематериал туралы да ойланып көріңіз. Сондай-ақ таныстырылым жасау
кезінде қозғалыста болыңыз, өйткені бір орында тұрып қозғалмай сөйлеу
қызық емес.
Тиімді таныстырылымның бес ережесі:
1) тыңдаушыларға не керек екенін біліңіз;
2) оларға керек нәрсені беріңіз;
3) олардың тілінде сөйлеңіз;
4) өз сөзіңізді өмірден алынған әңгімелермен толықтырыңыз;
5) олармен түйсік деңгейінде байланыс жасаңыз.
Тиімді таныстырылымның бас қағидасы – өзіңіз білетін нәрсе туралы
емес, оларға нені білу қажет, сол туралы айтыңыз.
Адамдарды тыңдататын тағы бір себеп –
сіздің сөйлеу дағдыңыз бен
шеберлігіңіз.
Қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері өз сөзімізді басқаларға
жеткізудің тиімді амалы болып табылады.
Алдымен, таныстырылымның жоспарын жасап алыңыз. Сізге
тыңдаушының не істегені керек? Оларды қалай басқаша ойландыра аласыз?
Олардың есінде не қалуы керек? Жоспар сіздің негізгі кілтіңіз болады. Бірақ
сөздің сценарийін жасаудың керегі жоқ. Сценарий жасаудың орнына, негізгі
айтатын ойыңызды белгілеп алыңыз.
Таныстырылымның мазмұнына қойылатын талаптар:
- тақырыпты ашу;
- материалды беру (слайдқа бөлудің негіздемесі);
- графикалық ресімдеу негіздемесі (суреттер, сұлбалар, диаграммалар);
- мазмұндау сауаттылығы;
- жоба тақырыбы бойынша қосымша қызық ақпараттың болуы;
- ақпарат көзіне сілтемелер (оның ішінде Интернет қорлары).
Таныстырылымды безендіру талаптары:
- таныстырылым дизайнының бірегейлігі;
Достарыңызбен бөлісу: