З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет89/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97
Байланысты:
Академ

 
 


179 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Зерттеу жұмысын жазған кезде жиі орын алатын қателер туралы 
айтыңыз. 
2.
Ғылыми жұмысты редакциялаудың жолдары қандай? 
3.
Дайын мәтінмен жұмыстың басты қағидаты не?
4.
Үлкен мәтіннің құрылымын жақсартудың тәсілдерін айтыңыз. 
5.
Зерттеу жұмыстарының құрылымдық элементтері жайлы айтыңыз. 
6.
Зерттеу жұмыстарының норма бақылауы не үшін қажет?
 
 Біліміңізді тексеріңіз! 
1. Оқу жұмысының бірінші беті және құжатты өңдеу және іздеу үшін
қажетті ақпарат көзі болып табылатын құрылымдық элементі 
а) титул парағы 
b) кіріспе
с) негізгі бөлім 
d) қорытынды 
е) қосымшалар 
2. Дипломдық жобаның негізгі сипаттамалары, жұмыстың ерекшеліктері 
неде көрсетілетінін белгілеңіз. 
а) терминдер тізбесі 
b) тапсырма 
с) аңдатпа
d) әдебиеттер тізімі 
е) қорытынды 
3. Норма бақылаудың негізгі міндетінің бірі. 
а) стандарттар жүйесіне сәйкес келетін, дұрыс ресімделген дипломдық 
жобаларды дайындау 
b) эмпирикалық зерттеу нәтижелерін түсіндіру және қорыту
с) зерттелетін объектіге араласудың жолдарын және әдістерін анықтау 
d) физикалық модельді құру 
е) бағдарлама құру, әдістерін анықтау, тәжірибе құралдарын дайындау 
4. Норма бақылаудың негізгі міндетінің бірі. 
а) физикалық модельді құру 
b) эмпирикалық зерттеу нәтижелерін түсіндіру және қорыту
с) бағдарлама құру, әдістерін анықтау, тәжірибе құралдарын дайындау
d) зерттелетін объектіге араласудың жолдарын және әдістерін анықтау


180 
е) тілдік ережелермен белгіленген жазу нормалары мен талаптарын 
сақтау 
5. Ғылыми жоба жазу кезінде жиі кездесетін қателердің бірі. 
а) жұмыс көлемін сақтау талабының орындалмауы 
b) алынған мәліметтерді теориялық есептеулермен салыстыра білуі
с) орындалған жұмыстың әдістемесі мен негізгі нәтижелерін көрсете 
білуі 
d) тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалығын бере білуі 
е) оқу эксперименттерінің келтірілген талдауларының болуы
6. Ғылыми жоба жазу кезінде жиі кездесетін қателердің бірі. 
а) оқу эксперименттерінің келтірілген талдауларының болуы 
b) тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалығын бере білуі
с) алынған мәліметтерді теориялық есептеулермен салыстыра білуі 
d) зерттеу тақырыбы мен мазмұны бір-біріне сәйкес келгенімен, 
берілген тақырыптың ашылмай қалуы
е) орындалған жұмыстың әдістемесі мен негізгі нәтижелерін көрсете 
білуі 
7. Ғылыми жоба жазу кезінде жиі кездесетін қателердің бірі. 
а) бөліктердің, тараулардың, тараушалардың арасында байланыстың 
болмауы 
b) оқу эксперименттерінің келтірілген талдауларының болуы 
с) алынған мәліметтерді теориялық есептеулермен салыстыра білуі 
d) тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалығын бере білуі 
е) орындалған жұмыстың әдістемесі мен негізгі нәтижелерін көрсете 
білуі 
8. Тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні, 
зерттеудің мақсаты мен міндеттері көрсетілетін бөлім. 
а) кіріспе 
b) қорытынды 
с) негізгі бөлім 
d) аңдатпа 
е) әдебиеттер тізімі 
9. Дипломдық жоба аңдатпасының жалпы көлемі қанша болуы керек? 
а) бес беттен аспауы керек 
b) бір беттен аспауы керек
с) екі беттен аспауы керек 
d) үш беттен аспауы керек 
е) төрт беттен аспауы керек 


181 
10. Орындалған жұмыстың маңызын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін 
көрсететін бөлім
а) негізгі бөлім 
b) қорытынды 
с) кіріспе 
d) аңдатпа 
е) әдебиеттер тізімі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет