З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


 Зерттеу жұмыстарының норма бақылауы



Pdf көрінісі
бет88/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97
Байланысты:
Академ

13.5 Зерттеу жұмыстарының норма бақылауы
Норма бақылаудың негізгі мақсаты
– дипломдық жоба сапасының 
деңгейін көтеру және олардың ресімделуін бір жүйеге келтіру. 
Норма бақылаудың негізгі міндеттері: 
-
дипломдық жобада тілдік ережелермен белгіленген жазу нормалары 
мен талаптарын сақтау; 
-
стандарттар жүйесіне сәйкес келетін, дұрыс ресімделген дипломдық 
жобаларды дайындау. 
Норма бақылау дипломдық жобалардың қорғауға дайындалғандағы 
қорытынды кезеңінде жасалады. 
Дипломдық жоба норма бақылауға сол жұмысты дайындау мен 
шығаруға байланысты жауапты тұлғалардың қолдары жиналғаннан кейін 
өткізіледі. Мақұлданған
дипломдық жоба норма бақылауға бекітуге дейін 
тапсырылады. 
Дипломдық жобалардың норма бақылауы профессор-оқытушылар 
құрамының арнайы тағайындалған тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. 
Норма бақылаушы орындалған дипломдық жобадағы тілдік ережелердің 
сақталуын, сондай-ақ стандарттар талаптарының және басқа да нормативтік 
техникалық құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптардың сақталуына жауап 
береді.
Норма бақылаушы дипломдық жобадағы қабылданған техникалық 
шешімдердің мазмұн дұрыстығына жауап бермейді. 
 Тапсырмалар 
1-тапсырма. Берілген әдебиеттердің библиографиялық сипаттамасын 
талапқа сай безендіріңіз. 
1.
Мәскеудің «Техносфера» баспасында
И.В. Шахновичтың 2006 жылы 
жарық көрген 288 беттен тұратын «Сымсыз байланыстың заманауи 
технологиялары» оқулығы.
2.
2021 жылғы «Алматы энергетика және байланыс университетінің 
Хабаршысы» журналының №1 (52) санында 48-беттен 57-бетке дейін жарық 
көрген Т.С. Иманкулов пен А.Б. Болатовтың «Ақылды қалалардағы жол 
қозғалысын бақылаудың желілік томографиялық тәсілі» тақырыбындағы 
мақаласы.
3.
Ю.Н. Пак, Д.Ю. Пак пен А.С. Бегимбетованың Қарағанды ҚарТУ 
баспасында 2021 жылы басылған 183 беттен тұратын «Ғылыми-инновациялық 
қызмет және өнертапқыштық» оқу құралы.
4.
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ-да 
6D070400 – «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету» 
мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін 
дайындалған К.О. Тогжанованың 127 беттен тұратын «Smart сity дамуындағы 
динамикалық жоспарлау жүйесін әзірлеудің модельдері мен әдістері» 
тақырыбындағы диссертациясы. 


178 
5.
2009 жылы Алматы энергетика және байланыс институтында
E. Нұрeкeн, Д. Тeмiрбaeв пен Б. Aлиярoвтың авторлығымен құрастырылған 
200 беттен тұратын жылу қaйрaтият aтaулaрының қaзaқшa-oрыcшa, oрыcшa-
қaзaқшa тeрминoлoгиялық cөздiгi. 
2-тапсырма. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, төменде 
берілген тақырыптар бойынша ауызша жауап беруге дайындалыңыз. 
1.
Мәтінмен жұмыстың қорытынды кезеңі.
2.
Мәтінді пысықтау және редакциялау.
3.
Зерттеу жұмысының қорытындысын жазу.
4.
Тұжырым мен қорытындының арасындағы айырмашылық. 
 
3-тапсырма. Төменде берілген мәселелер негізінен зерттеу жұмысының 
қай бөлімінде қарастырылатынын анықтаңыз. 
-
Зерттеу мәселесін қайта көтеру; 
-
Анықталған мәліметтерді баяндау және олардың маңыздылығын 
түсіндіру; 
-
Зерттеу 
бойынша 
анықталған 
мәліметтерді 
өзге 
зерттеу 
нәтижелерімен салыстыру және байланыстыру
-
Анықталған мәліметтерді түсіндірудің өзге жолдарын анықтау; 
-
Зерттеу жұмысының шектеулілігін білдіру; 
-
Осы тақырыпта жүргізілетін алдағы зерттеу жұмысына ұсыныстар 
жасау. 
 
4-тапсырма. Төменде берілген мәселелер негізінен зерттеу жұмысының 
қай бөлімінде қарастырылатынын анықтаңыз. 
-
Зерттеу жұмысында көтерілген мәселе жөнінде соңғы ойды білдіру; 
-
Автордың өз ойын түйіндеуі; 
-
Тақырыпқа қатысты зерттеу еңбектерінде әлі қозғалмаған тың 
жайттарды білдіру; 
-
Автор идеясының маңыздылығын көрсету; 
-
Зерттеу мәселесіне қатысты жаңа мүмкіншіліктер мен оны шешу 
жолдарын ұсыну. 
 
5-тапсырма. Төменде берілген мәселелер негізінен зерттеу жұмысының 
қай бөлімінде қарастырылатынын анықтаңыз. 
-
Тақырыптың маңыздылығын көрсету; 
-
Тақырып туралы жалпы шолу жасау; 
-
Тақырыпқа қатысты зерттеу жұмыстарына шолу жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет