З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет90/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97
Байланысты:
Академ

14 Ғылыми жұмысты бағалау формасы 
 
14.1 Пікір
Пікір
аяқталған еңбекке (оқулық, оқу құралы, ғылыми мақала, 
дипломдық жоба, диссертация, монография т.б.) жолдама, баға ретінде 
жазылады. Пікірде еңбектің жазылу мақсаты, ғылым саласында алатын орны, 
практикалық-өндірістік қолданыс қажеттілігі түсіндіре пайымдау арқылы 
баяндалады. Зерттеу еңбегінің нәтижесі бойынша автордың жетістігі нақты 
негізделіп түсіндіріледі. Пікірдің қорытынды бөлімінде еңбектің кімге 
арналғандығы, практикалық қолданылу аясы ескертіледі. Пікір жазушы сол 
саланың білікті маманы болуы тиіс. Ол пікірді жазу барысында ғылым 
саласына байланысты терминдерді дұрыс қолдана отырып, ойын анық, 
қисынды, түсінікті жеткізе білуі тиіс.
Пікір сол еңбектер жөніндегі пікір айтушының көзқарасын білдіреді, 
оның жетістігі мен кемшілігін айтып, баға береді, ұсыныстар жасайды.
11-кесте. Пікірдің құрылымы мен оның мәтініндегі тілдік оралымдар

№ 
Құрылымдық 
бөліктер 
Тілдік оралымдар 
 
 
 

Кіріспе
Жұмыс ... тақырыбына арналған. 
Зерттеу 
тақырыбының 
өзектілігі 
сөзсіз/дау 
тудырмайды.
 

Негізгі бөлім 
Жұмыстың бірінші тарауында ... сөз болады. 
Жұмыстың теориялық бөлігі ... зерттеуге арналған. 
... мынадай мәселелерді анықтайды. 
... мәселелеріне басты назар аударылады. 
Жұмыс 
мазмұнының 
қысқаша 
баяндалуы 
Жетістіктері 
Ұсынылып 
отырған 
теорияның/шешімнің 
маңыздылығы анық. 
... мәселесі жан-жақты талданады/ егжей-тегжей 
сипатталады. 
Тәжірибелік 
тұрғыдан 
нақты 
дәйектеледі/ 
дәлелденеді. 
Теориялық деректерді талдауы ... сияқты шешімдер 


182 
жасауға мүмкіндік береді. 
... негізінде өз көзқарасын нақты дәлелдей алған. 
... қол жеткізілген нәтиже ретінде бағалауға 
болады. 
... 
практикалық ұсыныстар әзірлеп, оларды 
сынақтан өткізген. 
... мәселеге қатысты тың тұжырымдар ұсынылған. 
автордың ... деген пікірін қолдаймыз/ пікіріне 
қосыламыз. 
Кемшіліктері 
... 
жеткілікті 
түрде 
дәлелденбегенін 
атап 
көрсетеміз. 
... қатысты ойын толық аша алмаған. 
... деген пікірін қабылдау қиын. 
... деген пікірімен/ көзқарасымен/ тұжырымымен 
келісуге болмайды. 
... кемшілігі ретінде көрсетуге болады. 
Ұсыныс, 
ескертулер 
Зерттеу жұмысының маңыздылығына нұқсан 
келтірмейтін ескертулер бар ... 
... деген ұсыныс айтуды жөн көрдік. 

Қорытынды 
... қойылатын талаптарға жауап береді, ... бағалауға 
болады. 
... қосымша редакциялауды талап етеді, себебі... 
... 
қорғауға/жариялауға ұсынуға болады деп 
санаймыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


183 
Алматы энергетика және байланыс университетінің аға оқытушысы, 
филология ғылымдарының кандидаты З.С.Советованың ғылыми жетекші 
ретінде С.А.Сәрсеннің «Техникалық терминдердің жасалу жолдары» 
тақырыбындағы баяндамасына берген пікірі: 
 
 
 
 


184 
5B070300 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының 4-курс 
студенті Сихымбай Марленнің «Емдеу-диагностика процесін басқару 
бойынша шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесін әзірлеу» тақырыбындағы 
дипломдық жобасына жазылған пікір үлгісі берілген. 
 


185 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет