З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


- қолданылған дизайнның негіздемесі



Pdf көрінісі
бет93/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
Академ

 
- қолданылған дизайнның негіздемесі; 
 
- таныстырылымға қосылған суреттердің стиль бірлігі;
 
- ресімдеуде өзіндік (авторлық) элементтерді қолдану; 
 
- графиканы оңтайландыру; 
 

мультимедианың: 
графиктер, 
анимация, 
бейне, 
дыбысты 
пайдаланудың негіздемесі; навигацияның: бөлімдер атауларының, слайдтар 
мен гиперсілтемелерді ауыстыру батырмаларының болуы. 
Слайдтар қалай жасалуы керек?
Слайд жасағанда мынадай шарттарды ескеру керек: 


191 
- бір слайдқа бір сөйлем жазыңыз; 
- әр слайдқа сәйкес сурет қосыңыз; 
- сіздің ойыңызды дәлелдейтін кескін немесе сурет, сіз сипаттап отырған 
заттың тұжырымын түсінуге мүмкіндік беретін диаграмма, деректер 
көрсетілген кесте, үдеріс алгоритмін көрсететін блок-сұлба;
- слайдта стандартты суреттер мен шаблондар болмауы керек;
- слайдтың дизайнына көңіл бөліңіз;
- қарапайым фонды таңдаңыз, ирегі көп шрифті таңдамаңыз, мәтіннің 
түсі фоннан ерекшеленуі керек;
- әрбір слайд қажет болуы керек;
- слайд сөйленген сөзді толықтырып немесе қорытындылауы керек;
- аудитория слайдтың сөздің қай жеріне қатысы бар екенін анық білуі 
керек;
- слайдтағы ақпарат қысқа, нұсқа болуы керек;
- слайдта ақпарат көп болмауы керек, күрделі сұлбалар мен тізімдерді 
бірнеше слайдқа бөлу керек;
- слайдта толық сөйлемдерді емес, сөз тіркестерін пайдалану керек; 
Толық сөйлемдерді тек дәйексөз немесе анықтама болса ғана жазу керек; 
- слайдтардың түстері бірдей болуы керек. 
15.2 Дипломдық жобаны қорғау 
Дипломдық жобаны қорғау шамамен 7-10 минут аралығын құрайды. 
Сондықтан баяндаманы дауыстап ырғақты қарқынмен оқып, сөз сөйлеу 
уақытын ескеру қажет. Дипломдық жобаны қорғаушы студент алдын ала 
иллюстрациялық материалды (сызбалар, үлгілер, кестелер, слайдтар және т.б.) 
алдын ала дайындап, оны көрсету, таныстыру рәсімін ойластыру керек. 
Ғылыми жетекшінің пікірі мен сын-пікірмен (рецензиямен) танысқаннан кейін 
қорғауда олар бойынша өз пікірін дұрыс және сенімді жеткізу үшін ондағы 
ескертулер мен сұрақтарға жазбаша жауаптар дайындаған жөн. Дипломдық 
жобаны қорғау Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының Төрағасының 
міндетті түрде қатысуымен және комиссия құрамының кемінде үштен екісінің 
қатысуымен ашық отырыс түрінде өтеді. Бұл отырыста ғылыми жетекшінің 
өзі де қатысуы қажет. Қорғау дипломның баяндамасынан басталады. 
Баяндаманың мәтінін қағаздан үзбей оқу дұрыс емес. 
Баяндама аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері мен қатысушылар 
дипломдық жобаны қорғаушы студентке дипломдық жобаның тақырыбы 
бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтарды жазуға, ойлауға және олардың 
әрқайсысына жауап беруге болады. Жауаптар берілген сұрақтардың мәні 
бойынша қысқаша және дәлелді болуы тиіс. Содан кейін жетекшінің пікірі 
және сын-пікір ескертулері мен олардың негізгі қорытындылары оқылады 
немесе жетекшіге және сын-пікір берушіге сөз беріледі, олар дипломдық жоба 
және сол студент туралы өз пікірлерін айтады. Дипломдық жобаны қорғаушы 
студентке ескертулерге дұрыс жауап беруге, қарсылық білдірілген жұмыс 


192 
бөлімдері бойынша қорғауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар әділ 
ескертулермен келісімдер де берілуі мүмкін.
Дипломдық жобаларды бағалау және қорғау қорытындылары туралы 
комиссияның шешімі жабық отырыста Комиссия мүшелерінің көпшілік 
дауысымен қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда Төрағаның 
дауысы шешуші болып табылады. Қорғау нәтижелері (бағасы) комиссия 
отырысының хаттамасы белгіленген тәртіппен ресімделгеннен кейін сол күні 
жарияланады. Қорғау нәтижелері бойынша анықтау кезінде тақырыптың 
өзектілігі мен жаңалығы, орындалған жұмыстың сапасы мен көлемі, 
зерттеудің дербестігі, оның нәтижелерінің теориялық және практикалық 
маңыздылығы, ғылыми жұмысты ресімдеу, сұрақтарға жауап беру, студенттің 
зертханалық құрал-жабдықтарды меңгеру, жетекші мен рецензенттің пікіріне 
жауап беру деңгейі де бағаланады. Осымен қатар, студенттердің өз бетінше 
технологиялық зерттеулер жүргізуі, шет тіліндегі әдебиеттерді меңгергендігі, 
компьютерлік техниканы пайдалануы, енгізу туралы анықтамамен (актімен) 
расталған нәтижелерді өндіріске енгізу жұмыстары да қосымша бағаланады. 
Қорғау қорытындысы бойынша Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы 
жақсы орындалған дипломдық жобаларды үздік деп танып, оларды өндіріске 
енгізу немесе оқу үрдісінде пайдалануға, ал осындай жұмыстардың 
авторларын (студенттерді) магистратураға оқуға ұсына алады. 
Егер студент алған бағасына қанағаттанбаса, онда ол апелляциялық 
комиссияға өтінішін жаза алады. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы 
апелляцияны қарайды және өз шешімін хабарлайды. Егер дипломдық жобаны 
қорғаушы студент өз жұмысын қорғау үшін белгіленген уақытта қандай да бір 
дәлелді себеппен келе алмаған жағдайда Мемлекеттік аттестаттау 
комиссиясының Төрағасы қорғауды басқа уақытта, бірақ комиссия жұмысы 
аяқталғанша кешіктірмей тағайындауға құқылы. Мемлекеттік аттестаттау 
комиссиясының отырысына қорғауға дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда 
дипломдық жобаны қорғаушы студентке «қанағаттанарлықсыз» деген баға 
қойылады. 
 Тапсырмалар 
1-тапсырма. Келесі сұрақтарды және бұдан да өзге сұрақтарды бір-
біріңізге қойып, таныстырылым туралы әңгімелесіңіз. 
1. Тиімді таныстырылымның ережелері қандай? 
2. Тыңдаушыны қалай қызықтыруға болады?
3. Алдыңыздағы адамдар нені естігісі келеді? 
4. Тыңдаушылар пікірінің презентатор үшін маңызы қандай? 
5. Таныстырылымның безендірілуі қандай болуы керек? 
6. Слайд жасау ережелері қандай? 
7. Таныстырылым жасау шеберлігін арттыру үшін тағы қандай 
нәрселерді білген жөн? 


193 
8. Слайдта не болмауы керек? 
9. Танымал адамдардың ішінен шебер презентатор деп кімді айтар 
едіңіз? 
2-тапсырма. 
Дипломдық 
жобаңыздың 
тақырыбы 
бойынша 
таныстырылым дайындаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет