165
Жиі орын алатын қателердің ішіндегі
төртінші жағдай
– дайын
материалдарды қорытынды мәтінге жинақтау мәселесі. Зерттеу тақырыбыңыз
бойынша жеке-жеке бөліп алып қарағанда тәп-тәуір
бөліктерден тұратын
мәтін құрастырдыңыз, бірақ бөліктердің,
тараулардың, тараушалардың
арасында байланыс жоқ. Сол себепті мәтіннің құрылымына, яғни жоспарына,
тараушалардың мазмұндық байланысына (олардың жазылу стилі әртүрлі
болса да) баса назар аудару керек.
Орын алатын
қателердің
бесіншісі
жұмыс көлемімен байланысты.
Зерттеудің көлемі бір баспа табақ болуы керек, ал сіз бір жарым баспа табақ
жазасыз немесе
жұмыс он екі бет болуы тиіс, сіз жиырма бет жазасыз. Осы
ретте интервалды азайту, шрифт өлшемін кішірейту сияқты қулықтар жасалуы
мүмкін. Жұмыс көлемін сақтау талабы басқа талаптардан еш кем емес. Жұмыс
көлемі талаптан артық болса, басылым редакторы немесе жетекшіңіз
жұмысыңызды өзі қысқартуы мүмкін, ал бұл
кезде сіз жазған мәтіннің
маңызды жерлері кетіп қалуы әбден мүмкін, сондықтан жұмысыңызды өзіңіз
қырнап, қысқартып, талапқа сай сәйкестендіргеніңіз дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: