166
сөйлемнен құралған мәтінді оқып-түсіну қиындық тудырады, оларды
мағыналық бөлшектерге бөлу қажет.
Үлкен мәтіннің құрылымын жақсартудың тәсілдері ретінде мәтін
ішіндегі түрлі бөліністерді, белгілерді атауға болады. Олардың жиі
қолданылатындары мыналар: шрифтер, тізімдер, түрлі форматтар.
Қою шрифт немесе басқа өлшемдегі шрифті маңызды сөздер мен
сөйлемдерді, терминдерді, басқа мәтіннен алынған дәйексөзді, құжаттардың
атауларын т.б. жазған кезде қолдануға болады,
басты ереже
– бірізділікті
ұстану.
Тізімдік ресімдеуге сызықша, реттік нөмір қолдану тәсілі жатады.
Мысалы:
-
сөз, сөйлем;
-
сөз, сөйлем;
-
сөз, сөйлем.
Немесе:
1)
сөз, сөйлем;
2)
сөз, сөйлем;
3)
сөз, сөйлем.
Немесе:
а) сөз, сөйлем;
ә) сөз, сөйлем;
б) сөз, сөйлем.
Бұл көрсетілгендер мәтініңізде қатаң логикалық жүйе бар екенін
көрсетеді және мәтінге аяқталған, жүйелі сипат береді.
Мәтін құрылымына түрлі форматтарды: интервалды, шрифт өлшемін,
жаңа жолды өзгертулер мысалдарды, түрлі кейстерді, есептерді, бет
соңындағы сілтемелерді ресімдеу үшін қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: