Глоссарий абсентеизм


Аннексия  — басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бӛлігін күшпен жаулап алу  немесе басқаға алып берушілік.  Антагонизм



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата12.10.2023
өлшемі338,95 Kb.
#184922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Глоссарий 2023-2024 оқу жыл P1

Аннексия 
— басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бӛлігін күшпен жаулап алу 
немесе басқаға алып берушілік. 
Антагонизм 
— мүдделері қарама-карсы күштердің, қастасқан таптар, топтар, партиялар 
және т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі. 
Антисемитизм 
— еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен 
идеологияның түрі. 
Апартеид
— нәсілдік жағынан бӛлу, қорлау саясаты. Ол сайлау құқығынан айыру, бірдей 
еңбекке тӛмен ақы тӛлеу, кӛшіп-қонуды шектеу және т.с.с. кӛрініс береді. Мысалы, бұл 
саясат 1980 жылдың аяғына дейін Оңтүстік Африка Республикасының қара нәсілді 
халқына жүргізілді. 
Апатридтер 
— ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Олар кай елде 
тұрса, сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды. 
Аристократия 
— 1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге ие ақсүйектер 
тобы; 2) ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. Мысалы, 
мұндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды. 
Ассамблея 
— халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, Біріккен 
Ұлттар Ұйымының(БҰҰ) Бас Ассамблеясы. 
Ассимиляция 
— бір халықтың ӛз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші 
халыққа сіңіп кетуі. 
Ассоциация 
— белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени және т.б. мақсаттарға 
жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі. 


Астыртын партиялар 
— заң бойынша тыйым салынып, жұмысын астыртын, жасырын 
жүргізген партиялар. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған құрылысты күшпен ӛзгертуді 
мақсат етеді. 
Атқарушы билік 
— биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару 
органдарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда 
оларды заң шығарушы ӛкілдік органдар қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік 
солардың бақылауында болады және олардын алдында есеп береді. Олардың жұмысы 
заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Әйтпесе, парламент үкіметке сенім 
білдірмеуі мүмкін. Президенттік республикаларда мемлекет басшысы да президент 
болады. Оны парламент сияқты халық сайлағандықтан ол парламент алдында тікелей 
жауап бермейді. Бірақ бұдан президент парламентпен санаспай іс істеуі керек деген ой 
тумауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет