Глоссарий абсентеизм


Автономия  — бір мемлекеттің шеңберінде ӛзін-ӛзі басқаруға құқық берілген саяси- ұлттық құрылым.  Авторитаризм



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата12.10.2023
өлшемі338,95 Kb.
#184922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Глоссарий 2023-2024 оқу жыл P1

Автономия 
— бір мемлекеттің шеңберінде ӛзін-ӛзі басқаруға құқық берілген саяси-
ұлттық құрылым. 
Авторитаризм 
— жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін 
мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен 
ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда кӛпшілік 
партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. 
Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол кӛбіне саяси жағдайға 
белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі. 
Авторитарлық партиялар 
— әдетте, дамып келе жатқан елдерде пайда болады және 
отаршылыққа қарсы бағытталады. Олардың кӛбі ен, алдымен ӛз елінің саяси және 
экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресі үшін күреседі. Ӛз әрекеттерінде кӛбінесе 
күшке сүйенеді. 
Агрессия 
— басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, 
халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау. Агрессия әр түрлі болуы 
мүмкін. Мысалы, басқа елдің жеріне әскер күшімен басып кірсе тура агрессияға, қарулы 
қарақшыларды пайдаланып немесе кеңесшілер жіберіп, материалдық-техникалық кӛмек 
кӛрсетіп және т.б. жасаса, жанама агрессияға жатады. Сондай-ақ агрессия жасаушы 
мемлекетке ӛз жерін пайдалануға беріп және т.с.с, арқылы агрессияға араласуы да мүмкін. 
Қарулы шабуылдың агрессиялығын БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі анықтайды. 
Адам 
— жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдық 
қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі. 
Адам құқықтары — 
белгілі бір игілік алуды, ӛмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен 
мемлекет арасындағы ережелердің ӛзара қатынастары, кепілдіктері. Олар, негізінен, 1948 
жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Адам құқығынын жалпыға бірдей 
Декларациясында" кӛрсетілген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет