Иерархия —
тӛменгі
органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге бағыну
тәртібі.
Имидж
— 1) басқаларға ӛзі
туралы белгілі бір әсер етіп, пікір тудыру үшін жасаған
субъектің сыртқы бейнесі; 2) үгіт-насихат, жарнама және т.с.с.
арқылы субъект туралы
кеңейтілген мағлұматтар беріп, арнайы бейнесін жасау.
Импичмент
— жоғарғы лауазымды адамдарды (президентке шейін) конституцияны
бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта
қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі. Ол жӛнінде
жауапкершілікке шақыру
мәселесін парламенттің тӛменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы
палата. Мысалы, мұндай тәртіп АҚШ,
Ұлыбритания, Жапония жәнет.б. елдерде орын
алған.
Инагурация
— 1) мемлекет басшысының ӛз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2)
тарихи окиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған кӛрме және т.б.
салтанатты түрде ашу.
Инновация
— жаңалық енгізу, жаңарту.
Институализация
— саяси қозғалыс немесе құбылыстың
тәртіпке келтірілген,
ұйымдасқан мекемеге айналуы.
Интеграция
— мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б.
одақтардың
құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу
үрдісі жатыр. Бұл салада Еуропалық Одақ зор жетістіктерге жетті.
Оған кірген
мемлекеттер экономика, әлеуметтік,
қаржы саясатында, ғылыми зерттеулерде,
технологиялық даму, айналадағы ортаны қорғау, сыртқы саясатты жүргізу
мәселелерін
және т.с.с, шешкенде бірігіп іс-қимылдар жасауға келіскен.
Интерпелляция
— үкіметке немесе оның жеке мүшесіне (министрге) белгілі бір мәселе
жӛнінде, я оның жалпы саяси бағыты туралы түсініктеме беруді талап еткен
депутаттардың ерекше сұрауы. Әдетте, ол қоғамды аландататын маңызды деректер ту-
ралы қойылады. Сондықтан ол сұрақтың туу себебі және
қашанға дейін жауап берілу
мерзімі кӛрсетіледі. Егер берілген жауап қанағаттанарлық болмаса, үкіметке (не оның
мүшесіне) сенім білдірмеу мәселесі тууы мүмкін.