Босқындар — қудалау, әскери іс-әрекеттің немесе ерекше жағдайларға байланысты
тұрақты тұрған елін тастап кеткен адамдар.
Брифинг — үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссӛзге
қатысушылардың келісімімен оның барысу туралы хабарлама жасау үшін ресми
адамдардың ақпарат кұралдары ӛкілдерімен кездесуі.
Буржуазиялық-демократиялық партиялар — XIX ғасырда Еуропа мен Солтүстік
Америкада бір кезде пайда болды. Мынадай принциптерді басшылыққа алады: қоғамда
билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, ӛкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы
жету, парламентте кӛпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік ӛкіметті
билейді, басқарушы партияға (партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істеуі
керек. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сӛз, баспасӛз, жиналыстар бостандығын
қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның
социал-либералдық партиясы және т.с.с.
Бұқаралық партиялар — үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері,
белсенділері кӛп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды. Партиялық билет алып,
мүшелік жарна тӛлемейді. Мысалы, АКШ-тың республикалық және демократиялық
партиялары, Ұлыбританияның лейбористер партиясы .
Бұрмалаушылық — ӛз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық,
жалғандылық.
Бүлік — бір топ адамнын мемлекеттік тӛңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекеті.
Бюрократ — 1) азаматтардың мүддесіне нұксан келтіріп, ӛз міндеттерін формальды түрде
атқаратын қызмет адамы; 2) басқарудың бюрократиялық жүйесіне жататын ресми
қызметтегі адам.
Бюрократизм — істің мәніне немқұрайды, формальды қарау, істі кӛпке созу.
Вето — тыйым салу; вето құқығы — заң шығаратын орындардың қарарына тыйым салу
немесе заңнын күшін токтату.
Визит — халықаралық байланыстарды дамытуға, ондағы күрделі мәселелерді шешуге
бағытталған мемлекеттердің сыртқы саясатындағы қызмет түрі. Мысалы, оған мемлекет
тарапынан үкімет басшылары, ресми делегациялардың кездесулері жатады.