56
– мемлекеттің стратегиялық азық-түлік
қорларының және жеделдетілген (оперативті)
азық-түлік қорларының өлшемдері жатады
[12,13].
Ескерту: Бондарева Г. Теория и методология обеспечения населения продовольствием. Новосибирск
2019.
Сурет 1-
«Халықты тамақпен қамтамасыз ету» тұжырымдамасының декомпозициясы
Ұлт денсаулығын
сақтау және нығайту
үшін аймақтардың құрылымымен келісілген,
табиғи және экономикалық жағдайларды,
демографиялық
ерекшеліктерді,
еңбек
қызметінің түрлерін және ұлттық дәстүрлерін
ескере отырып, толық құнды тағаммен
қамтамасыз ету қажет.
Адам ағзасының қоректік компоненттер-
ге және энергияға
деген физиологиялық
қажеттілігін қанағаттандыра отырып, бір
уақытта тағам өнімдері ауруды алдын алу
және емдік қызмет атқаруы тиіс. Экстремалды
жағдайда жұмыс істейтін жұмысшылар,
балалар, кәрі жастағы адамдар және созылмалы
аурумен ауыратын
науқастардың тиімді
тамақтануын ерекше назарға алу қажет [15].
Азаматтар тамақтануының минималды
рұқсат етілетін деңгейі ретінде тұтыну нормасы
қабылданады, ол тағам өнімдерінің саны және
ассортименті, құрамындағы қоректік заттары
мен энергетикалық жеткіліктілігі бойынша
минималды
тұтыну себетін есептегенде
шығады.
Азық-түлікті
тұтыну
қауіпсіздігін
сипаттайтын параметрге тағам өнімдеріндегі
денсаулыққа зиянды заттардың шекті рұқсат
етілетін мөлшері жатады. Адамдардың
тағамдық заттар
және энергияға физиология-
лық қажеттілігін қанағаттандыруды шешу
міндеті – тұтынушылар үшін тағам өнімдерінің
қажетті мөлшерін және ассортиментінің
физикалық және экономикалық қолжетімді
болуын қамтамасыз етуді талап етеді [16].
Әдіснама
Зерттеудің
теориялық және әдіснамалық
негізі қауіпсіздік теориясы және экономикалық
және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселелері бойынша отандық және шетелдік
авторлардың еңбектері қарастырылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы Қазақстан
Республикасының (ҚР) заңнамалық және
нормативтік
актілері, ҚР Статистика коми-
тетінің, Республиканың министрліктері мен
ведомстволарының деректері,
мерзімді бас-
пасөз материалдары, қазақстандық агро-
өнеркәсіптік кешеннің жекелеген кәсіпо-
рындарының материалдары болып табылады.
– отандық
агроөнеркәсіптік кешен
салаларының даму деңгейі және қарқыны,
олардың кеңейтілген түрде ұдайы өндірілуін
қамтамасыз ету мүмкіндіктері;
Достарыңызбен бөлісу: