13
3. БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА ӘЗІРЛЕУ
Б. Блум таксономиясы бойынша танымдық саладағы оқу мақсаттарының жіктелімі
бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау үдерісінде кеңінен қолданылады.
Бастапқы және түзетілген Б. Блум таксономиясы оқуды күрделілік деңгейінің өсуі бойынша
алты танымдық деңгейге бөледі. Әрбір жоғары деңгей алдыңғы деңгейде меңгерілген
дағдыларға негізделеді. Оқу мақсаттарын Блум таксономиясы негізінде жіктеу үшін бағалау
критерийлерін құру барысында мұғалім басшылыққа алатын зат есім мен етістіктерді дұрыс
қолдану маңызды. Етістік таңдаған танымдық санатқа (деңгейге), ал зат есім оқушының
меңгеріп, көрсетуі тиіс тапсырма түріне бағытталған болуы керек. Төменде көрсетілген
кестелерде күрделілік деңгейінің өсуіне сәйкес танымдық үдерістің мазмұны көрсетілген.
2-кесте.
Танымдық үдеріс
Білім
Оқушы ақпаратты еске түсіре ала ма?
Мысалы,
тізім құру; терминдерді, даталарды, формулаларды анықтау;
ұғымдарды атау; тізімді белгілеу; теореманы айту
Түсіну
Оқушы идея мен мазмұнын түсіндіре ала ма?
Мысалы,
ұғымдарды санатқа жіктеу; материалды түсіндіру; әрекеттерді
сипаттау; көзқарастарды сипаттамаларды салыстыру
Қолдану
Оқушы ақпаратты таныс жағдайда немесе жаңа мазмұнда қолдана
ала ма?
Мысалы,
қағидатты қолдану; рәсімдерді орындау немесе енгізу
Талдау
Оқушы берілген көлемді ақпаратты бөліктерге жіктеп, олардың
әрқайсысының мазмұнын немесе олардың бір-бірімен байланысын анықтай
ала ма?
Мысалы,
реттілігін зерделеу, нәтижені болжау
Бағалау
Оқушы өз ойын, қабылдаған шешімін негіздей ала ма?
Мысалы,
таңдауды, шешімді, қорытындыны сипаттау; берілген бағаны,
әрекетті тексеру; баламасын, негізгісін таңдау
Жинақтау
Оқушы жаңа идея, көзқарас, жаңа тәсіл немесе жаңа өнім ұсына ала ма?
Мысалы,
зерттеу жұмысын, идея, теория әзірлеу; жаңа мүмкіндіктер ұсыну;
тың идеялар ойлап шығару
2-кесте күтілетін нәтижені оқу мақсаттарына сәйкес қалай жоспарлауға және соған
сәйкес бағалауды қалай жүргізуге болатынын көрсетеді. Оқу мақсаттары мен бағалау түрі
Блум таксономиясының бірнеше деңгейін қамтуы мүмкін. Бұл оқу мақсаттарының бірнеше
танымдық деңгейге қатысты болуымен байланысты және бағалау процесі де соған сәйкес
жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: