Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Тапсырма мәтінін құрастыру кезінде нені ескеру керек?



Pdf көрінісі
бет13/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Тапсырма мәтінін құрастыру кезінде нені ескеру керек? 
Тапсырма мәтінін теріске шығару арқылы тұжырымдау оқушының қабылдауы мен 
дұрыс жауабын анықтауына қиындық туғызады. Сонымен қатар оқушының оқу материалын 
меңгеру деңгейін нақты анықтауға мүмкіндік бермейді. Алайда тапсырманы теріске шығару 
арқылы тұжырымдап беру қажет болған жағдайда қосымша графикалық әсерлерді қолдануға 
болады, мысалы, көлбеу немесе қалың қаріппен көрсету, белгілеу, теріс берілуі бар бөлігін 
бас әріппен жазу.
Бос орындарға қажетті сөздерді қою арқылы берілген мәтіннің сөйлемдерін 
толықтыруға негізделген тапсырманы қолданбауға тырысу қажет. Мұндай тапсырмалар ең 
алдымен оқушылардың көру арқылы есте сақтау қабілетін тексеруге бағытталады, өтілген 
материалды меңгеру сапасын көрсетпейді.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда жауап нұсқаларының саны әртүрлі болуы мүмкін. 
Жауап нұсқалары көп болған сайын оқушылардың дұрыс жауапты кездейсоқ болжап табу 
мүмкіндігі азаятыны анық. Дегенмен ұсынылатын баламалы жауаптардың көп болуы 
оқушылардың тапсырманы орындауға жұмсайтын уақытының шамадан тыс артуына алып 
келеді. Жалпы алғанда, 2-ден 5-ке дейін жауап нұсқаларын қолдану ұсынылады. 
Жауап нұсқаларын түрлі логикалық реттілікпен орналастыруға болады (әліпби реттілігі 
бойынша, хронологиялық тәртіппен, өсу/кему ретімен, грамматикалық санатына қарай және 
т.б.). Осыған орай жауаптардың көрсетілген ретіне байланысты дұрыс жауапты болжап табу 


16 
мүмкіндігі шектеледі. Мысалы, жауап нұсқалары сөзден басталатын болса, онда олар әлипби 
ретімен орналасады. Егер жауап нұсқалары саннан басталса, онда өсу/кему ретімен 
орналасады. Егер бір қарағанда екі нұсқа бір-біріне ұқсас болса, онда оқушылардың 
салыстыруына ыңғайлы болуы үшін оларды бірінен кейін бірін тізбектеп орналастырған 
дұрыс. 
Тапсырма құрастыру алгоритміне сәйкес көп таңдауы бар тапсырма құрастырғанда 
тапсырманың сұрағы мен дистракторларды құрастыруға дейін оның кілтін – дұрыс жауабын 
дайындап алу ұсынылады. Бұл тапсырманың нақты дұрыс жауабының болуына кепілдік 
береді. Жауап нұсқаларын оқушылар дистракторларды қандай да бір белгісі бойынша 
анықтай алмайтындай етіп, өте мұқият құрастыру қажет. 
Дистракторлар өтілген материалға сәйкес болуы және шындыққа жанасымды, бірақ 
дұрыс емес жауап болуы тиіс. Дистракторларды қолданудағы басты мақсат – оқу 
материалын жеткілікті меңгермеген оқушылардың зейінін шоғырландыру.
Әдетте «жақсы» дистрактор оқушылардың жиі жіберетін қателерін қамтиды, мысалы, 
ғылыми негізделген «ақылды» сөздер, тапсырманың сұрағындағы терминдер және т.б. Егер 
дистракторды үлгерімі төмен оқушылардың басым бөлігі таңдаған болса, онда оны жақсы 
құрастырылған деп есептеуге болады, ол оқушыларды дайындық деңгейіне қарай саралауға 
мүмкіндік береді. Ал егер дистракторды білім деңгейі жоғары оқушылардың басым бөлігі 
таңдаған болса, бұдан дистрактор сапасының төмендігін немесе тапсырманы құрастыруда 
қате жіберілгенін байқауға болады. Егер дистракторды бірде-бір оқушы таңдамаған болса, 
онда дистрактордың қате құрастырылғаны туралы қорытынды жасауға болады, оны қайта 
құрастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет