Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


«Шындық/Жалған» тапсырмаларының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет15/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

«Шындық/Жалған» тапсырмаларының ерекшеліктері: 
Жан-жақтылық
. Мұндай түрдегі тапсырманы түрлі оқу нәтижелерін өлшеу 
үшін бейімдеуге болады. 
Жылдам балл қою
. Балл қоюға көп уақыт кетпейді, балды есептеудің 
нақтылығы жоғары. Қолданбалы бағдарламалардың көмегімен дұрыс жауаптарды 
автоматты түрде есептеуге болады.
Сенімділік
. Дұрыс құрылған сұрақтар оқушының оқу жетістігінің сенімді 
нәтижелерін беруі мүмкін. 
 
Сұрақты талдау мүмкіндігі
. Шындықты анықтау сұрақтарын талдау арқылы 
жетілдіруге болады.
Тиімділік
. Қолда бар материалдардан аз уақыт ішінде көптеген әртүрлі 
тапсырмалар құрастыруға болады.
Түсінгенін тексеру
. Шындықты анықтау сұрақтары зерделеген материалды 
түсінуін бағалауға пайдалы.
Қысқаша мазмұндалуы
. Шындықты анықтау сұрақтары тез оқу үшін 
ыңғайлы бірнеше сөзден тұратын қысқа болуы мүмкін. 


18 
 
«Шындық/Жалған» тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар 

Тұжырым немесе сұрақты құрастыру тілі барынша қарапайым және оқушыға 
түсінікті болуы қажет. 

Сөйлемде барынша аз сөз қолданыңыз: оқушы өте ұзақ немесе күрделі 
тұжырымды оқуға көп уақыт жоғалтып, оның мазмұны бойынша өзінің білімін 
көрсетуге уақыты жетпей қалуы мүмкін.

Оқушылардан тұжырыммен бірге жазуды/жазылымды интерпретациялау кезінде 
қате жібермеуі үшін «Ш» немесе «Ж» деп жазудың орнына кестеде белгілеуді 
немесе «Ш-шындық» немесе «Ж-жалған» мағынасының астын сызуды ұсыныңыз.

Егер сөйлем себеп пен салдар немесе алғышарты мен қорытындысы сияқты 
қарым-қатынасты көрсетсе, онда әуелі дұрыс бөлігі жазылады, ал екінші бөлігі 
өзгертіледі.

Тапсырмадағы барлық тұжырымдардың/сөйлемдердің ұзақтығы шамалас болсын.

Жауабында қандай да бір заңдылық байқалмауы үшін, шынайы және жалған 
тұжырымдарды кездейсоқ ретпен орналастырыңыз. 

Кең таралған жалған пікірлер мен көзқарастарды жалған тұжырым ретінде 
қолданыңыз.

Сұрақты оның қате жауабы оқушыларды қызықтыратындай немесе дұрыс сияқты 
көрінетіндей етіп құрастырыңыз. 

Тапсырма екіұшты емес, нағыз шындық немесе жалған болып табылатындай 
тұжырымдарға негізделуі қажет.

Тұжырымды барынша қарапайым түрде беріңіз.

Әрбір тапсырмада бір идея болуы тиіс.

Оқушының дұрыс түсінуі үшін жеткілікті ақпарат қосыңыз.

Мынадай сөздерден аулақ болыңыз: барлығы, әрқашан, әрбір, ешқашан, ешкім, 
көпшілігі, көбіне, жиі, сирек, бірнеше және т.б.

Мәтіннен, дәрістен немесе басқа материалдардан алынған дәйексөздерді 
қолданудан аулақ болыңыз, бұл оқушының көру қабілетін ғана тексереді. 

Жағымсыз мәлімдемелер мен ақпараттарды қолданудан аулақ болыңыз.

Таныс емес лексиканы қолданудан аулақ болыңыз.
Шынайы, жалған және басқа да тұжырымдар әдетте білу мен түсінуді бағалау үшін 
қолданылады, сондай-ақ оларды жоғары деңгей дағдыларын бағалау үшін де қолдануға 
болады. Оқушыларға жаңа мәлімет, тың деректер ұсынылуы немесе жұмыстың мазмұнында 
белгілі бір сипаттамалардың бар/жоғын анықтауға арналған жазбаша жұмыс түрінде берілуі 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет