Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет16/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

 
Шындықты анықтау
тапсырмасы
жауапты таңдауға берілетін тапсырмалардың 
ішінде ең жиі қолданылатыны болып табылады. Оларды дайындау оңай, дегенмен оларды 
қолдану кезінде мұқият болған жөн. Оқушылар мұндай тапсырмалардың осал тұсын тауып, 
жауабын болжауға көмектесетін сөздерді, грамматикалық құрылымды, т.б. пайдаланып, 
жоғары балл алуы мүмкін.
Мұндай тапсырмаларды қызығушылықты арттыру және талқылау сұрақтарын енгізу 
үшін тиімді қолдануға болады. Бұл алдыңғы сабақтағы жетілдіруді қажет ететін 
проблемалық тұстарды анықтау үшін, оқушыларды жаңа тапсырмаларды орындауға 
ынталандыру үшін, күнделікті сабақта сұрақ-жауап түрінде қысқаша викторина өткізу үшін 
қолдануға ыңғайлы құнды құрал болып табылады.


19 
Шындықты анықтау тапсырмаларын құрастыруға арналған ұсыныстар 
 
1.
Алдымен контентті қамтитын ақиқат тұжырымдарды құрастырып алып
олардың кейбірін жалған тұжырымға түрлендіріңіз. 
2.
Тұжырымды жалған ақпаратқа өзгерту кезінде (басынан ақиқат тұжырымды 
жазу кезіндегідей) толықтай теріске шығарудан аулақ болыңыз. 
3.
Міндетті түрде оқушыға өзінің жауабын қалай және қайда белгілейтінін 
көрсететін нақты нұсқауды қолданыңыз. 
4.
Оқушылардың назарын олардың қалай жауап беретініне аударыңыз. 
Мысалы, тек «Иә» немесе «Жоқ» емес; «Шындық» немесе «Жалған», «Ш» 
немесе «Ж», «T» немесе «F». 
5.
Барынша дәл беру мақсатында шын тұжырымды әбден нақтылаудан аулақ 
болыңыз. 
6.
Ұсынылған жауаптар материалды білмейтін оқушылар үшін айқын болмауы 
қажет. 
7.
Оқудың барынша жоғары деңгейлеріне ұмтылыңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет