График а алматы "Білім" 2012



Pdf көрінісі
бет78/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012

 
мен
 
белгіленуі
 
 

Метрикалық
М

Трапециялық
Tr

Тіректік
S

Тікбұрышты

Жұмыр
(
жанабы
шеңбердің
доғасы

§ 13.3 Бұрандамалық қосылыс 
Бұрандамалық қосылысқа жататын тетіктер: бұрандама, сомын жəне 
тығырық. 


200
Бұрандама - бір жақ ұшында бұрандасы, ал екінші ұшында қалпақшасы 
бар жұмыр өзек (стержень). Қалпақша кілтке арналған 4 немесе 6 бұрышты 
призма тəрізді жасалады, басқа пішіндері де (құлақша, қисық, конус, сфера, 
цилиндр, т.б.) кездеседі (187-сурет).
Бұрандаманы сызбада кескіндегенде жалпы ережелерге сəйкес екі көрінісін 
орындайды. Бұрандаманың қалпақшасының биіктігі h бұрандаманың 
ұзындығына саналмайды. Бұрандама басының конустық қиықжиегі мен оның 
жақтарының қиылысуынан жасалған гиперболалар шеңбер доғаларымен 
алмастырылады. Стандарт бойынша тағайындаған алты бұрышты призма 
тəрізді бұрандаманың сызбасы 188-суретте көрсетілген.
Бұрандаманың өлшем белгілері: 
• бұранданың сыртқы диаметрі - d;
187-
сурет


201
• бұранданың ішкі диаметрі - d
1
;
• бұрандама қалпақшасының биіктігі – h;
• бұрандама қалпақшасының сыртқы диаметрі – D;
• бұрандама қалпақшасының қиықжиегі - D
1
;
• кілтке арналған өлшем – S;
• бұрандама өзегінің ұзындығы – l;
• бұрандама бұрандасының ұзындығы - l
0
;
• қиықжиек – C;
• қиықжиектің радиусы – R; салу бойынша – r.
Қиықжиек (фаска) - тетіктің өткір жиектерінің тайқыланған жері. 
Металл тетіктерді өңдеген (жонған, қиған, ұңғыған т.с.с.) кезде қырларына, 
жиектеріне қылау тұрады да, өте өткір болып шығады. Өткір қырларының, 
жиектерінің сыртқы əсерінен майысуы, 
тойтарылуы, жапырылуы бұйымды 
құрастыруды қиындатады. Қиықжиек 
жасау тетіктерді біріктіріп, бұйымды 
құрастыруды жеңілдетеді, сонымен 
қоса адамды жарақаттанудан сақтайды.
Ойың (галтель) - бұйымның 
элементі. Тетіктің бір бетінен екінші 
бетіне біртіндеп жатық ауысатын жері. 
Ойың тетіктің беріктігін арттырады.
Сомын - өткірме тесігіне (ойығына) 
салынған бұрандасы бар бұрандалық 
қосылыстың, бұрандалық берілістің 
тетігі. Сыртқы пішініне жəне атқаратын 
міндетіне байланысты бекіткіш, бас-
тырма, қосқұлақ, бүр-
кен 
шек, қатырма, жал-
ғастырма, арнайы сом-
ын т.б. деп аталатын 
түрлері бар. Тұрмыста 
ең көп қолданылатын 
алты қырлы сомын 
189-суретте, ал сыз-
бадағы сызылуы 190- 
суретте көрсетілген.
Сомын 
ның өлшем 
белгілері: 
сомын бұрандасының 
сыртқы диаметрі – d;
189-
сурет


202
сомын бұрандасының ішкі диаметрі - d1;
сомын қалпақшасының биіктігі – H;
сомын қалпақшасының сыртқы диаметрі – D;
сомын қалпақшасының қиықжиегі -D1;
кілтке арналған өлшем – S;
қиықжиек – C.
Тығырық (шайба) - сомынның немесе бұрандама, бұрама қалпақшасының 
астына салынатын жалпақ немесе тілінген серпімді сақина тəрізді төсем. 
Тығырық қалпақшаның (сомынның) тірек аумағын ұлғайтады, сонымен 
қоса сомынды өздігінен бұралып кетуден сақтайды. Атқаратын міндетіне 
байланысты жалпақ тығырық қиықжиекпен, жалпақ тығырық қиықжиексіз 
жəне қисық тығырық болып бөлінеді. Қисық тығырықтың тіректік беттері 
параллель болмайды (191-сурет). 
191-
сурет
Жалпақ тығырықтың сызбада 
сызылуы мен өлшем белгілері 
192-суретте көрсетілген.
Тығырықтың өлшем белгілері:
Тығырықтың сыртқы
диаметрі –D
Т
;
Тығырықтың ішкі диаметрі –d
Т
;
Тығырықтың қалыңдығы –S
Т
.
Бұрандамалық қосылыс - екі 
немесе одан да көп бұйымдарды 
бекіту үшін қолданылады. 
193-суретте бұрандама, сомын 
жəне тығырықтың көріністері 
мен бұрандамалы қосылыстың 
суреті көрсетілген.
Бұрандамалық қосылыстың біріктіру реті 194-суретте бейнеленген. Бұл 
сызба оңай түсіну үшін, кезең-кезеңге бөліп көрсетілген. Бұрандамаға ки-
гізілетін тетіктердің тесігі бұрандама өзегінің диаметрінен сəл үлкен болады.


203
Бұрандама
Сомын
Тығырық
1-
тетік
2-
тетік
193-
сурет
Тығырық
Сомын
ші тетік
ші тетік
Б ұрандама


204
Ең алдымен бұрандаманың үстіңгі жағынан қосылатын екі тетік кигізіледі
содан кейін тығырық отырғызылып, сомын бұралады.
Бұрандамалық қосылыстың үш көрінісінің сызбасы мен өлшем белгілері 
195-суретте көрсетілген.
Бұрандамалық қосылыстың өлшемдері:
• бұранданың сыртқы диаметрі – d;
• бөлшектердің ішкі диаметрі - d

=1,1d;
• бұранданың ішкі диаметрі - d

=0.85d;
• бұрандама ұзындығы - l = A+В+Е
е
+Н+К;
• бұранданың өлшемі - l
0
=2d+6мм;
• бұрандама қалпақшасының қалыңдығы - h=0,7 d;
• сомын қиықжиегінің диаметрі - D

=(0,90…0,95)S;
кілтке арналған өлшем, салу бойынша табылады-S;
• сомынның сыртқы диаметрі - D=2 d;
• сомынның қалыңдығы - H =0.8d;
• тығырықтың сыртқы диаметрі -D

=2.2d;
• тығырықтың қалыңдығы - S

=0.15d;
195
-
сурет
1
R
R
Т
S


205
• бұранданың сомыннан артық шығатын өлшемі - K =0.25d;
• қиықжиек - C =0.12d; қиықжиектің радиусы - R =1.5d; R
2
=d;
• 1-тетік – A; 2-тетік – B.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет