6
Өндірістер мен жобалау институттарында кей жағдайларда қосымша
пішімдерді қолдануға тура келеді. Олар 19 түрге бөлінеді. Егер пішім А0×2
деп берілсе, онда А0 пішімнің ені екі есе үлкен болады. Төменде қосымша
пішімдердің түрлері көрсетілген:
А0×2; А0×3; А1×3; А1×4; А2×3; А2×4; А2×5; А3×3; А3×4; А3×5; А3×6;
А3×7; А4×3; А4×4; А4×5; А4×6; А4×7 А4×8; А4×9.
Сызбаны сызба қағазына жүргізер алдында пішімге шекаралық сызықтарды
тұтас
жуан сызықтың көмегімен, сол жағынан 20 мм, оң жағынан 5 мм, төмен
жəне жоғарғы жағынан 5 мм арақашықтықта сызып қоямыз (1-сурет).
Айтып өту керек, А0 жəне А1 пішімінде шекаралық сызықтар, сол
жағынан 25 мм, оң жағынан 10 мм, төмен жəне жоғарғы жақтарынан 10 мм
арақашықтықта сызылады.
§ 1.2 Масштабтар
Мөлшеріне жəне орындалатын пішіміне байланысты сызылатын сызбаны
үлкейтіп немесе кішірейтіп сызуға болады. Ол үшін стандарттардағы
сызбаларды орындаудың жалпы ережелері тобының екінші түрі
«Масштабтарды» қолданамыз.
Нəрсенің сызбада сызылған өлшемі мен оның нақты қолданыстағы өлшеміне
қатынасын масштаб дейді. Масштабтар стандарттардың белгіленуіне жəне
қолданылуына байланысты үлкейтілген, кішірейтілген жəне
нақты болып
үшке бөлінеді. Сызбада масштаб сөзі жазылмайды, оның орнына масштаб
сөзінің бас əрпі
М
ғана жазылады.
Мемлекеттік стандарт бойынша белгіленген масштаб түрлері:
- кішірейту масштабы:
3
А
5
5
20
7
М. 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200;
1:400; 1:500; 1:800; 1:1000;
- үлкейту масштабтары:
М. 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1;
- нақты масштаб: М 1:1 қолданылады.
Бұл масштабтар барлық өндірістер мен құрылыс сызбаларын дайындағанда
міндетті түрде қолданылады. Кей жағдайларда
ірі өндірістерді жобалау
кезінде мынандай масштабтар қолдануға болады: М 1:2000; 1:5000; 1:10000;
1:25000; 1:50000.
Айтып кететін бір жайт, егер сызба пішімде бірдей масштабпен сызылған
болса, онда масштаб белгісі негізгі жазу ішіндегі масштаб графасына
жазылады.
Ал, егер сызба пішімде əртүрлі
масштабпен сызылған болса, онда масштаб
белгісі əр сызбаның үстіне масштабын жазып қояды.
Егер сызбада əртүрлі масштабтар болса, онда өзінің өлшемін миллиметр
арқылы көрсетіп қояды. Кейде құрылыс сызбаларын
орындағанда метрмен
белгілеуге рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: