9
Егер шеңбер немесе айналу денесінің диаметрі 12
миллиметрден кем болса,
онда нүктелі үзілме сызық-сызықты жіңішке тұтас сызығымен ауыстырылады.
Күрделі тіліктер мен қималарды көрсеткенде, үзік
сызықтардың шеттерін
нүктелі үзілме сызықтармен қосып қояды. Сызбада тұтас ирек сызық пен тұтас
сынық сызықтың сынығын қолмен сызуға болады.
Өлшем сызығындағы сандар
сызбадағы жазулар сызықтарға тимейтін жəне қиылыспайтын болуы керек.
Сызба шекарасы,
кестелер, негізгі жазулар шекарасы жуан тұтас сызығының
қалыңдығына тең болады. Төмендегі 2-суретте «Сызба сызықтары»
стандарты
бойынша белгіленетін сызықтардың қолданылу мысалы көрсетілген.
A
A
1
2
3
5
6
8
9
7
1
6
5
§ 1.4 Сызба шрифтері (қарпі)
Сызбаның өлшем сыз ық тарындағы сандарды,
бас қа да жазуларды, негізгі
жазуды сызба шрифті бойынша орындайды. Соны
мен
келесі мем
лекеттік
стандарт – «Сызба шрифтері». Сызба шрифтері кириллица, латын жəне грек
əріптері мен рим, араб цифрларынан тұрады. Бұған қосымша қазақ əріптері
мен математикалық символдарының белгілеу түрлері көрсетілген.
Стандарт
бойынша белгіленген сызба шрифтерінің негізгі өлшемдері төмендегідей:
бас əріптер биіктігі - латынның кіші h əрпі;
кіші əріптер биіктігі - латынның кіші с əрпі;
10
əріптің ені - латынның кіші g əрпі;
əріптердің арақашықтығы - латынның кіші а əрпі;
сөздердің ең аз арақашықтығы - латынның кіші е əрпі;
əріптің жуандығын - латынның кіші d əрпі.
Стандарт бойынша сызба шрифтері жіңішке А типті жəне жуан Б типті
түрлерге бөлінеді. А типті (d =1/14h) жəне Б типті (d =1/10h) əріптер 90
0
тік жəне
75
0
қиғаш болып келеді. Əріптердің сызылуы жеңіл болу үшін
алғашқы кезде
көмекші тор көздерді пайдаланған ыңғайлы (3-сурет). Суретте көрсетілгендей
əріптер түзу сызықтар мен кішкентай доғалар арқылы сызылады.
Оқырманға
ескерту ретінде сызба шрифтерін жазбайды, оларды сызады.
Стандарт бойынша шрифтердің биіктігі: (1,8); 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; (40)
болады.
2 жəне 3-кестелерде А (d =1/14h) жəне Б типті (d =1/10h) əріптердің
өлшемдері көрсетілген.
2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: