248
Төмендегі cуреттерде шұраның бұйымға кіретін жекеленген тетіктері мен
сызбалары көрсетілген. Тетіктердің сызбаларында қандай кескіндер болса,
құрастыру сызбасына да кіретін тетіктер,
көрі-ністер, тіліктер жəне қималар
болады.
Көріністерді тетіктер сызбасындағы сияқты проекциялық байланыста
орналастырады. Осы сызбалар бойынша тетіктер жасалады, ал тетіктерден
(шұра) бұйым құрастырылады. 275-суретте тұрықтың (корпус)
көрнекі кескіні
мен сызбасы көрсетілген.
Бүрлеуленген сомын көрнекі кескіні мен сызбасы 276-суретте көрсетілген.
250
278-суреттегі сояуыштың суреті мен сызбасы. Сояуыштың атқаратын
қызметі – жүрістік бұранда арқылы тұтқаның көмегімен ілгері-кері қозғалысқа
келтіріп тұру.
279-суретте сояуыштың басына кигізілетін тұтқаның суреті мен сызбасы
көрсетілген.
Құрастыру сызбасында,
негізгі көріністерден басқа, тетіктердің пішіні
(формасы) мен олардың бұйымдағы орнын жақсы бейнелеу үшін қосымша
көріністер қолданылады. Құрастыру сызбасындағы А ұштығы көрсетіліп
тұрған көрініс жеке орындалған. Бұл тұтқаның үстінен қарағанда толық
пішінін көрсетеді. 280-суретте құрастыру сызбасының А2 пішіміне
орындалғаны көрсетілген.
Құрастыру сызбасындағы тетіктер біріктіріліп
тұрған тетіктерді анық
көрсету үшін тіліктер мен қималар орындалады. Құрастыру сызбасында əр
бағытта штрихтауды қолдану тіліктерді орындаған кезде сызбаларды оқуды
оңайлатады, көршілес тетіктерді бір-бірінен штрихтау бағытына қарап,
айырмашылығын білдіруге мүмкіндік туғызады. Егер тілікке үш жəне
одан да көп тетік енетін болса, онда штрихтау сызықтарының арасындағы
қашықтықты
өзгертуге болады, штрих сызықтардың арасын жиі немесе сирек
сызықтармен сызуға болады.
Құрастыру сызбасына сəйкес сипаттізімді жасау қажет.
Сипаттізімде құрастыру сызбасына кіретін құрама тетіктер тізімі
толтырылады. Құрастыру сызбасына реттік сандарды дұрыс түсіру үшін
барлық тетіктер ретімен орналасуы керек. Реттік сандарды толтырылған
сипаттізімге сəйкес қойылады. Сипаттізім 4-сызбасының белгілену графасын
толтыру жолы мынадай: ҚС 000 Шартты белгі ҚС (құрастыру сызбасы),
001, 002... - бұйымға кіретін тетіктердің белгілеу сандары жазылады.