График а алматы "Білім" 2012


§ 14.4 Беттердің кедір-бұдырлығын сызбада белгілеу



Pdf көрінісі
бет93/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012

§ 14.4 Беттердің кедір-бұдырлығын сызбада белгілеу.
Жұмыс сызбасында тетік беттерінің кедір-бұдырлығы белгіленеді. Тетіктің 
рельефін түзейтін барлық беттердің жиынтығы кедір-бұдырлық деп аталады. 
Тетік беттерінің тегіс болмайтындығы белгілі, оның бетін өте үлкейтіп 
қарағанда металл кесетін аспаптардың өңдеу іздері айқын көрініп, бір-
біріне жақын орналасқан бұдырлықтар түрінде байқалады. Тетік беті мұқият 
өңделсе, онда бұдырлықты тек арнайы аспаптар көмегімен көруге болады. 
Микрометрмен өлшейтін бұдырлықтың шамаларына қарай мемлекеттік 
стандарт металдар үшін беттің кедір-бұдырлығының 14 тобын анықтау үшін 
тағайындалған. Беттің кедір-бұдырлығын сызбада белгілеу үшін 282-суретте 
көрсетілгендей таңба қойылады. Қойылған таңбаның бұрышы 60
0
-ды құрайды. 
Белгілер биіктігі шамамен өлшем сандарының биіктігіне тең. 
Тетіктердің барлық беттерінің кедір-бұдырлығы бірдей болса, оның белгісі 
сызбада оң жақ жоғарғы бұрышында орналастырылады. 283-суреттің сол 


254
жағындағы сызба үлгісі тетіктердің барлық беттеріне, екінші сызбада жеке 
беттерге жəне қалған беттер тетіктеріне ортақ болып келеді. 
Тетік бетінің тегіс еместігі - номиналдан (R
а
) орташа арифметикалық 
ауытқуы микрометрмен өлшенеді (284-сурет). 6....12 дейінгі топтар үшін 
сəйкес мəндер: 2,5; 1,25; 0,63; 0,32; 0,16; 0,08; 0,04. Жанабы тегіс емес 
биіктігінің (R
z
) 1....5- ке 13....14 топтар үшін сəйкес мəндер: 320; 16; 80; 40; 20 
жəне 0,1; 0,05.
§ 14.5 Тетіктердің жұмыстық сызбалары
Өнеркəсіп орындарында əртүрлі аспаптар, станоктар, көліктер жəне тағы 
басқа күрделі агрегаттар жасалады, олар шығарған өнімдер бұйым деп аталады. 
Бұйымдар жеке тетіктерден құралады. Ең алдымен əрбір жеке тетіктер өзінің 
жұмыс сызбалары бойынша жасап шығарылады (285, 286-сурет). Дайын 
тетіктерден құрастыру сызбасы бойынша тұтас бұйым құрастырылады.
Тетіктерді жасау үшін, жұмыс сызбалармен қамтамасыз ету керек. 
Тетіктердің жұмыс сызбалары, құрастыру сызбалары бойынша сызу 
бөлшектеу деп аталады. Бөлшектеудің мəнісі – құрастыру сызбасы бойынша 
тетіктердің сызбасын сызу. Құрастыру бұйымына кіретін тетіктерді ойша 
бөлшектеу шарт. Тетіктің жұмыс сызбасы бойынша, оның пішінін (формасын) 
атқаратын қызметіне басты назар аударылу керек.
Жұмыс сызбасында оның пішінін түсінуге қажетті кескіндер (көріністер, 
тіліктер, қималар) өлшемі мен беттердің кедір-бұдырлығының белгіленулері 


255
болады. Кескіндер санын анықтап алып, көрініс саны барынша аз, тетіктің 
пішіні мен өлшемдерін анықтау үшін жеткілікті болу керек. Жұмыс 
2
1
1
0
30


256
сызбасында кескіндер тік бұрыштап проекциялау əдісімен сызба құрал 
көмегімен орындалады. Сызылатын тетіктерді кескіндеу үшін масштабы 
таңдалуы қажет. Сызбада тетік жасалатын материалдар, олардың саны, тағы 
да басқа мəліметтер көрсетіледі. 
22
18
6
20
z
R
20
z
R
25,
1
z
R
25,
1
z
R
25,
1
z
R
5,
2
z
R
40
z
R


257
1. Нобай дегеніміз не?
2. Нобайдың сызбадан айырмашылығы неде?
3. Нобайды орындау үшін қандай заттар (материал) қажет?
4. Нобайда бөлшекті айналдыра өлшегенде қандай құралдар 
қолданылады?
5. Нобайда қандай өлшемдер қойылады?
6. Тетіктерді өлшеу үшін қандай өлшеу құралдары қолданылады?
7. Сипаттізім деген не?
8. Сипаттізім не үшін қажет?
9. Құрастыру сызбасы деген не?
10. Құрастыру сызбасына қандай өлшемдер қойылады?
11. Стандарт бойынша кедір-бұдырлықтың неше класы тағайындалған?
12. Қандай сызбалар жұмыс сызбалары деп аталады?
13. Жұмыс сызбасына қандай талаптар қойылады?
14. Бөлшектеу дегеніміз не?
15. Бөлшектеу не үшін орындалады?
16. Өлшемдерді үйлестіру деген не?
17. Құрастыру сызбасын орындағанда тіліктер мен қималар
қолданылады ма?
19. Бұйым құрастырылатын тетіктердің атаулары құрастыру 
сызбаларының қай жерінде көрсетіледі?
20. Бұйымның құрамына кіретін барлық өлшемдердің құрастыру 
сызбасын түсіру қажет пе?
21. Беттердің кедір-бұдырлығының белгісі құрастыру сызбасында 
орындалады ма?
22. Шығарма сызыққа жазылған сандар нені білдіреді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет