Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет42/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

Tamarix ramosissima, Rosa iliensis, Rosa beggeriana, 
Berberis iliensis-Salix caspica, Elaegnus oxycarpa, Populus dieversifolia
) тұрады. 
Жер бетін 95-100% өсімдіктер жауып тұрады. Топырағы аллювиальды-
шалғынды. Жер бедері көлбеу жазықтық. Өсімдіктер жамылғысында төрт 
ярус байқалады: 
I-ші ярусты биіктігі 8-12 м 
Elaeagnus oxycarpa
Schlecht., 
Salix caspica
Pall.,


76 
II-ші ярусты биіктігі 2-3 м 
Tamarix ramosissima
Ledeb., 
Rosa iliensis 
Chrshan., 
R.beggeriana
Schrenk., 
Berberis iliensis
M.Pop.,
III-ші ярусты биіктігі 90-170 см 
Glycyrrhiza uralensis
Fisch., 
Calamagrostis epigeios
(L.) Roth.,
IV-ші ярусты биіктігі 60-75 см 
Elymus dahuricus
Turcz., 
Hordeum 
turkestanicum
Nevski. құрайды.
Екінші ценопопуляция шегінде 10х10 м
2
өлшемді трансекта салынды. 
R.iliensis
трансекта шегінде 11 ювенильдік, 10 имматурлық, 9 виргинильдік 
өркендерді санадық. Жыл сайын гүлдейтін және толыққанды жеміс беретін 
15 жас генеративті, 14 ересек генеративті, 5 қартайған генеративті 
өркендердің данасы болды. Субсенильдік өркендер 2 және сенильдік 
өркендер 2 данасы болды. 
Үшінші ценопопуляция
шегінде 
Berberis iliensis
M. Pop. өте сирек 
кездеседі. Ағаш түрлерінен 
Salix caspica
Pall. басым. Бұталар негізінен 
куртинкалар түзіп өседі. Бұталардың куртинкалары арасындағы ашық 
алаңқайларда 
Fabaceae 
Lindl. тұқымдасынан 
Glycyrrhiza uralensis
Fisch. 
қопалары 
байқалады. 
Шөптесін 
өсімдіктер 
жамылғысында 
ол 
қауымдастықтың басқа компоненттерінен үлкен артықшылыққа жетеді. 
Кейбір жерлерде түпті қоңырбастардың қалың қопалары 
Achnatherum 
splendens 
(Trin.) Nevski. және 
Elymus dahuricus
Turcz. кездеседі. Жалпы күзгі 
фондағы ценопопуляцияның флористикалық құрамы соншалықты бай емес. 
Дегенмен, 
мұнда 
оның 
өсімдіктерінің 
алуантүрлілігі 
бірінші 
ценопопуляциямен салыстырғанда біршама көп. Трансектаға бұталардан 
Rosa iliensis
Chrshan. өсімдігінің 4 бұтасы, 
R.beggeriana
Schrenk. өсімдігінің 2 
бұтасы және 
Rubus caesius
L. өсімдігінің 1 бұтасы түсті. Мұнда 
Rosa iliensis
Chrshan. көбінесе ассоциацияның шетінде, ағаш түрлері көлеңкелемейтін, 
айтарлықтай жарық көп түсетін жерлерде кездеседі. Сондықтан 
R.iliensis
өсімдігінің тіршілік жағдайы осы ценопопуляция шегінде біршама жақсы. 
Мұнда ол максималды биіктікке (3,5 м) жетеді, гүлдейді және мол жеміс 
береді. Әрбір бұтаның шығыстан батысқа қарай диаметрі орташа есеппен 
250-260 см, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 280-300 см құрайды. Жас 
өскіндер табылмады. Трансектаға түскен 
R.iliensis
өсімдігінің 4 бұтасының 
әрқайсысында 6 ювенильдік, 7 имматурлық өркендер, яғни бірінші жылғы 
өркендерді және дәл сондай мөлшерде 7 виргинильді өркендер, яғни екінші 
жылғы, бірақ әлі генеративті күйге жетпеген өркендерді санадық. 
Генеративті өркендер көп болды, алайда 6 жас генеративті өркендерді 
ажыраттық. 2 сенильді және 2 субсенильді дарақтар болды. Жалпы, 
трансектаға түскен 
R.iliensis
өсімдігінің барлық 4 бұтасын ересек және 
қартайған генеративті дарақтар категориясына жатқызуға болады. 
Шөптесінді өсімдіктерден 
Phragmites communis
Trin. және 
Apocynum 
longifolium
Russian. бұталарының қопалары кездеседі. Сонымен қатар, олар 
біршама биіктікке (2,5-3 м) жетеді. 
Үшінші ценопопуляция да Іле өзенінің жағалауына жақын орналасқан. 
Алайда оның өсімдіктер жамылғысы алдыңғы екі ценопопуляциядан біршама 


77 
ерекшеленеді. Біріншіден, мұнда тұтас, тоғайлы орман жоқ. Ағаш түрлері өте 
сирек және шағын көлемді шоқ орман түрінде кездеседі. Бұталы қопалар да, 
куртинкалар да
кездеседі. Шоқ ормандар мен бұталардың куртинкалары 
арасындағы ашық жерлер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет