Чилдибаева асел жумагуловна


реликт,  сәндік, құрылыс материалы  ретінде 19  Тұқымдас



Pdf көрінісі
бет39/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

реликт, 
сәндік, құрылыс материалы 
ретінде
19 
Тұқымдас:
 
Apocynaceae 
Juss.
 - 
Кендірлер (Кутровые)
50/1 
 Apocynum lancifolium 
Russan.

Қызыл кендір (Кендырь 
ланцетолистый) 
 
көпжылдық, мезофит, таулы 
сібірлік-таулы жерорта 
азиялық 
талшық алынатын, 
техникалық 
20 
Тұқымдас:
 
Asclepiadaceae 
R.Br. - Түйешырмауықтар (Ластовневые)
51/1 
Cynanchum sibiricum 
Willd.
 - 
Сібір цинанхум (Цинанхум 
сибирский) 
 
көпжылдық, мезофит, тұран-
монғолдық 
улы 
21 
Тұқымдас:
 
Convolvulaceae
Juss.
 
– Шырмауықтар (Вьюнковые)
52/1 
Convolvulus arvensis 
L. -
 
Далалық шырмауық (Вьюнок 
полевой, березка) 
 
көпжылдық, ксеромезофит, 
голарктикалық 
арамшөп, улы 
22 
Тұқымдас:
 
Lamiaceae 
Lindl.
 
– Тауқалақайлар (Яснотковые)
53/1 
Mentha arvensis 
L. – Дала 
жалбыз (Мята полевая)
көпжылдық, мезофит, 
палеарктикалық 
арамшөп, эфир майлы, бал 
жинайтын 
23 
Тұқымдас:
 
Plantaginaceae
Juss. - Бақажапырақтар (Подорожниковые)
54/1 
Plantago major 
L.-
 
Үлкен 
бақажапырақ (Подорожник 
большой) 
 
екіжылдық, мезофит, 
палеарктикалық 
дәрілік 
24 
Тұқымдас:
 
Caprifoliaceae 
Juss.
 
- Үшқаттар (Жимолостные)
55/1 
Lonicera iliensis 
Pojark. -
 
Іле 
үшқат (Жимолость илийская) 
 
бұта, ксеромезофит, жоңғар 
шығыс тяньшандық 
эндем, 
сәндік, эфир майлы 
25 
Тұқымдас:
 Asteraceae 
Dum. - Күрделігүлділер (Сложноцветные)
56/1 
Xanthium strumarium
L.-
 
Кәдімгі 
сарысояу (Дурнишник 
обыкновенный)
 
біржылдық, ксерофит, 
голарктикалық
дәрілік, бояу алынатын, 
арамшөп 
57/2 
Matricaria matricarioides 
(Less.) Porter. - Кәдімгі 
ромашка (Ромашка 
ромашковидная)
біржылдық, ксерофит, 
голарктикалық 
дәрілік, эфир майлы, 
арамшөп 
58/3 
Artemisia vulgaris
L. -
 
Ермен, 
қара жусан (Полынь 
обыкновенная) 
 
көпжылдық, ксерофит, 
голарктикалық 
дәрілік, арамшөп, эфир 
майлы, майлы 
59/4 
Artemisia absinthium
L. – Ащы 
жусан (Полынь горькая)
көпжылдық, ксерофит, 
голарктикалық 
арамшөп, эфир майлы, 
дәрілік 
60/5 
Artemisia dracunculus
L.-
 
Шыралшын жусан (Полынь 
эстрагон)
 
көпжылдық, ксерофит, 
голарктикалық 
тағамдық, арамшөп, эфир 
майлы, дәрумендік 
61/6 
Centaurea ruthenica 
Lam. - 
Орыс гүлкекіре (Василек 
русский)
көпжылдық, ксерофит, 
еуразиялық далалық 
бал жинайтын, майлы 
62/7 
Cichorium intybus
L.-
 
Кәдімгі 
цикорий (Цикорий 
обыкновенный)
 
көпжылдық, ксерофит,
 
палеарктикалық 
тағамдық, бал жинайтын, 
дәрілік, малазықтық, 
арамшөп 


68 
Шарын 
өзені 
жайылмасынан 
2019-2020 
жылдарда 
арнайы 
экспедициялар 
ұйымдастырып, жүргізілген зерттеу 
жұмыстарының 
барысында 2 бөлімге, 3 класқа, 25 тұқымдасқа, 51 туысқа жататын түтікті 
өсімдіктердің 62 түрін тауып тіркедік. Олардың ішінде жоғары сатыдағы 
споралы өсімдіктерден қырықбуындар (
Equisetophyta) 
бөлімі, қырықбуындар 
(
Equisetopsida
)
 
класы, қырықбуындар (
Equisetaceae
 
Rich.)
 
тұқымдасына 
жататын 1 түр бұтақты қырықбуын (
Equisetum ramosissima
Desf.) кездеседі. 
Флораның басым бөлігін жабық тұқымдылар (
Angiospermatophyta) 
бөлімінің 
өкілдері (61 түр) құрайды. Оның ішінде қосжарнақтылар (
Dicotyledoneae

класына 21 тұқымдас, 45 түр, ал даражарнақтылар (
Monocotyledoneae

класына 3 тұқымдас, 16 түр жатады.
Кесте 4 -
 
Шарын өзенінің жайылмасында
 
кездесетін жетекші тұқымдастар 
қауымдастығының таксономиялық құрамы 
№ 
Тұқымдас 
Түр саны 
Жалпы санының %-дық үлесі 

Poaceae 
Barnhart. 
14 
22,2 

Asteraceae 
Dum.
 

11,1

Salicaceae
Mirb.
 

11,1

Fabaceae 
Lindl.
 

9,5 

Chenopodiaceae 
Vent
 

6,5 
Барлығы: 
38 
61,3 

Қалған 20 тұқымдас 
24 
38,2
Жетекші тұқымдастарға 
Poaceae 
Barnhart.
, Asteraceae 
Dum., 
Salicaceae
Mirb., 
Fabaceae 
Lindl., 
Chenopodiaceae 
Vent
жатады. Жалпы осы 5 
тұқымдастың өкілдері Шарын өзені жайылмасының флорасының 61,3%-ын 
құрайды. Бірінші орында 
Poaceae 
Barnhart.
 
тұқымдасы 14 түрден тұрады 
немесе флораның 22,2%-ын құрайды. Екінші орында 
Asteraceae 
Dum. және 
Salicaceae
Mirb. тұқымдастары әрқайсысы 7 түрден тұрады немесе флораның 
22,2% құрайды. Үшінші орында 
Fabaceae 
Lindl. тұқымдасы 6 түрден тұрады 
немесе флораның 9,5%-ын құрайды, төртінші орында 
Chenopodiaceae 
Vent
тұқымдасы 4 түрден тұрады немесе флораның 6,5%-ын құрайды. Қалған 
тұқымдастардың әрқайсысында 2-ден, 1-ден түрлер бар. Олардың жиынтығы 
флораның 38,2%-ын құрайды (4 кесте). 
Сонымен қатар Шарын өзені жайылмасынан сирек кездесетін, эндемдік 
түрлердің 4-уін және 1 реликт түрді кездестірдік. Олар мыналар: 
Rosa iliensis 
Chrshan., 
Lonicera iliensis
Pojark., 
Berberis iliensis
M.Pop., 
Populus deversifolia
Schrenk.
және 
Fraxinus sogdiana
Bunge. Соның ішінде 
B.iliensis
және 
L.iliensis
түрлері Қызыл кітапқа енген. 
Өсімдіктердің 
экологиялық 
факторлардың 
жүздеген 
жылдар 
бойындағы әсері мен бейімделу реакциялары негізінде осы факторларға 
қарым-қатынастары және олардың сырт пішіні мен тіршілік формалары 
қалыптасқан [250]. Т.И.Серебрякова (1978) атап өткендей, бірдей жағдайда 


69 
әртүрлі тұқымдасқа, тіпті класқа жататын өзара туыстығы жоқ түрлерде де 
ұқсас тіршілік формалары қалыптасады [251-252].
Шарын өзені жайылмасындағы өсімдіктер жабынының тіршілік 
формаларын сараптау И.Г.Серебряковтың (1962) ұсынған жүйесі бойынша 5 
кестеде беріліп отыр.
Өсімдіктердің 
тіршілік 
формаларынан 
бірінші 
орында 
гемикриптофиттер, яғни көпжылдық шөптесін өсімдіктер басым келеді 29 
түрді (46%) құрайды. Екінші орында терофиттер, яғни даму циклы қысқа 
біржылдық және екіжылдық өсімдіктер 13 түрді (20,6%) құрайды. Үшінші 
орында макрофанерофиттер, яғни ағаштар 11 түрді (17,5%) құрайды. Ал 
микрофанерофиттер, яғни бұталар 9 түрмен (14,5%) төртінші орынды 
иемденеді.
Кесте 5 - Шарын өзені жайылмасында кездесетін өсімдіктердің негізгі 
тіршілік формаларының спектрі 
 
№ 
Тіршілік формасы 
Түрлер саны 
Абсолюттік саны 
%-дық үлесі 

Гемикриптофиттер 
29 
46 

Терофиттер 
13 
20,6 

Макрофанерофиттер 
11 
17,5 

Микрофанерофиттер 

14,5 
Барлығы: 
62 
100 
Түрлердің қазіргі уақыттағы ареалдарының сипаттамасына негізделген 
типологиялық талдаудың бір жолы ретінде географиялық талдау зерттеліп 
отырған жердің флорасының басқа флоралармен қаншалықты байланыста 
екенін көрсете алады. Сонымен қатар, бұл талдау арқылы түрлер 
миграциясының бағытын жорамалдауға болады, немесе осы флораның 
түрлермен толықтырылуының мүмкін жолдары туралы қорытынды жасауға 
меңзейді.
Сонымен қатар географиялық талдау флорасы зерттеліп отырған 
аймақтың ботаникалық-географиялық аудандастыру жүйесіндегі алатын 
орнын анықтаудың әдісі болып табылады [253].
Шарын өзені жайылмасының өсімдіктер жабынының географиялық 
ареалын В.П.Голоскоков (1984), М.С.Байтенов (1985), Н.К.Аралбаев (1997) 
еңбектерін басшылыққа ала отырып, т.б. еңбектердегі географиялық 
таралуын ескере отырып, географиялық ареал типтеріне топтастырылды (6 
кесте).
6 кестеде көрсетілгендей географиялық элементтері бойынша бірінші 
орында голарктикалық – 13 түр, жалпы пайыздық үлесі 21%, екінші орында 
палеарктикалық 11 түр, жалпы пайыздық үлесі 17,7%, үшінші орында 
тұрандық 7 түр, жалпы пайыздық үлесі 11,1%, төртінші орында 
космополиттер 4 түр, жалпы пайыздық үлесі 6,3% құрайды.


70 
Қалған түрлер таулы-сібірлік-ирандық, тұрандық-жерорта теңіздік,
еуразиялық далалық, таулы-сібірлік-таулы-жерорта азиялық, шығыс-
тұрандық, тұрандық-ирандық, таулы-жерорта азиялық-таулы-орта азиялық, 
ирандық-тұрандық, паннондық-қазақстандық, таулы сібірлік-тяньшандық, 
жоңғарлық-солтүстік тяньшандық, таулы-жерорта азиялық, монғол-тұран-
ирандық, жоңғарлық-шығыс тяньшандық, монғол-тұран-жерортатеңіздік 
географиялық элементтері 1-2-3 түрден тұрады. Олар флораның жалпы 
41,6%-ын құрайды. 
Кесте 6

Шарын өзені жайылмасындағы өсімдік түрлерінің басқа аймақтар 
флорасымен байланысы
№ 
Географиялық элементтер 
бір
-, 
екіжылдық
шө
птесін 
өсімдік
тер
көп
жыл
дық
шө
птесін 
өсімдік
тер
бұта

жа
рты
лай
бұта
ағашт
ар
барлығы
%
-дық 
кө
рсеткіші

голарктикалық 




13 
21 

палеарктикалық 




11 
17,7 

тұрандық 





11,1 

космополит 





6,3 

таулы-сібірлік-ирандық 





4,8 

таулы-сібірлік-таулы-
жерортаазиялық 





4,8 

тұрандық-ирандық 





4,8 

тұрандық-жерорта теңіздік 





3,2 

еуразиялық далалық 





3,2 
10 
ирандық-тұрандық 





3,2 
11 
монғол-тұран-ирандық 





3,2 
12 
жоңғарлық-шығыс тяньшандық 





3,2 
13 
шығыс-тұрандық 





1,6 
14 
таулы-жерорта азиялық-таулы-
орта азиялық 





1,6 
15 
паннондық-қазақстандық 





1,6 
16 
таулы сібірлік-тяньшандық 





1,6 
17 
жоңғарлық-солтүстік 
тяньшандық 





1,6 
18 
таулы-жерорта азиялық 





1,6 
19 
монғол-тұран-жерортатеңіздік 





1,6 
Ботаникалық-географиялық тұрғыдан келгенде Шарын өзенінің 
жайылмасында кездесетін өсімдіктер жабыны флорасының 19 басқа 
флоралық аймақтармен байланысының барлығы анықталды. Олардың 
ішінде голарктикалық, палеарктикалық, тұрандық элементтер айқын 
басымдыққа ие. Бұл сөз жоқ заңдылық.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің экологиялық талдаулары олардың 
қоректеніп тіршілік ететін ортасына, ортаның форма түзетін және 
физиологиялық маңызы бар, бейімделуін тудыра алатын факторларына, яғни 


71 
ылғалдылыққа, құрғақшылыққа, тұздылығына, ыстыққа қатынасына 
байланысты Шарын өзені жайылмасындағы өсімдіктер жабынын бірнеше 
экологиялық топтарға бөлдік.
Шарын өзенінің жайылмасында өсімдіктердің экологиялық типтерінен 
мезофиттер басымдылық көрсетеді. Олар флораның 41,3%-ын (26 түр) 
құрайды. Ксерофиттердің үлесіне флораның 30,2%-ы (19 түр) тиісті. 1 ғана 
түр 
Phragmites australis 
Trin. гидрофит болып табылады. 6 түр ксеромезофит 

Equisetum ramosissima
Desf., 
Asparagus soongoricus
Iljin,
Populus diversifolia 
Schrenk

Halimodendron halodendron 
(Pall.) Voss
.
,
 
Convolvulus arvensis 
L., 
Lonicera iliensis
Pojark., бұлар флораның 9,5%-ын, 4 түр мезоксерофит - 
Populus pruinosa 
Schrenk,
 
Atriplex nitens
L., 
Caragana kirghisorum
Pojark., 
Tamarix ramosissima
Ledeb, бұлар флораның 6,3%-ын, 4 түр галофит - 
Aeluropus littoralis
(Gouan.) Parl., 
Chenopodium glaucum
L., 
Chenopodium 
album 
L., 
Haloxylon aphyllum 
(Minkw.) Iljin
.
, бұлар флораның 6,3%-ын, 3 түр 
псаммофит - 
Haloxylon aphyllum 
(Minkw.) Iljin
.

Meniocus linifolius
(Steph.) 
DC., 
Peganum harmala
L., бұлар флораның 4,8%-ын құрайды (7 кесте).
Кесте 7 - Шарын өзенінің жайылмасында кездесетін өсімдіктердің 
негізгі экологиялық типтері 
№ 
Тіршілік формасы 
Түрлер саны 
Абсолюттік саны 
%-дық үлесі 

Мезофиттер 
26 
41,3 

Ксерофиттер 
19 
30,2 

Ксеромезофит 

9,5 

Мезоксерофит 

6,3 

Галофит 

6,3 

Псаммофит 

4,8 

Гидрофит 

1,6 
 
Жалпы кез-келген флораны зерттеу кезінде оны шаруашылықта тиімді 
пайдалану және өсімдік жабындысын сақтау мәселелері де көтеріледі. Бұл 
түсінікті де, себебі, флораны зерттеушінің алдындағы мақсаттың бірі болып 
практик-мамандардың назарын өсімдіктердің ресурсына, бүгінгі жағдайына, 
қолдану мүмкіндіктеріне, керек болған жағдайда қорғап-сақтау тәсілдеріне 
аудару болып табылады [254]. Сондықтан флораның құрамында әртүрлі 
шаруашылықта маңызы бар, бағалы өсімдіктер анықталады.
Шаруашылықтағы 
маңызына 
қарай 
Н.П.Павловтың 
(1942) 
классификациясы бойынша Шарын өзені жайылмасының өсімдіктерін 16 
топқа бөлдік [255]. Бірінші орында малазықтық өсімдіктер (25 түр немесе 
40,3%) тұрады. Екінші орында арамшөптер (16 түр немесе 25,4%), сонымен 
бірге арамшөптердің де бірқатарын малдар қорек жетіспеген жағдайда аздап 
жейді. 
Сондықтан 
малазықтық 
өсімдіктердің 
сандық 
көрсеткіші 
арамшөптердің есебінен біршама артады. Үшінші орында дәрілік өсімдіктер 


72 
(15 түр немесе 23,8%), төртінші орында сәндік өсімдіктер (14 түр немесе 
22,2%), бесінші орында техникалық өсімдіктер (9 түр немесе 14,5%) тұрады. 
Әрі қарай кему реті бойынша тағамдық, бал жинайтын (8 түр немесе 12,7%), 
эфир майлы, бояу алынатын өсімдіктер (6 түр немесе 9,5%), целлюлозалы-
қағазды (5 түр немесе 7,9%), отынға пайдаланылатын өсімдіктер, улы 
өсімдіктер, құрылыс материалы ретінде пайдаланылатын, дәрумендік, илік 
заттар мен талшық алынатын өсімдіктер (әрқайсысы 4 түрден немесе 6,3%) 
кездеседі (8 кесте).
Кесте 8 -
 
Шарын өзені жайылмасының өсімдіктерінің негізгі 
шаруашылықтағы маңызды топтары 
№ 
Шикізатты өсімдік топтары 
Абсолюттік саны 
%-дық үлесі 





Малазықтық 
25 
40,3 

Арамшөптер 
16 
25,4 

Дәрілік 
15 
23,8 

Сәндік
14 
22,2 

Техникалық 

14,5 

Тағамдық 

12,7 

Бал жинайтын 

12,7 

Эфир майлы 

9,5 

Бояу алынатын

9,5 
10 
Целлюлозалы-қағазды 

7,9 
11 
Отынға пайдаланылатын 

6,3 
12 
Улы 

6,3 
13 
Құрылыс материалы ретінде 

6,3 
14 
Дәрумендік 

6,3 
15 
Илік заттар алынатын 

6,3 
16 
Талшық алынатын

6,3 
Қалғандары шыны майы алынатын, тоқыма, көгалдандыруға, құм 
бекітуге 
пайдаланылатын, 
эрозияға 
қарсы 
тұратын, 
топырақты 
құнарландыруға, парфюмерияда қолданылатын өсімдіктер 1, 2, 3 түрлердің 
санымен сипатталады.
Пайдалы өсімдіктердің бірқатары кешенді қызмет атқарады. Атап 
айтсақ, 
Achnatherum splendens 
(Trin.) Nevski. малазықтық, тоқыма, 
целлюлозалы-қағазды 
алуда 
пайдалы. 
Phragmites 
austrialis
Trin. 
целлюлозалы-қағаз 
өндірісінде, 
құрылыс 
материалы 
ретінде 
қолданысқа ие, сонымен бірге малазықтық және эрозияға қарсы 
тұратын өсімдік ретінде де маңызды. 
Salix songarica
Andress. сәндік, илік 
заттар алынатын, техникалық, малазықтық,
Populus pruinosa
Schrenk. және 
P.diversifolia
Schrenk. өсімдіктері целлюлозалы-қағаз өндірісінде, 
құрылыс материалы ретінде қолданысқа ие. Сонымен бірге бұл 
өсімдіктерді сіріңкенің шиін, фанера жасауға пайдаланады, илікті 
заттар, бояу алынады, сәндік және эрозияға қарсы тұратын өсімдік 
ретінде де маңызды. 
Rosa Beggeriana
Schrenk., 
R.iliensis
Chrshan. 


73 
өсімдіктерінен «С» дәрумені және дәрілік препараттар алынады. 
Жемісінен және тамырынан илік заттар мен бояу алынады. 
Итмұрынның түрлері сәндік және эрозияға қарсы тұратын өсімдіктер 
ретінде де аса маңызды.
Glycyrrhiza uralensis
Fisch. дәрілік, тағамдық, 
(халва жасауда, сыра ашытуда), техникалық және эрозияға қарсы 
тұратын өсімдік ретінде аса құнды.
Elaeagnus oxycarpa
Schrenk. 
көгалдандыруда, құм бекітуде, топырақты құнарландыруда, құрылыс 
материалы ретінде, тағамдық, малазықтық, дәрілік, дәрумендік, бояу 
алынатын, илік заттар алынатын, бал жинайтын, парфюмерияда, 
целлюлозалы-қағаз алуда кеңінен қолданылады. 
Сондай-ақ, бірқатар сирек кездесетін, эндемдік өсімдік түрлері 
кездеседі. Оларға 
Fraxinus sogdiana
Bunge., 
Berberis iliensis
M.Pop., 
Lonicera 
iliensis
Pojark., 
Rosa iliensis
Chrshan., 
Populus diversifolia
Schrenk жатады. 
Бұлардың ішінде 
Fraxinus sogdiana
Bunge. өсімдігінен басқаларының 
барлығының популяцияларының қазіргі кездегі жағдайы қанағаттанарлық 
емес. Сондықтан да оларға мониторинг жүргізіп, тұрақты түрде бақылауда 
ұстау қажет. Мүмкіндігінше бұл өсімдіктерді популяциялық деңгейде терең 
зерттеп, олардың қазіргі кездегі жағдайына ғылыми тұрғыдан баға беру 
керек. Сонда ғана бұл өсімдіктерді қорғауға қатысты нақты ұсыныстар 
берудің мүмкіндігі туады. Бұл кезек күттірмейтін мәселе.
Шарын өзенінің жайылмасының өсімдіктер жабынының құрамында 
шаруашылық маңызы бар көптеген бағалы өсімдік түрлері анықталды. 
Олардың басым көпшілігінің пайдалану жолдары әрқилы.
Бұл негізгі пайдалы өсімдіктердің қорын анықтап, оларды тиімді 
пайдалану жолдарына нұсқау жасау, сонымен қатар кейбір өсімдіктерді 
жерсіндіру үшін олардың биологиясын зерттеу маңызды үлкен жұмыстардың 
бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет