Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет35/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

Poaceae 
Barnhart. тұқымдасынан тамырсабақты 
және атпа тамырлы өсімдіктер 
Phragmites communis
Trin., 
Elymus dahuricus
Turcz., сондай-ақ 
Apocynum lancifolium
Russan. және басқалары құрайды. 
Біржылдықтар өте аз, тек жақсы жарық түсетін жерлерден сораңның және 
таранның жекелеген түрлерін кездестіреміз. Түпті қоңырбастардан өте сирек 
Lasiagrostis splendens
(Trin.) Kunth. кездеседі, бірақ оның тіршілік жағдайы 
мұнда өте нашар. Айта кету керек, 
Phragmites communis
Trin., 
Apocynum 
lancifolium
Russanov. 
ылғалды жерлерде және бұталардың тығыз 
қопаларында 150-200 см, кейде одан да жоғары биіктікке жетуі мүмкін. 
Лианалардан популяция және ценопопуляция шегінде 
Cynanchum sibiricum
Willd., 
Clematis orientalis
L. кездеседі. 
Бұл ценопопуляцияға 10х10 м
2
өлшемді трансекта салынды. 
Трансектада 
Fraxinus potamophila
Herd. 7 данасын (көбінесе жас дарақтар), 
Elaeagnus oxycarpa
Schlecht. 3 данасын (1 - қураған, 1 - жартылай қураған, 1 - 
жас генеративті күйге жетпеген), 
Salix caspica
Pall. 2 бұтасын санадық. 
Бұталардан 
Berberis iliensis
M.Pop. 1 бұта, 
Tamarix ramosissima
Ledeb. 7 бұта, 
Rosa beggeriana
Schrenk. 1 бұта (жас генеративті және вергинильді дарақтар) 
санадық. 
Rosa iliensis
Chrshan. өскіндерін табу мүмкін болмады, алайда 
ювенильдік 3, имматурлық 3, виргинильдік 4, жас генеративтік 4, ересек 
генеративтік 4, қартайған генеративтік 2, субсенильдік 1, сенильдік 1 
дарақтарын кездестірдік.


60 
Екінші ценопопуляцияның
өсімдік жамылғысы шағанды-талды-бұталы 
ассоциациядан (ass. 
Rosa beggeriana, Rosa iliensis, Berberis iliensis-Salix 
caspica-Fraxinus potamophila
) тұрады. Жер бетін 100% өсімдіктер жабыны 
құрайды. Топырағы орманды-шалғынды жағалаулық. Жер бедері көлбеу, 
солтүстігінде жазық. Өсімдік жамылғысында 5 ярус байқалады: 
I-ші ярусты биіктігі 25-30 м 
Populus cathayana
Rehd (
P. talassica
Kom.), 
Fraxinus potamophila
Herd.,
II-ші ярусты биіктігі 4-5 м 
Salix caspica
Pall., 
Elaeagnus oxycarpa
Schlecht.,
III-ші ярусты биіктігі 3-3,5 м 
Rosa iliensis
Chrshan., 
Rosa beggeriana
Schrenk., 
Berberis iliensis 
M.Pop.,
IV-ші ярусты биіктігі 100-120 см 
Calamagrostis dubia
Bge., 
Deschampsia 
caespitosa
(L.) Beauv.,
V-ші ярусты 75-80 см 
Glycyrrhiza uralensis
Fisch. құрайды. Осы 
ценопопуляцияның шегінде 
Populus cathyana
Rehd., 
Fraxinus potamophila
Herd. және 
Tamarix ramosissima
Ledeb. жас дарақтары көп кездеседі. Бұл 
ценопопуляция учаскесі жайылманың төмендеуінде орналасқандықтан, 
мұнда топырақтың ылғалдылығы жайылманың биіктеу жерлеріне қарағанда 
едәуір жоғары. Шөптесін өсімдіктерден 
Asparagus soongoricus
Iljin., 
Apocynum lancifolium 
Russan., 
Cynanchum sibiricum
Willd. жиі кездеседі. 
Мұнда да 10х10 м

өлшемді бір трансекта салынды. Трансекта шегінде 
ағаштардан 
Populus cathyana
Rehd. 1 данасы, 
Salix caspica
Pall. 8 данасы 
кездесті. Бұталардан 
Berberis iliensis
M.Pop. 2 бұтасы, 
Tamarix ramosissima
Ledeb. 6 бұтасы, 
Rosa beggeriana
Schrenk. 2 бұтасы және бізді қызықтыратын 
сирек кездесетін және таралу аймағы шектеулі, эндемдік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет