53
2.2.5 Тамыр жүйесін зерттеу әдістері
R.iliensis
өсімдігінің тамыр жүйесін зерттеу тамырларды гидропульттан
су ағынымен жуу арқылы траншея әдісімен жүргізілді (Шалыт, 1960), оның
мәні келесідей: зерттелген өсімдіктің жанынан 15-20 см қашықтықта; ені 1,5-
2 м және тереңдігі тамыр жүйесінің ену тереңдігіне байланысты траншея
қазылды. Содан кейін траншеялардың алдыңғы қабырғасын сумен мұқият
суландырады. Тамыр жүйесін жуу алдында топырақ горизонттарын бөле
отырып, топыраққа сипаттама жасалады,
химиялық талдаулар мен
фитоценоздың геоботаникалық сипаттамасын жасау үшін әрбір горизонттан
үлгілер алынды [235].
Топырақ
горизонттарын
темір
бағанмен
(железным
колом)
сипаттағаннан кейін, өсімдіктердің қаңқалық тамырлары топырақтан
жартылай ажыратылады (кіндік және ірі жанама тамырлары). Содан кейін
өсімдіктің бүкіл тамыр жүйесі гидропульттан су ағынымен жуылады, әр
кесіндіде орташа есеппен әр түрден үш экземплярдан болады.
Тамырларды
толығымен жуғаннан кейін, өсімдіктің тамыр жүйесінің ену тереңдігіне
байланысты миллиметрлі қағазға әртүрлі масштабта эскиз жасалады. Содан
кейін салынған суреттер фотосуретке түсіріледі.
2.2.6 Топырақ үлгілерін анықтау әдістері
Бұл жұмыста далалық және зертханалық-аналитикалық зерттеу әдістері
қолданылды. Далалық зерттеу жұмыстарында
топырақтың морфологиялық
сипаттамасын нақтылау үшін топырақ кесінділері мен химиялық талдаулар
үшін генетикалық горизонттар бойынша топырақ үлгілері алынды
236
.
R.iliensis
өсімдігінің үш популяциясының (Шарын өзені жайылмасы,
Іле өзенінің жоғарғы ағысының жайылмасы, Іле
өзенінің төменгі ағысының
жайылмасы) өскен ортасының топырақ ылғалдылығы мен рН мәндерін
анықтап, бір-бірімен салыстыру үшін топырақ кесінділері жасалды.
Салынған топырақ кесінділері негізгі белгілері бойынша әртүрлі
горизонттарға ажыратылып, оларға сипаттама жасалды. Әр горизонттан
алынған топырақ үлгілері алдын-ала таза салмағы өлшенген алюминий
бюкстарға салынды. Топырақ үлгілерінің ылғалды салмағы (алюминий бюкс
+ топырақ үлгісі) бірден электронды таразымен анықталды.
Зертханада
ылғалды топырақ үлгілері 6 сағат бойы 105°С температурада кептіргіш
шкафта
құрғатылды.
Кептірілген
топырақ
үлгілері
эксикаторда
салқындатылып, олардың салмағы (алюминий бюкс + кептірілген топырақ
үлгісі) қайта өлшенді. Тәжірибелер үш рет қайталанып жүргізілді
237
.
Топырақтағы ылғалдылық мөлшері келесі формула бойынша есептелді:
Ылғалдылық % = (В1-В2)/(В2-В)*100%
В – бос бюкс салмағы;
В1 –топырақ + бюкс салмағы;
В2 – құрғақ топырақ + бюкс салмағы.
54
Топырақты горизонттарға бөліп,
сипаттама беру және топырақ
ылғылдылығын анықтау жалпы қолданылып жүрген тәсілдер бойынша
жүргізілді
238
.
Топырақтың рН мәнін анықтау үшін дистильденген су мен топырақтан
1:5 қатынаста топырақ суспензиясы жасалды: 20 г топырақ өлшеніп, үстіне 5
мл дистильденген су қосылды. Топырақтың рН көрсеткіші «CONSORT – C
931» құралының көмегімен 24,8°С температурада анықталды.
Топырақтың карбонаттылығын анықтау үшін 10% HCl қолданылады.
P
(HCl)
=1,19
m=pv
V HCl =
10гр(10%)
1,19
= 8,403
100 мл (dH
2
O) - 8,403 мл (HCl)
91,597 мл dH
2
O + 8,403 мл (HCl) = 100 мл
Топырақ үлгілеріне химиялық талдаулар «О.О.Оспанов атындағы
Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің
«Химиялық
талдаулар»
аттестатталған
зертханасында
жүргізілді.
Топырақтың химиялық талдаулары келесі әдістермен орындалды:
топырақтың гумус қабаты (қарашіріндісі) И.Тюрин бойынша, СО
2
карбонатты көмірқышқыл пикнометриялық, ГОСТ 26423-85
бойынша рН
мәні ионометриялық, жеңіл гидролизденетін азот Тюрин-Кононова бойынша,
жылжымалы фосфор Мачигин (МЕМСТ 26205-91) бойынша, жылжымалы
калий Протасов (ГОСТ 26205-91) бойынша, сіңірілген кальций (Са) мен
магний (Mg) Аринушкина әдісі бойынша Грабаров модификациясында,
сіңірілген натрий (Na) мен калий (К) Каратаев пен Маметов әдістері
бойынша Грабаров модификациясында, гигроскопиялық
ылғалдылығы бар
гранулометриялық құрамы Качинский бойынша орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: